Алматылық бойжеткен жезөкшелік жолмен айына 200 мың теңге табатынын жасырмай айтып берді. Ләззат есімді ару болашақта жасанды пәктік тіктіріп, жақсы жігітке тұрмысқа шығатынын да жайып салды деп хабарлайды "Danny Y" есімді блогердің Youtube парақшасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Видеода бет-жүзін жасырған Ләззат жеңіл жолмен тапқан табысының түкке жетпейтінін де жеткізді.
"Айына 200 мың теңгедей ақша табамын. Бірақ, тапқанымның қайда кетіп жатқанын білмеймін. Жеңіл жолмен келген ақша жеңіл жолмен кетіп жатыр. Мен адал жолмен жұмыс істеп, ақша тапқым келеді. Қазір де жұмыс іздеп жүрмін.
Бірақ осындай оңай жұмыс істеп үйренгеннен кейін басқа жұмысқа тұрсам, ары кеткенде 1-2 апта ғана жүремін. Шыдай алмай, ол жерден шығып кетемін", - дейді.
Сондай-ақ, жеңіл жүрісті ару өзге ұлт өкілдеріне де қызмет көрсететінін жасырмады.
"Шетелдік азаматтардан көбінесе түріктер, әзірбайжан, орыс, кәрістер. Осы жұмысқа түскенде үлкен кісілер мен өзге ұлттарды қаламайтынмын. Жиіркенішті", - дейді Ләззат.
Алматылық ару уақыты келген сәтте жасанды пәктік салдырып, тұрмысқа шығатынын да айтты.
"Негізі кезінде жезөкшелікпен айналысқан қызға еркектердің қалай қарайтынын білмеймін. Бірақ қасымда бұрын жұмыс істеген үш-төрт қыз болған. Солар тұрмысқа сәтті шығып кетті. Мен де солай тұрмысқа шығамын деп ойлаймын. Бірақ ол кезде мен өзіме пәктік белгісін салдырып аламын. "Нормальный" жігітке күйеуге тиемін. Себебі қазір 21-ғасыр, бәрін істеуге болады", - деді жан сырымен бөліскен Ләззат.