Полицейлер планшет арқылы айыппұл салуда (видео)

Астананың полицейлері хаттама толтыратын планшеттерді сынақтан өткізуде, деп хабарлайды Baq.kz.

ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің төрағасы Бағдат Мусин Фейсбуктегі парақшасында айыппұл салудың жаңа жүйесі туралы видео жариялады.

«Өткен бейсенбіден бері Астанада жол полицейлерімен бірге Е-айыппұл жүйесін тестілеуден өткізудеміз. Комитет тарапынан дайындалған бұл жүйе жол сақшыларын қағазбастылықтан арылтуға негізделген. Комитеттің прокурорлары полицилейлермен бірге қаланы аралап, планшеттердің жұмысын, яғни жүйенің дұрыс істеуі сияқты нәтижелерге бақылау жасауда», - дейді Б.Мусин.

Оның айтуынша, қазірдің өзінде полицейлердің тарапынан осы жүйеге қатысты кері байланыс орнатылды. Кейбір функциялар өзгертулер енгізуді талап етуде.

«Мысалы, егер ережені бұзған адам хаттаманы толтырудан бас тартатын болса, онда куәгердің куәлік еткенін көрсететін, олардың құқық бұзушы туралы түсіндірмесін толтыратын жер қажет. Жалпы алғанда, жүйе жақсы жұмыс істеп тұр. Бұл жаңа жүйені полицейлер де, құқық бұзушы да жақсы қабылдауда. Полиция қызметкерлері үшін тіпті тиімді десе де болады. Олар жүргізушінің ЖСН енгізіп қана, өзіне қажетті барлық ақпараттарды ала алады», - дейді ол.

Планшетті қолдану арқылы полицейлер тек жүргізушінің куәлігі арқылы оның техникалық тексеруден өткені мен сақтандыру полюсі сияқты мәліметтерді құжатсыз-ақ көре алады.


 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста