Facebook қолданушысы Серік Әлиұлы жеке куәлік алудың қиыншылықтарына тоқталып, желіде жазба қалдырды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі деп Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.
Автор жеке куәлік алуда кездесетін кедергілерге ашынып, шеттен келген қандастарға оңтайлы нұсқа дайындауды сұрады.
“Казах емес, қазақ болғым келеді! Ұлттық дәстүрге байланысты жеке куәлігімді қазақшалайын, тегімдегі "вич", "ов" деген жалғаулардан құтылайын деген оймен Теміртау қаласы ХҚКО-на бардым. Футбол басталды. ХҚКО маған Өзбекстанда туылғаным үшін миграциялық полицияға баруым керектігін айтты. Миграциялық полиция АХАТ бөліміне жіберді. АХАТ бөлімі мен 20 жыл бұрын көшіп кеткен Өзбекстанға сұрау жібереді екен.
Ондағы мамандар жыл басынан бері сұрау жіберген, бірақ тұжырымды жауап келмеген бір бума өтінішті көрсетті. Іс қағаздары латын әліпбиіне көшіп кеткен Өзбекстан Республикасы 20 жыл бұрын көшіп кеткен азаматына ондай анықтама бермейді. Осы мәселені ҚР Ішкі істер министрлігі мен Азаматтарға арналған үкімет бірігіп, көрші мемлекеттерден келген қандастар үшін оңтайлы жағын қарастырса болмас па екен?”, – деп жазды Серік Әлиұлы.