Оралда тұрғын үйлердің жертөлесін су басты

Орал қаласындағы көпқабатты үйлердің бірінің тұрғындары жертөлені және бірнеше үйдің астын еріген қар суы басып жатқанын хабарлады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі "Мой город" порталына сілтеме жасап жазды. 

Басылымның мәлімдеуінше, редакцияға қаладағы Мөңкеұлы көшесі, 97/4 үйдің тұрғындары хабарласқан. Олар Саратов тас жолы каналдарындағы еріген қар суы тұрғын үйлердің жертөлесін басып жатқанын жеткізген.

 

Тұрғындардың айтуынша, бұл - жертөлесін су басқан жалғыз көпқабатты үй емес.

 

"Тілшілер анықтағандай, су аталған ықшамаудандағы біраз үйге жеткен. Қазір аумақ бойынша БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жұмыс істеп, суды мотопомпалар арқылы тартылып жатыр",- деп жазады басылымы.

 

 

Орал қалалық Төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Амангелді Ешмұхановтың айтуынша, биыл топырақтың 1,5 метр биіктікте қатты қатуына байланысты еріген қар суы жер бетінде қалған.

 

"Зашағандағы Саратов тас жолының бойында су тарту жүйесі бар. Канал суға толып кетті. Қазір еріген суды айдап, Анискино көліне құятын қуатты мотопомпалар орнатып жатырмыз. Каналдан су төгіліп, көпқабатты үйлерге жетті", - деді Ешмұханов.

 

 

Айта кетейік, Батыс Қазақстан облысындағы аудандардың бірінде су тасқынына байланысты жергілікті ауқымда табиғи сипаттағы төтенше жағдай режимі жарияланған еді.

 

 

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста