Путин сенсе де, біздің Қорғаныс министрлігі сенбейді...

Путин сенсе де, біздің Қорғаныс министрлігі сенбейді...

Ақтөбе облысының тұрғыны өзінің соғыс ардагері екенін қаншама жылдан бері дәлелдей алмай жүр. 88 жастағы Көпбай Тәжіғалиев бір жыл қан майданда болып, кейін төрт жылын жат жерде әскери қызметте өткізген. Ақсақалдың соғысқа қатысқанын тіпті Ресей билігі мойындап, жақында медальмен марапаттапты. Бірақ еліміздің шенеуініктеріне бұл аздық етіп отыр. Мұрағаттан қосымша құжаттар сұрап, қарияны сандалтып қойған, деп хабарлайды КТК.
Байғанин ауданында тұратын Көпбай ақсақал соғысқа 1944 жылы аттаныпты. Еуропа жерін азат етуге атсалысып теңізде әскери борышын өтеген. Еліне араға бес жыл салып оралады. Қиын күндердің артта қалғанына шүкіршілік еткенімен, бейбіт заманда еңбегінің еленбегеніне өкпелі.
Көпбай Тәжіғалиев, Ақтөбе облысының тұрғыны:
-Мені 1944 жылы майданға алып кетті. Австрия, Венгрияда соғыстық, Тынық мұхитында майданда болдық. Бірақ қазір менің еңбегімді ешкім бағаламай отыр. Әрине өкінішті.
Көпбай ақсақал қазір тыл ардагері ретінде есепте тұр. Ал соғысқа қатысқанын дәлелдеу үшін шенділер "Германияны жеңгені үшін" медалін сұратқан. Себебі соғысқа қатысқандардың барлығына кезінде осы марапат табысталыпты. Қарттың тегінде бір әріптен қате кетіп, онысы жақында қолына тиген екен. Тіпті Ресей президентінің қолы қойылған құжат пен арнайы медаль қоса табысталады. Бірақ қорғаныс саласының басшылары мұны да азсынып отыр.
Эдуард Тәжіғалиев, Көпбай Тәжіғалиевтың ұлы:
-Путин мұндай құрметті марапатты бекерден-бекер бермейді ғой. Демек ол әкемнің соғысқа қатысқанын растап отыр. Ал бірақ бұл біздің билікке аз секілді. Олар бізді мазақ қылып отырма, түсінбедім.
Өңірдегі қорғаныс департаментінің өкілдері Көпбай ақсақалдың полкы соғыс жылдары запаста болған дейді. Сондықтан енді осы бөлім жауынгерлерінің елді жаудан азат етуге қатысқанын растау қажет. Ал Ресей президенті жолдаған марапат пен анықтама дәлел бола алмайды екен.
Әмір Жұмағұл, Ақтөбе облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменттің бөлім басшысы:
-Ресей мұрағаттарынан сұрап жатырмыз. Жауап келген соң ғана нақты шешім шығады. Біз бұған дейін теңіз полкының запаста болғанын ғана білдік. Тағы қосымша мәліметтер қажет болып отыр.
Ресейге қайта жолданған сауалдың жауабы енді 2-3 айдың ішінде келуі керек. Ақсақал да соны зор үмітпен күтіп отыр. Көзінің тірісінде өзіне тиісті мәртебеге ие болсам деп армандайды.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста