Өскеменде оқушылар үшін қажетті мамандық таңдауға жол ашатын жаңа әдіс қолға алынды. Бүгін Республика алаңында «Мамандығым – мақтанышым» акциясы өтті.
Акция облыста қажетті мамандықтарды насихаттау мақсатында ұйымдастырылды. Ол оқушылар мен олардың ата-аналарына бағытталған. Осындай қажетті мамандықты оқып жатқан болашақ құрылысшы Зарина Қабылданова мамандықтар тізімінің таныстырылымын жасады.
Орталық алаңда орналастырылған 40-қа жуық шатырда әлеуметтік маңызы бар мамандықтар тізімі қойылған. Оның ішінде аграрлық сала, металлургия, энергетика және құрылыс салалары бар. Оларға Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында барынша көңіл бөлінген. Сондай-ақ жұмысшы мамандықтарға мемлекет тарапынан «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы аясында қолдау көрсетілген.
Бердібек Сапарбаев, Шығыс Қазақстан облысының әкімі:
– Бұл акция алғаш рет өткізіліп отыр, бұл өзінің жалғасын табады. Менің ойымша, бұл акцияны көктемде тағы өткізуіміз керек. Келесі оқу жылында мамандық дайындаған кезде жастарымыз қателеспес үшін.
«Жол картасы» бағдарламасы аясында 15 мың адам жаңа мамандықты меңгерген. Ағымдағы жылдың қыркүйек айынан бастап жұмыспен қамту бағдарламасына сәйкес, қосымша тағы 3 мың маман оқытылмақ.
Ольга Кузовлева, Шығыс Қазақстан облыстық Әлеуметтік бағдарламалар және жұмыспен қамту басқармасының бастығы:
– Өздеріңіз байқағандай, қазір құрылыс бүкіл қалада, елімізде және біздің аймақта да қарқынды жүріп жатыр. Бізге сырлаушы, сылақшы, қалақшылар жетіспейді. Металлургия өндірісі саласында мамандар тапшы.
Өскеменде «Мамандығым – мақтанышым» акциясы өтті
Последние статьи автора