Наурызтану ғылымын дамытпайынша, наурызнаманы нәшіне келтіре аламыз ба?

Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)

Наурыздың түпкі пәлсапасы әр адамның ішкі жан дүниесінің тазалығы, отбасы, ұлттар және адамзат пен күллі табиғаттың жаңаруына дейінгі салт-дәстүр, әдеп-ғұрыптарды, жөн-жоралғыларды, наным-сенімдерді қамтиды. Ұлыс күнінде өткенге тәубе етіледі, келешекке үміт артылады. Қазақтың ілкі һәм бүгінгі мәдениетінің ажырамас бөлшегі – наурызнаманың нәші болуы үшін наурызтану саласын жүйелі зерттеп, кешенді бағдарламалар, тіпті заңдар қабылдау қажет. Наурыз хақында сөз қозғаған ғалымдардың ойы осыған саяды.

Наурыз – ұлттық идеяның өзегі
Ахмет ТОҚТАБАЙ, тарих ғылымының док­торы, этнограф ғалым:
– Сонау «Авестадан» бастау алып, орта ға­сырларға дейін наурызтану Шығыс елдерінде бізге дейін қалыптасқан өте үлкен ғылым болған, наурызнама хақында талай трактат, еңбек жазылған. Наурыз деген ұлттық идеяның өзегі, бүкіл салт-дәстүр осы кезде көрініс табады. Сондықтан Наурызды барлық мейрамнан артық көруіміз керек. Өйткені Наурыздың 2500 жылдық жазбаша тарихы бар. Әз Наурыз Шығыс елдерінің отырықшы ха­лық­тары­ның, егінші жұрт­тардың мей­рамы және Еуразия төсін тұлпар тұяғымен дүбір­леткен көшпенді бабала­рымыздың ортақ мерекесі болып келді. 1926 жылдан 1988 жылға дейін Наурыз мейрамын тойлауға тыйым салынса да, қазақ халқы әр от­ба­сында жасырын өтіп келді. Отбасынан бастап той­ланатын Наурызда тазару, таза­лық сақтау – ең басты мәселе. Бұрын ата-баба­ла­ры­мыз «бұлақ көрсең көзін аш» деп, алдымен маңайын­дағы арықтарды, қора-қопсысын тазалап, өздері жуынып-шайынып, мұн­таз­дай киі­ніп, соғымнан қалған сыбағасын асып, түнгі сағат 3-те Қыдыр баба аралайды деп күтіп отыратын. Қыдыр баба ең таза үйге қонады деген сенім бар. Ән-күй шыр­қа­лып, қыз­дар жағы жігіттерге ұйқыашар әзір­леп, осылай үлкен үмітпен қарсы ала­тын. Ал үлкен қалаларда тойланатын мере­келік шаралар Наурыздың түпкі концеп­ция­сына сәйкес келмей жатады. Себебі тойланған алаң­дарда әртүрлі қалдықтарды шашып-төгіп кетеміз. Бұл дұрыс емес. Бағзыда Алек­сандр Македонский (б.з.д 356-323 жж. өмір сүрген) көрген Самар­қан­дағы ұлан-асыр Наурыз тойын айтуға болады. Грек тарих­шылары Самарқан алаңында өткен Нау­рыз тойында Күнді бейнелейтін 365 түрлі киім киген адам мен Түнді бей­не­лей­тін 365 түрлі киінген адам сырнайлатып-кернейлетіп, бір-біріне қарсы жүрді деп жазады. Бұл көрініс күн мен түннің теңелуі ғой. Осындай Наурызды көрген Александр Ма­кедонский Шығыс­тың, Орталық Азия­ның ілкідегі мей­ра­мына бас иген. Ол Са­мар­­қанның Роксана деген сұлуына үйлен­ген. Осындай мағыналы көріністерді қазіргі Наурыз тойларының сценарийлеріне неге енгізбеске?! Ертеректе ауқатты адамдар наурызнама өткізіп береді екен. Сондай игі дәстүр болған. Ал қазіргі кезде наурызнама өткіздім деген байларды көрмедім.
Парламентте Наурызнама туралы заң әзірленуі қажет
Ақеділ ТОЙШАН, филология ғылымының кандидаты:
– Қазақ ежелден Әз Наурызды әлемнің жаратылуымен, Табиғат-ананың өмірге келуімен тікелей байланыстырады. Қазақ­тың ғалымдары, этнографтары, фол­ьклор­та­нушылары наурызнаманы зерттеумен айналысып келеді. Мәселен, филология ғылымының докторы, профессор Нұргелді Уәлиев ағамыз күнтізбедегі қай­шы­лық­тар­ды көрсетіп, өз ұсыныстарын ортаға салып жүр. Қазақстан Республикасының Орталық мұражайының директоры Нұрсан Әлімбай ағамыз Наурыздың мәні, амал мейрамы, ай аттарына байланысты сүбелі зерттеулер жүргізді. Наурызтануға қатысты Бабақұмар Қинаятұлы, Ахмет Тоқтабаев сынды этно­граф зерттеушілер бұрынғы деректерді байып­тап, бір жүйеге түсіріп келеді. Қажы­тай Ілияс ағамыз ұлттық күнтізбені дұрыс­тауымыз керек екендігін, наурыз деген амалдың аты екенін талай мәрте айтты. Ұлттық күнтізбе деген қазақтың өмірінің жылнамасы іспетті. Мәселен, Ұлу жылын айдаһар жылы деп шуладық қой. Кезінде Қытайдың патшалары бодан елдерге қытайлық күнтізбесін таңған. Моңғолдар да қытай жылнамасын қолданады. Наурыз­тану саласын жолға қою үшін мемлекеттік деңгейде кешенді бағдарлама жасауы­мыз керек. Көптеген мей­рам­ның, мысалы, діни мереке­лер­дің нышандық белгілері, ережелері, қағи­дат­тары канондық дәреже­де қалыптасқан. Сол сияқты Наурыз тойын жалпыұлттық деңгейде атап өткен ләзім. Мысалы, жыл­дың «ең үздік әні», «ең үздік ақыны», «ең үздік отандық тауары», «Наурыз­­дың нар палуаны» бәйгелерін, қолөнер көрмелерін, айтыстарды ұйымдас­тырсақ, ұлттың жүрегі бірге соға­тын тұтас ағза екені көрінер еді. Нау­рыз­дың рәміз­дерін жаңғырту керек. Ертеректе ата-ба­ба­ларымыздан қал­ған дәстүрлер, мысалы, Жәнібек батыр­дың үлкен саптыяқ­тар­мен ауыз тию рәсім­дері болған. Моңғолияның президенті теледи­дардан Баян-Өлгейдегі қазақтарды Наурыз мейрамымен құттық­тайды. Сон­дықтан Ұлыстың ұлы күнін бірлік пен дос­тықтың, имандылықтың, тазалық­тың мей­рамы ретінде өз дәрежесінде өткізу үшін Парламентте наурызнама туралы ар­найы заң әзірлеуіміз қажет.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста