Несиеқұмарлық қоғамдық дертке айналып кеткен жоқ па?

Абай ОМАРОВ (коллаж)

Екінші деңгейлі банктер­дің жұртқа жаппай несие таратуы қоғамға тағы бір дерт «сыйлады». Ол – не­сиеге тәуелділік. Психолог мамандардың айтуынша, бұл да нарко­ма­ния, алкого­лизм, те­ме­кіге құмарлық секілді дерт­ке айналған. Оны ресейлік ғалымдар «кре­ди­то­­мания» деп атапты. Өкінішке қарай, кредитома­нияның құры­ғы­на ілікпеген  қазақ бүгінде кемде-кем. Зерттеулер бойынша елдегі кәме­летке толған азамат­тың кез келгені бү­гінде жоқ дегенде банк­­­тен бір рет болса да не­сие алып үлгерген. Ал қай­сыбіріміздің басымыз­да кемі екі-үш несиенің қамыты тұр.
Ranking.kz-тің мәліметтері қазақстан­дық­тар бүгінде банктерге 1,7 трлн теңге берешек екенін айтыпты. Соның арасында  банк­ке қарыздардың алдыңғы легін Ал­маты­ның тұрғындары құрайтын көрінеді. Нақтырақ айтсақ, 649,6 млрд теңге. Екінші орында – Оңтүстік Қазақстан: 123,8 млрд теңге, үшінші орында – Астана: 122,9 млрд теңге. Ал төртінші орынды Қарағанды об­лысы тұтыныпты: 115,2 млрд теңге. Сөй­тіп, жалпы қазақстандықтардың банк ал­дын­дағы берешегі елдегі әрбір адамға шақ­қанда 100 мың теңге. Ал Fitch Ratings агент­тігінің сарапшылары елдегі про­б­лема­лы несиелердің үлесі 30 пайызға тең  деп мәлімдепті, яғни банктің берген не­сие­сін тұрғындардың 30 пайызы төлей ал­май­тын я болмаса төлем қабілеті жет­пейтін жағдайда. Нәтижесінде жалпы тұр­­ғын­дардың банк алдындағы тұтыну­шылық несие бойынша қарызы бір айда 4,7 пайызға өсіп, 79 миллиард теңгені құраған. Тұ­ты­ну­шылық несие алу Астана қаласында қарқынды. Ranking.kz дерегі бойынша бас қалада тұтынушылық несие ай сайын – 5,9 пайызға, теңгеге шаққанда 6,8 миллиардқа өсіп отыр. Одан кейін Батыс Қазақстан – 5,8 пайыз, Атырау – 5,5 пайыз.
Несие-өмірдің несі сән?
Осы арада сарапшылардың, маман­дар­дың пікірі қақ айыры­ла­ды. Бірі тұр­ғындардың несие алуы олардың жағдай­ларының жақсы­лығын, сонымен қатар тұ­рақ­ты төлем қабілеттерінің барлы­ғын айғақтайды дейді. Екіншісі, керісінше, халықта қолма-қол ақша жоқ. Сондықтан олар банктің несиесіне жүгінуге мәжбүр деседі. Әрине, қысылғанда қажетіңізді ашатын несиені мүлде пайдасыз деуге болмайды. Тек қазақ «көрпесіне қарай көсіле» білуі керек. Олай етпеген жағдайда, көптеген  адам үйін кепілге қойып бас­пана­сынан айырылған жайт та аз емес.
Психологтер адамдардың ақшаға қарым-қатынасын шартты түрде екіге бөлуге болатынын айтады. Біреуі жинауды құп көрсе, екіншісі мейлінше қолындағы қаржысын жұмсауға асық. Ал кредитома­нияның шеңгеліне осы соңғы топтың адамдары ілігеді екен. Абай хакім айтқан «Өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ – бес дұшпанды» психологтер де растауда. Олар несие  алып, соған өзін­де жоқты сатып алып, өзін бай-манап етіп көрсеткісі келетін мінезі бар адамдардың көп ұрынатынын атапты. Мәселен, Ресей­дің психолог-сарапшысы Карина Славина «Несиеге тәуелді  болатын адамдардың өзіне тән мінез-құлқы болады. Онда адам өмірге қай уақытта риза? Ол соған сай киініп, малынғанда  ғана дән риза. Ондай адамға өзін қоршаған ортасының алдында табысты болып көрінгені маңыздырақ. Сон­да ғана оның өзіне деген бағасы, көз­қа­расы түзу. Бұл, түптеп келгенде, психо­логиялық проблема. Мұның тамыры бала­лық шақта жатқанын ғалымдар жиі айтуда. Мысалы,  қыз бала кедей отбасын­да өмір сүріп, анасы оған барлық қажеттілігін сатып әпере алмайды. Ал қызы болса, өзінің сыныптастарының алдында олармен  терезесі тең болғанын армандайды.  Бой жете келе, ол қыз сол себепті тапқан табы­сының барлығын дерлік сыртқы келбетін әрлеуге жұмсауы әбден мүмкін. Ерте ме, кеш пе тапқан табысы жетпейтін күн де туады. Сол сәтте ол несие алуға бел буады» дей­ді. Мұнымен біздің мамандар да келі­седі. Мамандар оның басты емі – сырткөз үшін көрсеқызарлықпен дүние-мүлікті не­сиеге алып, соңында өміріңізді күрделен­діріп, қиналып, жасанды еткенше, бары­мен базар жасауды  ұсынады.
Бақыт КОСИКОВА, психолог:
– Бір несие алып, екіншісін жабу үшін екінші бір несие алғандар көп бүгінде. Бұл адамның өзін-өзі алдап жұбатуы секілді. «Жұрттан кем болмай­мын» деп, әліне қарамай әлек болатындар соңынан банктің қарызын қайтара алмай зар қақсап жүреді. Рас, бұл да – тәуелділік тудыратын жаман әдет. Бір несиеден екінші несие рәсімдеу арқылы проблемасын шешкен болады тұрғындар. Алайда  ол мәселенің шешімі емес екенін іштей сезіп, біліп тұрады. Бірақ біле тұра соған барады. Ғалымдардың мұның психологиялық салдары тереңде деуі – шындық.

Несиеге тәуелділік дерт пе?
Несиеге құмарлықты қоғамның бір дерті ретінде қарастырып жатқан Батыс мұны жіті зерттеуге көшіпті.  «Несие инесі­не» отырған адам үшін түрлі бағдар­ла­малар жасайтынын айтады мамандар. Бұдан Ресей  де қалыс қалмапты. Олар да АҚШ-тан көргенін жасап, несие ала бере­тін, несие десе тұра алмайтын тұрғындарын одан құтқару қажеттігін түсінсе керек. Бізде жағдай тап сондай қорқынышты болмаға­нымен, «өгізге туған күн бұзауға да туары» анық.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста