Қалалық соттың қазақшасы алға баспай тұр

Қалалық соттың қазақшасы алға баспай тұр

Екібастұз қалалық сотында іс жүргізу 2009 жылы толық мемлекеттік тілге көшті. Бірақ мемлекеттік тілде сот жүргізу алға баспай келеді: 2009 жылы қаралған 480 қылмыстық істің 12-сі, 7595 азаматтық істің 18-і ғана мемлекеттік тілде жүргізілген. Бұлай болуына, әрине, негізінен, талап-арыз берушілердің өздері кінәлі. Өйткені талап-арыз қай тілде берілсе, сот оны сол тілде қарауға, істі сол тілде жүргізуге міндетті.

Ендеше, жағдайды қалайша жақсартпақ керек? Осы сұраққа жауап іздеген Екібастұз қалалық сотының төрағасы Асланбек Мер­ға­лиев таяуда «Мемлекеттік тіл – қызмет тілі» тақырыбымен дөңгелек үстел ұйым­дас­тырып, түрлі сала тізгінін ұстаған аза­мат­тардың басын қосты. Дөңгелек үстелге Ас­тана қаласы әкімдігінің тілдерді дамыту бас­қармасының бастығы Оразгүл Асан­ға­зы­қызының, ҚР Жоғарғы Сотының Мем­ле­кет­тік тілді дамыту бөлімінің бастығы Қы­дыр­бек Әлқожаевтың, Павлодар облыстық со­тының тіл мәселесіне жауапты бас ма­маны Әлия Кулетованың қатысуы шараның сал­мағын арттыра түсті. Отырыста Оразгүл Асан­ғазықызы: «Егер сотта орыс тілінде жү­ріп жатқан істің ішінде бір-екі қағаз қазақ ті­лінде кетіп жатса, ештеңе етпейді. Еш­кім­нің «оның орысшасы қайда?» деп сұрауға қа­қысы жоқ», – деп қалды. Осыған орай, Екі­бастұз қалалық сотының судьясы Нұргүл Сәуленқызы:
– Судьялар сот жүргізген кезде белгілі бір заң нормаларына бағынады. Күні ертең біз орыс тілінде жүргізген істің құрамында қа­зақ тілінде бірді-екілі құжат болып, оның аудармасын талап етпесек, заң бұзғанымыз бо­лып шықпай ма? – деп айтылған жайды қай­талап сұрады. Оразгүл апай мұндай жағ­дайда жалтақтаудың жөн еместігін, тіпті Жо­ғарғы Соттың бұл мәселеге әлдеқашан оң баға бергенін атап өтті.
 «Атамұра» мәдениет орталығының әдіс­кері Торғын Апақова мемлекеттік қыз­мет­керлердің тіл үйрену сабақтарына дұ­рыс қатыспайтынын, басшылардың оларды қа­дағаламайтынын, көптеген кәсіпорында аударма ісін аудармашылар ғана «арқалап» жүр­генін айтты. Павлодар облыстық сот­ы­ның тіл мәселесіне жауапты бас маманы Әлия Мейрамқызы:
– Тіл үйренушілердің сабаққа дұрыс қа­тыспайтынына оқытушылардың өздері кі­нә­лі екендігіне көзім жетті. Себебі оларда із­деніс жоқ, неше жыл барсаң да, сабақтары бір сарында өтеді, – деді. Ойлап қарасақ, жа­ны бар сөз. Ал аудармашы мәселесінде Ас­ланбек Амангелдіұлының «Бізде ау­да­р­ма­шы тек түзетуші (корректор) қызметін ат­қарады. Өзге қызметкерлер өз құжат­та­рын өздері тәржімелемей, аудармашының мой­нына арта берсе, тілді қашан үйренеді?» дегенін неге үлгі тұтпасқа?!
Отырыс соңында дөңгелек үстелге қа­ты­су­шылар мемлекеттік органдар қыз­мет­кер­ле­ріне мамандардың функционалдық мін­дет­теріне өзгерістер енгізіп, мемлекеттік тілді бі­луін талап ету, қажет болған жағ­дай­да тіл кур­сын меңгергендігі туралы сер­ти­фи­каттарын қайтарып алу, тіл мәртебесін арт­тыру мақсатында жергілікті ба­сы­лым­дар­ға мақалалар беру жөнінде ұсыныс жа­сады.
Асланбек АМАНГЕЛДІҰЛЫ, Екібастұз қалалық сотының төрағасы:
– Қалалық қаржы басқармасынан, білім бөлімінен, салық басқармасынан істер түгелдей орыс тілінде түседі. Сот­та­лушы мен жәбірленуші – екеуі де қа­зақ болса, Екібастұз қалалық ішкі істер бөлімі қызметкерлеріне де, өзге­лер­ге де неге сотқа істі қазақша бер­меске?

Нұргүл СӘУЛЕН, судья:
– Біз талап-арыздардың екі тілдегі үл­гілерін әзірледік. Кез келген азамат бізден осы үлгілерді алып, сотқа арызды мем­лекеттік тілде беруіне болады.

Оразгүл АСАНҒАЗЫҚЫЗЫ, Астана қаласы әкімдігінің Тілдерді да­мыту басқармасының бастығы:
– Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған бағ­дар­ламасы аяқталуға жақын. Бірақ сот­тағы іс жүргізу көрсеткішінің 1,78 пайыз бо­луынан-ақ Екібастұзда бұл бағ­дар­ламаның жүзеге аспағаны көрініп тұр. Тіл мәселесінде түрлі сылтауды қоятын уақыт жетті. Қылышынан қан тамған кеңестік кезеңнің өзінде 70 ауданда сот ісі қазақ тілінде жүргені мәлім. Кейде «қа­зақ тілінде кей сөздердің нақты ба­ла­масы жоқ» деп жатамыз. Сөз жоқ емес, бар, қазақ тілінің аса бай тіл еке­нін өзге ұлттан шыққан талай ғалым мо­йын­дап, дәлелдеп те кеткен. Ал барды ұқ­сата, қадірлей білмеу – қазақтың өзі­нің бейқамдығы, жалқаулығы. Жұртқа та­лап-арызды қазақша беру қажеттігін ай­тып, насихат жүргізу қажет. Көшеде не­месе маңдайшаларда қазақша жар­на­ма қате жазылып тұрған болса, про­ку­ратура заң бойынша соны қате жазған адам­ды сотқа беріп көрді ме екен? Жоқ. Өйт­кені біздің түк көрмегендей, көзімізді жұ­мып жүре беруге етіміз үйреніп кеткен.

Құқыққорғаушыларға төл тарихы­мыз­ды білудің маңызы зор. Ол үшін ұлы тұлғаларымыздың мерейтойларын атап өтіңіздер. Бір мерейтойды прокуратура, екінші бір шараны қалалық сот атап өтсе, нұр үстіне нұр болмас па?! Сіздер тек соттау үшін ғана жаралған жоқсыздар ғой?! Әлде «Сот ештеңе өткізбесін, тек соттаумен айналыссын» деген заң бар ма?!
Елбасымыздың: «Тарихтың кез келген кезеңінде біздің ата-бабаларымыз өз аттарына кір келтірген жоқ», – деген сөзі бар. Ендеше, біз де ата-баба аманатын абыроймен арқалай білейік.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста