Орден бастыққа, мақтау қағаз қызметкерге қашанғы беріле береді

Орден бастыққа, мақтау қағаз қызметкерге қашанғы беріле береді

Ел өміріндегі елеулі даталар, мереке-мейрамдар қарсаңында еселі еңбегімен көзге түскен немесе ерен ерлік жасаған азаматтарды марапаттау бұрыннан бар жақсы дәстүр. Мұндай жандар мемлекет пен қоғам тарапынан бағаланып, істеген ісіне қарай марапатын алып жатса, әрине, қуанасың. Дегенмен, соңғы жылдары белең алған бір жағымсыз үрдісті де айтпай кетуге болмайды. Ол – осы марапаттар мен наградалардың әділ берілуі хақындағы «Алаш айнасы» интернет-газетінің тілшісі әңгіме қозғап еді.
Жасыратыны жоқ, орден-медальдың көбі қазір шендіге бұйыратын боп кетті. Кімнің лауазымы жоғары болса сол наградаға ұсынар кезінде өз басын еш ұмытпайды. Бастыққа кадр қызметі бағынышты болғандықтан олар «ләппай, тақсыр!» демегенде қайтсін. «Өзі ұялмаған кісінің бетін шиедей қылады» деген осы-ау. Содан келіп кеңседе отырып, «кемеңгерлікпен» ұжым басқарған бастыққа орден алу кезекті жағымды жұмысқа айналғандай. Ал қатардағы қызметкерге «алғыс хат» деп аталатын қатырма қағаз бұйырады. Мүмкін мәселе медаль мен «алғыс хат» да емес шығар. Байдың асын қызғанып тұрған біз жоқ. Шынымен еңбегі сіңсе бастық орден алмасын деген ереже еш жерде жазылмаған. Бірақ, еңбегі сіңбей, ұжымына «әй, кәпір» атанған адам болса, «өй, соны қойшы» дейтін сөздің шығатыны анық. Олай болса әділдік дейтін айна-қатесіз қағиданы қайда қоямыз сонда?
Марапаттаудағы «қызықтар» әсіресе күштік құрылымдарда айқын сезіледі. Мереке қарсаңында төтенше жағдайлар басқармасында өткен марапаттауға куә болдық, Алдымен «алғыс хаттарға» кезек тиді. Алып жатқандар өңкей қатардағы қызметкерлер. Бірі өрт сөндіруші, бірі құтқарушы, бірі сүңгуір...Бір сөзбен айтқанда күнделікті «қара» жұмыстың қазанында қайнап жүретіндер. Бұлар қаншама адамды өрттен алып шықты, судан құтқарды, қар құрсауынан босатты...Олардың еңбегіне, ерлігіне сай ма осы марапат? Олар бұдан да жоғары наградаға лайықты емес пе? Өкінішке қарай, ол мәселеге ешкім тіпті бас қатырмаған да секілді.
Ал орден-медальға кезек келгенде кемі капитан-майор, алды полковниктердің есімдері атала бастады. Кейбірінің омырауы орден-медальдан көрінбейді. Құдды бір бейбіт күнде ерлік жасаған адамдардай алшаң басып барып алып жатыр. Тіпті біреуіне қатарынан екі медаль тапсырылғанда зал толы төтеншеліктер төмен қарап кетті. «Кеңседе отырып осылар неге ала береді», «медальға тоймайды екен», «неге шын батырларға берілмейді» деген сыбыр-күбір әңгіме зал ішінде әредік естіліп қалды. Тағы бір таң қалғанымыз, бейбіт күнде ерлік жасаған қарапайым азаматтардың мүлде ескерусіз қалғандығы. Өз өмірін қауіп-қатерге тігу кез-келгеннің қолынан келе бермейді. Ендеше, олардың есімдері осы жиында аталып, тиісті марапаттарын алулары керек еді. Алайда олай болмай шықты.
Ұят та болса мойындауға тура келеді. «Орден-медальды сатып алдым» дегендер де кездесуде. Үлкен марапаттау жиынынан шыққан бір кәсіпкер көкеміз ренжіп тұрды. Себебін білмек болып әңгімеге тартқанымызда ашуланып тұрып былай деді: «Осы орденді (анау-мынау емес «Құрмет» ордені) алғым келмеп еді. Наградаға ұсынғандар алуыңыз керек деп қоймады және бағасын да айтты. Содан амалсыз ақшасын төлеп (!) сатып алуға тура келді» деді ол. Екінші бір көкеміз ел үшін елеулі іс тындырып тастамаса да қалайда награда алудың жолын іздеп жүр. «Ол үшін қанша ақша төлеуге де дайынмын. Достарыма, отбасыма мақтанып көрсетемін» деп қояды.
Жағамызды ұстадық. Бұл қалай болғаны? Адал еңбекке, кіршіксіз қызметке берілуі тиіс награда біреулердің бизнесіне айналып кеткені ғой сонда. Ұлы Отан соғысында немесе тылда ерен ерлік көрсеткен, еселі еңбек еткендердің аққан қаны мен төккен тері үшін алған марапатының құнын кетіру, құрметтемеудің белгісі ғой бұл деген. Сіз қалай ойлайсыз, оқырман?

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста