ОҚО-да секс жанжалмен қызметінен кеткен басшының орнына қайтадан келуі үлкен дау туғызды (видео)

ОҚО-да секс жанжалмен қызметінен кеткен басшының орнына қайтадан келуі үлкен дау туғызды (видео)

Биыл мамыр айында ОҚО Дін мәселелерін зерттеу орталығы басшысына қатысты орын алған секс жанжал тағы да жалғасын тапты.

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды. Фейсбукте Айгүл Орынбек жүктеген видеода Дін мәселелерін зерттеу орталығының басшысы Нұржан Тұрсынбайдың соттың шешімімен қызметіне қайтадан келгенін байқауға болады.

Әйтседе, оның өз орнына қайта келуіне діни орталықтың барлық ұжым мүшелері бірауыздан қарсы болып отыр. Мына видеода орталық қызметкерлері наразылықтарын білдіріп, қайтып келген басшыға қарсы екендіктерін айту үшін жиналған.

Мысалы, олардың бірі дау шыққан кезде арнайы құрылған комиссия мүшелеріне жеке жеке түсінік бергендерін және бұл адаммен бірге жұмыс істеуге қарсы екендіктерін тағы да қайталайтынын айтуда.

Екінші азамат болса, «терроризм, экстремизммен күрес мәселесі күн тәртібінде тұрғанда бұл кісімен қайтадан соттасып, ырың-жырыңға түсетін жағдай жоқ. Бұл кісі 2016 жылдан келгелі бері ұжымда ынтымақ жоқ, екіге бөліну болып кетті. Енді сол тағы қайталанады»,- дейді.

Ұжым мүшелері соңына наразылықтарын білдіріп, орындарынан тұрып кетті. Қазіргі кезде олар барлық құзырлы орындарға арыз жазып жатқан көрінеді.

Еске салсақ, маусым айында ғаламторда әлдебір адамның жас келіншекпен анайы түрде жыныстық қатынасқа түсіп жатқан видеосы тарады. Ондағы ер адамның түр келбеті ОҚО Дін мәселелерін зерттеу орталығының бастығы Нұржан Тұрсынбайға ұқсайтын. Әлеуметтік желіге кең тарап, шу шығып кеткен соң Нұржан Тұрсынбай мырза қызметінен кеткен болатын. Даулы видеоны фейсбукке дінтанушы Нұржан Тұрсынбайдың атын жамылған белгісіз адам жүктеген.

Аймақта орын алған келеңсіз оқиғадан соң ОҚО дін істері бойынша басқарма басшысы Батырбек Жалмұрзаев та орнын өз еркімен босатқан еді

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста