Немересіне Бергей есімін қойған қарияның басы дауға қалды

Немересіне Бергей есімін қойған қарияның басы дауға қалды

Атырау облысында балаларды қорғау күні өз үйінің есігін тұңғыш рет ашып келіп отырған нәрестеге Бергей есімі қойылған. Жас отбасының бірнеше жыл бойы күткен перзентіне бұл есімді атасы Мекемтас қойыпты жазады kyn.kz.

 

Ақсақалдың бұл таңдауына айналасындағылар таңданыспен қарағанын жасырмайды. Тіпті «басым дауға қалса да өз таңдауымды қорғап шықтым» деп түсіндіреді.

 

"Біз Бергейімізді бес жыл күттік. Бұл айтарлықтай көп уақыт емес шығар. Бірақ, біз тұңғыш немеремізді балалар бас қосқан сәттен бастап күтетін әдетіміз ғой. Өте қуаныштымыз отбасылық қуанышымыз балаларды қорғау күнімен тұспа-тұс келгеніне. Әрине көпшілік есімі ерекше екен деп жатыр. бұл есімді жайдан- жай қойғаным жоқ.

Облысымыздың бұрыңғы әкімінің аты осылай болды. Ол кісіні өңірге сіңірген еңбегі үшін, қарапайым халыққа жасаған жақсылығы үшін сыйлаймын. Бұйырса, ақталып, елге қызмет етуін жалғастырса екен деп тілеймін. Екіншіден, бес жыл күткен немереме жаратушым бар шапағаты мен жақсылығын Бергей деймін.

Әрі осы баламның соңынан тағы ұрпағым жалғасып, Алла көптеп ұрпақ Бергей деген тілегім де бар. Бұл есімді таңдаған кезімде таңданыспен қарап, дауласқандар да болды. Себебі, құдалар, келіннің ата-анасы өз ұсыныстарын өткізбек болып сөз таластырып қалдық. Бірақ мен өз таңдауымды әлім жеткенше қорғап шықтым. Дегенім болды", — деп күлді Мекемтас ақсақал.

 

Бергей Рысқалиевке елге қызмет еткен кезінде мемлекет ақшасын жымқырды деген айып тағылып, сыртай сот үкімі шыққанымен жергілікті халықтың көпшілігі мұны жала деп түсінетіндерін ашық айтады. Себебі, экс-әкімнен көрген жақсылықты ауыз толтырып айтып, әрі мақтан тұтамыз деген жұрт оның ақталып шыққанын қалайды екен. Оған кішігірім дәлел ретінде мына факт сөйлесін: Атырау облысы мен Ақтөбенің өзінде 300- ден астам жаңа туған нәрестеге ата- анасы саясаткердің есімін берген.

 

Нәрестеге ерекше есім берген қазақтар аз емес. Өткен жылдың статистикалық мәліметіне сенсек Қазақстан бойынша қыздарға Раяна, Айзере, Медина деген есімдер көп қойылған. Ал, ұл балаларға ең көп қойылған есімдер: Айсұлтан, Әлихан, Нұрислам.

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста