Педагогикалық технология танылып келеді

Педагогикалық әдебиеттерде қандай да педагогикалық технологиялар сипатын айқындаушы көптеген термин ұшырасады. Мысалы, оқу-үйрену, тәрбиелеу, оқыту, білімдендіру және дәстүрлі технологиялар. Сондай-ақ бұл қатарға бағдарланған және проблемалы оқу технологиялары мен авторлық технология және т.б. кіргізуге болады.
Алғашқыда педагогтер «педагогикалық тех­­нология», оқу-оқыту және тәрбиелеу тех­нологиясы ұғымдарының өзіндік мән-ма­ғыналарына назар аудармай келді. Ал бүгінде педагогикалық технология оқу мен тәр­бие аймағындағы педагогикалық мін­дет­­тердің шешілуіне байланысты орын­да­латын педагог іс-әрекеттерінің бірізді жү­йе­сі ретінде танылуда. Осыдан педа­­го­гикалық технология мәні оқу және тәр­бие технологиясы ұғымдары мән­де­рі­мен салыстырғанда терең әрі ауқымды. Пе­дагогикалық технология – кешенді, бі­рі­гімді процесс. Ол өз құрамына адам­дар­ды, идеяларды, құрал-жабдықтарды, со­нымен бірге жоспарлау, қамсыздандыру, ба­ғ­алау және білім меңгерудің барша қыр­ла­ры жөніндегі проблемалар шешімін бас­қа­руды қамтиды. Ал оқудың педагогикалық тех­нологияларына өзінше сипаттама беруге болады. Оқудың дәстүрлі (қайта жасау-репродуктивті) технологиясы білім, еп­тілік және дағдыларды ұсынуға ба­ғыт­тал­ған. Ол өтіліп жатқан материалдың иге­рі­луін, қайта жасау деңгейіндегі білім са­па­сының бағалануын қамтамасыз етеді. Бұл – технологияның ежелгі түрі. Ол бүгінгі таң­да да кең таралған, әсіресе орта мек­теп­терде. Оның мәні – жаңаны игерту, бе­кіту, қадағалау, бағалау сұлбасы бойынша оқу процесін жүргізу. Технология негізіне та­бысты өмір тіршілігін қамтамасыз ете­тін­дей білім ауқымын анықтауға мүмкіндік бе­ретін және оны оқушыға жеткізу жолын кө­рсететін білімдік бағыт-бағдарлама (па­ра­дигма) алынады. Осыған орай оқу-оқы­ту­дың басты әдістері ретінде: көрнекілік жә­не онымен бірге жүретін түсіндіру, оқу­шының жетекші іс-әрекеттері, басты талап жә­не тиімділіктің негізгі көрсеткішіне иге­ріл­генді қалдықсыз қайталап жаңғырту еп­тілігі алынады. Мұғалім қызметтері тү­сін­діру, әрекеттерді көрсету, оқушылардың орын­дағандарын бағалау және рет­теу,түзету екендігі белгілі. Дәстүрлі оқу жү­йе­сін жаңалау бағыты (модернизация) оқу­шы іс-әрекетінің белсенділігін көрсету жә­не жеделдестіру технологиясы – мұғалім мен оқушы арасындағы қатынастарды адамиластыру мен демократияландыру негізінде жасалған технология. Ал модуль­дік оқу дәстүрлі білім игеру жүйесімен бай­ла­ныста пайдаланылуы мүмкін. Модульдер оқу жүйесінің қалаған ұйымдастырылу фор­масында орын тауып, оның сапасын жақ­сартуға және тиімділігін арттыруға қол­данылуы ықтимал. Шоғырластырылған оқу технологиясы педагогикада ежелден та­нымал пәнге шомдыру әдісіне негіз­делген. Бұл – технология жақтастарының пі­кірі, оқудың дәстүрлі сынып-сабақтық жүйесінде бағдарламалар мен оқулықтарға сәйкес берілетін оқу мазмұны бөлім, тақы­рып, параграфтарға бөлшектеніп, өз ал­ды­на шартты дербестенген ауқымда ұсы­ны­лады. Осыдан оқушылардың жеке пән­дерден алатын білім, ептілік, дағ­ды­лары жай қалыптасады.

Б.М.Назарбекова Талдықорған қаласы

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста