Оралман «Қоныстану куәлігін» алып келсе, қағазбастылық азаяр еді

Құрметбек САНСЫЗБАЙҰЛЫ, Көші-қон комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті директорының орынбасары:

– Құрметбек мырза, бүгінгі таңда Алматы облысы аумағына шетелдерден қанша қандастарымыз көшіп келді? Олардың әлеуметтік мәселелері қалай шешімін тауып жатыр?
– Елбасымыздың сындарлы саясаты арқасында бүгінгі таңда елімізге бір миллионға жуық қандастарымыз оралды. Соның ішінде Алматы облысына 22 елден 123 693 оралман көшіп келді. Олардың шешілмей отырған әлеуметтік мәселелері де жоқ емес. Мен осы саланың өтпелі кезеңде бастан кешкендері мен алдағы уақытта болар деген жағдайларын сарап­тай келе, мынандай ой-пікір айтар едім: оралмандардың әлеуметтік мәселесі қордаланбас үшін мемлекетіміз мына мә­се­лелерді жедел шешіп беруге атса­лысса құба-құп болар еді. Біріншіден, қан­дастарымыз сол елдердегі ҚР Ел­шілігінен, консульдық бөлімдері­нен «Қо­ныстану куәлігін» алып келсе. «Қоныстану куәлігінде» ұлты, отбасы құрамы, сол елдің азаматтығынан шыққандығы ту­ралы мәлімет жазылып келсе, қағаз­бас­тылық азайып, «Оралман» деген мәртебе берудің де қажеттілігі бола қоймас еді. Екіншіден, аудан орта­лығына, ауылдар­ға көшіп келген қандастарымыздың құ­жаттарын тіркеу, жұмыспен қамту, баспана мәселесін ауыл әкімі шешетін болса. Өйткені өз ауылына қанша оралманды қабылдау және де біріккен жүйеде алдын ала баспана салуға қандай мүмкіндіктер барын әкімдер ғана жақсы біледі. Яғни облыс әкімдігі аудан, қала әкімдіктерінен алдын ала осындай мәліметтер алып, осы тапсырысты Көші-қон комитеті арқылы Үкіметке ұсынып, шешім қабылданар болса, дұрыс болар еді. Үшіншіден, Көші-қон комитеті тек ағымдағы жылда келген оралмандар­ды орналастырумен емес, келер жыл­дардағы келетін қандас­тарымызды қай облыстың елді мекендеріне алдын ала келісілген біріккен жүйедегі тәртіп бо­йынша орналастыру мәселесімен ай­налысуы керек. Төртіншіден, Облыс­тық көші-қон мекемесі облыс әкімдігінің штатына беріліп, аудан, қала әкімдерімен күнделікті бірлесе қызмет атқарып, ағымдағы жылы келген оралмандарды орналастыру мәселесімен тұрақты айна­лысса екен. Сонда қан­дас­тарымыздың әртүрлі мәселелерін ше­шетін сегіз-тоғыз мекеме облыс әкімдігінің басқаруын­да болып, бір-біріне сілтемелеу деген болмас еді. Келген қандастарымыз да әуре-сарсаңға түсіп, сандалмас еді. Қа­лай десек те, оралмандардың әлеу­меттік мәселесін қанағаттандырып, ше­шетін тек әкімдіктер екені рас.
– Көші-қон саласында орын алып жатқан заңбұзушылықтар жайы жиі әңгімеге арқау болып жатады. Сіздерде де осындай келеңсіз жағдайлар кездесе ме?
– Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитетінің төрағасы Қабылсаят Әзімбайұлы көші-қон саласындағы сыбайлас жемқорлықты болдырмау жолында біраз іс-шара­лар атқарды. Ол өз нәтижесін берді деп айта аламын. Бірінші кезекте жалған дип­лом арқылы балл жинап, квотаға кіретіндерді тоқтатты. «Оралман деректі қоры» бойынша отбасы мүшелері балл жинай алмаса да, оралмандардың көшіп келу квотасына енуіне рұқсат бергізді. Оралмандарды делдалсыз қабылдау тәр­тібін қалыптастырды.
Бөлінген қаражаттарды толығымен алған соң ҚР азаматы куәліктерін алмай, бұрынғы келген еліне қайтып кеткендер және отбасы мүшелеріне қосымша жал­ған құжаттар тапсырып, сыбайластықпен квота алғандар Алматы облысында жоқ деп айта алмаймын. Кейбір осындай мәселелерді заң орындары тексеріп анықтап жатыр.
– Жоғарыда «Оралман деректі қо­ры» дегенді тілге тиек еттіңіз. Осы жайында толығырақ айтып кетсеңіз.
– «Оралман деректі қоры» – 2006 жылдан басталған бағдарлама. Қазіргі кезде толығымен жұмыс істеп тұр. Кезінде жалған құжаттар жасап, отбасына адам санын қосқандар, екі қайта квота алғандар осы бағдарлама бойынша айқындалу­да. Алды ұсталып, істі болды. Қаншама оралмандар алған артық ақшаларын қайтарды. Бұл жұмыс әлі де жалғасуда. Осы бағдарлама арқылы соңғы жылдары келген әрбір оралман жайында ақпаратты нақты білуге болады. Жеке өз басым соңғы екі жылда алдыма негізсіз келген қырықтан астам отбасы құжаттарын қай­тарып жібердім.
– Құрметбек Сансызбайұлы, соңғы кездері «Көші-қон департаменті мен көші-қон полициясы қосылады» деген әңгіме айтылып жүр. Бұл қаншалықты негізді? Бұған сіздің көзқарасыңыз қалай?
– «Қазақстан Республикасында құқық қорғау қызметі мен сот жүйесінің тиім­ділігін арттыру жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкі­метінің 2010 жылғы 30 қыркүйектегі №1009 қаулысына сәйкес, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеу­меттік қорғау министрлігінің Көші-қон ко­митеті Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жаңадан құрылған көші-қон полициясы комитетіне функциялары беріле отырып, таратылатынын естідік. Комитет қосылған соң облыстық депар­таменттердің де қосылып, бір мекеме болары заңды құбылыс қой. Ары қарай қандай құрылымда қызмет атқара­тынымыз «Халықтың көші-қоны туралы» жаңа заңы, ережелері бойынша айқын болар. Өз ойымды айтар болсам, көшіп келген қандастарымызды уақытша және тұрақты тіркеуге алу, оралман мәртебесін беріп, квотаға енгізу, Қазақстан Респуб­ликасының азаматтығына жедел қабылдау және статистикалық мәліметтер бір ға­на мекеменің қолынан шықсын деген шешімнен туындаған болар деп ойлай­мын. Яғни енді келген қандастарымыз екі-үш айдың ішінде ҚР азаматтығын алып, Үкіметтен белгіленген көмектерге азамат ретінде жедел қол жеткізу мүмкіндігіне ие болары хақ. Жалпы, «Халықтың көші қон туралы» заңы ол тек оралмандар үшін ғана бекітілген заң емес. Қазақ елінің шекарасынан кім, қай ұлт, ұлыс өкілі кіріп-шыққаны, көшіп кеткені және ішкі көші-қонға байланысты туындайтын барлық мәселе, іс-әрекет көші-қон полициясының күнделікті қатаң бақылауында болуы – ел қауіпсіздігі үшін де аса маңызды мәселе.
Ашық әңгімеңізге алғыс айтамыз.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста