Нотариустар қазақша «сөйлейтін» болады

«Нарық заңы» деп қызметақысына ойына келген бағаны қоя беретін жекеменшік нотариустар енді тізгін тартатын болады. Өйткені оларға басқа емес, мемлекеттік нотариустар мығым бәсекелес болғалы тұр. Кеше Конституция күні қарсаңында Әділет министрлігі Астана қалалық әділет департаментінде Мемлекеттік нотариус кеңсесі ашылды. Салтанатты рәсіммен тұсауын кескен жаңа мекеменің алғашқы тұтынушылары заттай сыйлықтарға да ие болды.

Негізі, мемлекеттік нотариус бүгін ойлап табылған жаңалық емес. Бұрын да жұмыс істеген. Бірақ жекеменшік нотариустар саңырауқұлақтай қаптағанда, бәсекеден бас көтере алмаған олар жұмысын тоқтатуға мәжбүр болыпты. Астана қалалық Әділет департаменті берген ақпараттарға қарағанда, елордадағы ең соңғы мемлекеттік нотариус 2007 жылы жабылып тынған. Енді сол мемлекеттік нотариустар Әділет министрлігінің тапсырмасымен қайта ашылып отыр. Өйткені ол – тұтынушы қоғам талабы. Астана қалалық әділет департаменті бастығының міндетін атқарушы Гүлия Қайсенованың айтуынша, мынадай экономикалық дағдарыс кезінде қолға алып отырған қадам қарапайым жұрт үшін өте тиімді. «Өйткені, – дейді Гүлия Қайсенова, – мемлекеттік нотариустар тек қана мемлекет белгілеген салық кодексінің ставкілері бойынша баж алады». Бұл – мемлекеттік нотариустардың қызмет бағасы әлдеқайда арзан болады деген сөз. Бір ғана мысал, егер сіз зейнетақы алу үшін сенімхат жасатуға жекеменшік нотариустарға 1000 теңгеден артық ақша төлесеңіз, мемлекеттік нотариусқа 125 теңге ғана төлейсіз. Ал Салық кодексіне сәйкес, Ұлы Отан соғысының ардагерлері, мүгедектер мен көпбалалы аналар баждан босатылатындықтан, мемлекеттік нотариус қызметі олар үшін тегін болмақ.

Мемлекеттік нотариустардың тағы бір артықшылығы, қазақтілді азаматтардың құқын қорғап, нотариустар әлемінің құжаттамасын мемлекеттік тілге көшіретін болады. Яғни олар қазақ тілінде де жұмыс істейді. Әділет департаменті қызметкерлерінің айтуынша, бұл шара – тек үлкен істің бастамасы ғана. Мұндай кеңселер келесі аптадан бастап, барлық облыс орталықтарында ашыла бастайды. Болашақта тіпті аудан мен ауылдық жерлерде және халыққа қызмет көрстету орталықтарында да мемлекеттік нотариустар жұмыс істейтін болады. Кешегі жиында Әділет министрлігінің осы мақсаттарға қосымша қаражат бөлуді көздеп отырғаны да мәлім болды.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста