Қамысқала ма, Ақмешіт пе, Қызылорда ма...

Сырдың жағасына қоныс тепкен көне Ақмешіт 1925 жылы Алаш жұртының астанасы атанды. Сол жылы Орынбордан басталған көш дария бойына аялдады. Бұл игі істің басы-қасында жүрген қайраткер жандар елдің жүрегі болған қалаға жаңадан атау беруді жөн көріпті. Осылайша дария бойындағы қалың қазақтың құтты қонысы Қызылорда деп аталды. Еліміздің бас қаласы болу мәртебесі небары төрт жылға созылып, одан кейін Алатау бөктеріндегі әсем қала – Алматы 70 жылдан астам уақыт бойы астана болды. Дегенмен Алаш баласы үшін Қызылорда жанына жақын, көзіне ыстық көрінер құтты мекен болып қала берді. Әрине, одан бері қаншама жылдың жүзі өтіп, замана заңы да өзгерді. Қазақ елі бостандық байрағын бекем ұстады. Қазіргі елордамыз қазақ даласының төріндегі Астана қаласына ауысқанына да 10 жылдан астам уақыт өте шығыпты. Көк туды көкте желбіреткен көпшілік большевик қауымының түсіне айналған қызыл сөзінен үрке қарайтын шаққа де жеттік. Қазақ елінің әлемдік картадан ойып орын алғанына 20 жылдан астам уақыт өткенімен, Қызылорда қаласы бәз-баяғы атауымен қалып қойды.
Қазіргі Қызылорда атауын өзгерту қа­жет­тігін айтып, ұсыныс білдірген кісілер аз емес. Алайда жергілікті жұрттың құлағына сіңісті болып қалған ба, қала атауын ауыстыруға байланысты ықылас таныта қой­майтындар да бар. Әйтсе де осы ұсы­ныстың отын үнемі үрлеп, қаузап жүрген жан­дар баршылық. Қызылордалық кә­сіп­кер Әбдірахман Еңсеген «көне шаһардың ата­уын өзгертетін уақыт жетті» дейді. Жер­гілікті басылым беттерінде өз пікірін біл­ді­ріп, өз алдына түтін түтетіп отырған ел үшін бұ­рынғы кеңестік атаулардан құтылудың ма­ңызды екені айтылып жүр. Оның пі­кі­рін­ше, Қызылорда атауы өз маңызын жойды, қа­зіргі заманның ағымына мүлдем сәйкес келе қоймайды. Сол себепті жергілікті ұлт өкіл­дері басым аймақтың бас қаласын жа­ңаша атаудың уақыты келді.
Көне Ақмешіт атауын қайтаруға ниет біл­дірген адамдар да бар. Әрине, көп­ші­лік­тің бұл жөніндегі пікірі бір арнаға то­ғы­сып отырған жоқ. Дегенмен Қызылорда атауы бүгінгі заманның талабына сай кел­мей­тінін айтатындар көп-ақ.
Жергілікті қаламгер Сайлаубай Жұба­тыр­ұлы қаланың ескі атауын қайтарар бол­сақ, онда Қамысқалаға қайта оралу керек деп есептейді. Себебі дария бойында 1818 жылы уығын тігіп, іргесін көтерген шаһар алғашқыда осылай аталған еді. Екі ғасырға жуық уақыт аралығында қаланың атауы бірнеше мәрте өзгерген болатын. Сондай-ақ Сырдария жағасында қоныс тепкен кө­не шаһарлардың атын қоюды ұсынып жүргендер де бар. Бұл өңірде Сығанақ, Сауран, Жанкент, Алтыасар секілді қалалар болған.
Әбдірахман ЕҢСЕГЕН, Қызылорда қаласының тұрғыны:
– Қалаға берілетін жаңа атаудың бір­неше нұсқасы болуы керек деп санаймын. Көне заманда дария Яксарт деп аталған. Сондай-ақ Тұран деген атау да бізге сәйкес келетін секілді. Ал қы­зыл сөзі бірден есіңе кеңестік кезеңді салады.
Иә, биылғы жылы еліміз Тәуел­сіз­діктің 20 жылдығы мерекесін аста-төк мереке есебінде тойлауды мақсат етіп отыр. Алаш жұрты ғасырлар бойы аң­са­­ған азаттық таңы атқанына ширек ға­­сырға жуық уақыт өте шығыпты. Осы­­­­лай көңіл демдегенмен, жұртшы­лық кө­ңілінде бұрынғы кезеңді қайта еске са­латын атаулардан құтылу жө­нін­де қарама-қайшы пікірлер жиі ай­ты­лады. Мәселен, Қызылорда атауы жө­нін­де 90-жылдардың орта ше­нінде кө­бірек қозғалған еді. Сол кез­де жер­гілікті басылым беттерінде жұрт­шы­­лық өз ой-пікірлерін білдірген. Алай­да ол көпке созыла қойған жоқ, ха­­лық на­рық­тың ауыртпалығымен алы­са­­мыз деп жүріп, бұл тақырыпты кейінге ысы­рып қойған. Соңғы жылдарда атал­мыш мә­селе қайтадан қозғала бас­та­ды.
Мархабат ЖАЙЫМБЕТОВ, Қызылорда қаласының әкімі:
– Қызылорда атауына үрке қара­ға­нымыз негізсіз секілді. Біріккен қос сөз де қазақтың тілдік қорында кездеседі. Оған біржақты қарауға болмайды. Мә­се­лен, қызыл жанып тұрған алауды, от­ты білдіреді емес пе? Көне тілімізде «ор­да» сөзі астана дегенді білдіреді. Сол себепті алдымен осы жағын да ой­лап алғанымыз артық емес. Қы­зыл­орда атауы жергілікті жұрттың жанына жа­қын, құлағына сіңісті болып қалған. Бұл атаудың қойылғанына 90 жылға таяп қалды.
Елдің арасында «Қызыл сөзіне үрке қараудың қажеті шамалы» дейтіндер де бар. Өйткені ол – қазақтың төл сөзі. Сыр өлкесі Қызылқұмды жағалай қонған дегенді айтады ендігі бірі. «Сол себепті Қызылордадағы қызыл сөзін соған қатысты деп санау қажет», – дейді олар. Сан-саққа жүгірген пікірлер осылайша бір жерге тоғысып жатқан жоқ. Бұл мәселені жабулы қазан күйінде қалдыруға бола ма? Өйткені оның қақ­пағы уақыт өте келе тағы да ашылып, елдің пікірталасына айнала берері даусыз. Сондықтан бүгінгі таңда өз бағасын алуы тиіс екені айдан анық.
Қала атын ауыстыру жайлы пі­кір­леріңізді «Алаш айнасы» газетіне жол­дауыңызды сұраймыз.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста