Наурызкөже қанша тұрады?

Наурызкөже қанша тұрады?

Наурызкөжеге жеті түрлі дәм салынатынын білеміз. Бірақ міндетті түрде  «мынадай дәм салынсын» деген арнайы нұсқау жоқ. Әркім қолындағы барына қарайды. Әйтеуір, дәмнің саны жетеу болсын.  Әйтеуір, Наурыз күндері үйдегі қара қазан көжеге лық толсын. 

Дегенмен көженің дәмі тіл үйірсін десек, әжелеріміз үйреткен тәсілден ауыт­қымауға тырысатынымыз анық. Әлбетте, қара қазанды толтыру үшін біраз тер төгуге тура келеді. Ең әуелі азық-түлік мәселесін шешіп алу керек. Жасыратыны жоқ, өткен жылмен салыстырғанда,  оның бағасы бір­шама қымбаттады. Бірақ бұл – бізге ғана емес, бүкіл әлемге тән құбылыс.   

Наурызкөжеге қажетті тағамдар: ет, жар­ма, сүт өнімдері. Қазір базардағы еттің бағасы – 800-1200 теңге, жармалардың ор­таша бағасы  – 200 теңге көлемінде, сүт пен айран – 200 теңгенің ар жақ-бер жа­ғы. 

Көже әзірлеудің тәсілі көп болғанымен,  негізінен, күрделі және қарапайым екі түрі кең таралған.  Демек, әркім қалтасына қа­рай «көсіледі». 

1-тәсіл: 

Қазанға су құйып, ет салып қайнатады. Кейбіреулердің қазы қосатыны бар. Қай­наған соң көбігін алады. Піскен соң етті сүзіп алады. Дәндерді жақсылап жуып, әуелі бидайды салып, 5 минут қайнатады. Сосын арпа мен күрішті салады. 5 минут қайнаған соң, тары салынады. Тұз қо­сылады. Дәндер пісіп болды-ау дегенде оттан түсіріп, салқын жерге қояды. Әлгінде піскен етті ұсақтап турайды. Сорпаға қосады. Суыған соң айран құяды. Кей­бі­реу­лер құрт езіп қосады. 

Құрамы (10 адамға):

Су – 5 л

Сүр ет – 1 келі (2000 -2500 т)

Бидай – 100 г  (20 т) 

Тары – 100 г  (20 т)

Арпа – 100 г  (20 т)

Айран – 1 л  (200 т)

Тұз – дәміне қарай 

Жұмсалатын қаржы – 2500-3000 т көлемінде.  

2-тәсіл:  

Етті пісіреді. Піскен соң қазанға турап қайта салады. Арпа мен бидайды сорпаға салады. Олар пісерде кеспе салынады. Көже суыған соң айран құйылады.

7 тағам – 70 қасиет

Су – тіршілік көзі

Ет – қазақ үшін негізгі тағамның бірі

Сүт – адам ағзасының жетілуіне қажетті барлық зат бар

Дәнді дақылдар – калий, кальция, магний, фосфор, темір тұздары бар

Тұз – тағамның дәмін келтіреді һәм ағзаның қалыпты жұмыс істеуі үшін қажет

Құрамы (10 адамға)

Су – 5 л

Ет – 1 келі  (800-1000 т)

Бидай – 100 г (20 т)

Арпа – 100 г   (20 т)

Кеспе – 200 г (40 т)

Айран – 1 л  (200 т)

Тұз

Жұмсалатын қаржы: 1000 – 1300 т көлемінде.

Бұрын әйелдер өзімен ыдыс ала жүріп, әр үйден құйып әкелген көжені өз үйінің қазанында қалған көжеге қосатын.  Бұл «дәм-тұзымыз араласып, ынтымақ-бір­лігіміз нығайсын, көже секілді мидай ара­ласып, көжедей дәмді қатынаста бо­лайық, біріміздің ырысымыз бірімізге жұ­ғысты болсын» деген игі тілекті білдіреді. 

Тағы бір есте сақтайтын дәстүр: наурыз­көжеңді неғұрлым көп адам ішсе, жыл бойы ырыс-несібең молая түседі. Өйткені жыл ырысты болсын, өскін мол болсын деген қазақ тілегінің, ырымының басты көзі – наурызкөже.  Сондықтан қазандағы көженің арзан-қымбатқа түсетіні маңызды емес. Ең бастысы – ниеттің түзу болғаны.

«Алаш айнасы»

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста