Нұр-Сұлтан тұрғыны Марго есімді секс-қуыршақпен байланысымен танымал болды. Ол қуыршағымен ақыры шаңырақ көтерді.
 
Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы 365info.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
 
Үйлену тойы барлығы секілді өтті. Неке жүзігі, шампан және ғашықтардың қуанышты жүздері.
 
Қуыршақтың үстінде көздің жауын алатын ақ көйлек болса, ал күйеу жігіт қара түсті смокинг киген.
 
Жас жұбайларды қолдауға көптеген адамдар жиналды. Юрийдің достары мен туыстары құттықтап әрі ерлі-зайыптыларға ұзақ отбасылық өмір тіледі.
 
Үйлену тойы елордадағы мейрамханалардың бірінде өткен. Ол жерде қонақтар көңіл көтеріп, аңызға айналған әндерге билеген.
 
Желі оқырмандары Марго мен Юрийге бақыт тіледі.
 
"Енді мен бәрін көрдім ...", "Ең болмағанда біреудің бақытты некеде өмір сүретініне қуаныштымын", "Осыған да жеттік", "Деградация", "Ғасыр тойы", - деп пікір қалдырды желі оқырмандары.
 
 
Толочко үйлену тойы туралы көктемде айтқан болатын, бірақ, карантинге байланысты жасай аламаған еді.