Нанның салмағы неге азайып кетті?

Нанның салмағы неге азайып кетті?

Ас атасы – нан. Бірақ биылғы жылғы ыстық жалыны бет қаратпайтын аптаптан бидайдың баданадай дәндерінің күйіп кетуі диқан қауымы­ның маңдай тері мен ғазиз уақытын далаға жіберді десек те болған­дай. Астықты аймақ саналатын еліміздің солтүстік өңіріндегі Қоста­най, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарының өзінде егіс алқаптары­ның басым бөлігінің күйіп кетуі биліктің де алаңдаушылығын туғызғаны жа­сырын емес.
Бұл, ең алдымен, нан бағасының тұ­рақ­тылығына айтарлықтай кері әсер ететіні дау туғызбайтын мәселе екендігі де сөзсіз. Үкімет жанынан құрылған комиссия жаз­дың ортасы ауған кезде-ақ еліміздің аума­ғындағы 357 мың гектар егістік аумағын жарам­сыз деп танып, санаттан шығарғаны көпшіліктің  есін­де. Әсіресе Қостанай облысының халі нешік? Қатты ыстықтың салдарынан бұл аймақтағы барша алқап­тың 18 пайызы ғана жарамды болды. Үкі­мет­тің арнайы өкілі барып, нан бағасының тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін Қос­танай қаласында жергілікті билік пен қатар, ірі шаруашылық серіктестіктерімен жиын өткізгені осы мәселенің түптің түбінде айналып келетінін айғақтап берді.
Сонда миллиондаған сома қаржы шығындап, жер емшегін емген диқан қауымының маңдай тері мен еңбек өтемі қайтіп өтелмек? Ең алдымен, басты ауқат көзі – нан бағасының қазірдің өзінде шек­тен тыс өсіп шыға келуі жергілікті билікпен қатар, ауыл шаруашылығын тізгіндеген министрлік, сол сияқты Үкімет пен Парламенттегі лауазымды тұлғалар­дың өзін тығырыққа тірегендей. Сондықтан күн тәртібінде тұрған нөмірі бірінші мәселенің шешімін тауып, халықтың қалтасын қақпас үшін бағаны ұстап тұру аса маңызды мәсе­леге айналды.
Биылғы жылы Қазақ елі шамамен 12 мил­лион тонна астық жинады. Алайда алтын масақ қара жердің көбесін сөкпестен бұрын өзімен бірге батпандай мәселені ала келетіні және бар.  Биылғы жылы бидай бағасы өткен жылғы 155 доллардан 280 долларға өсті. Бұл өз кезегінде ұн өнімдері бағасының өсуіне әкеліп отыр.
Құрманғали ТЫНЫБАЕВ, ауылдық ақсақалдар кеңесінің төрағасы:
– Үкімет нан бағасын көтермеу жөнінде тап­сыр­­ма­ны бергенімен, оның түпкі арна­сына үңіл­меген сияқты. Өйткені жергілікті билік кәсіп­кер­лер­дің шау­жайынан алып бағаны тұрақтандыру жөнінде  қысым жасағанымен, кәсіпкерлер нан формасына түрлі химиялық қоспаларды қосқан­дық­тан, баға мен салмақтың арасы жер мен көк­­тей болып шыға келеді. Екі ортада «кө­бік нанның» жоқ бөлшегін жеп отырған қа­ра­пайым халық қана жапа шегіп отырға­нын көріп қатты қапала­на­сың. Кеңестік кезеңде салмағы бір келіге жуық, тіп­ті одан да  асатын нанның бүгінгі таңда құр бұл­тиып тұрғанымен, жұтқыншағыңа жұқ бол­май қа­ла­тынын айтпасқа болмайды.

Сонда қайтпек керек? Билік пен кәсіп­кер­лердің ара­сында талайдан түйіні тарқа­тылмай келе жатқан дау­лы жағдайдың соңғы нүктесі қашан қойылмақ?! Бәл­кім, билік кәсіпкерлерге белгілі бір мөлшерде же­ңілдіктер беріп, жер салығын төмендетуі керек пе? Әл­де жер көлемін көбейтуге қо­сымша мүмкіндіктер қа­рас­тырғаны жөн бе? Қалай десек те, аталмыш мә­се­ле екі жақтың да біршама тер төгуін қажет ететін сияқты.
Осы орайда нан бағасына сараптама жүр­гізіліп, оның қорытындысы бойынша Қазақстанның қай өңірінде болсын жағ­дайдың мәз еместігі айқын байқалғанын атап кеткен жөн. Жуырда «Рейтинг.kz» зерттеу агенттігі «Казпотребнадзор» ҚБ бірлесе отырып, Қазақстанның ірі қалала­рындағы «әлеуметтік нан» бағасының мониторингі жөніндегі пилотты зерттеу жүргізгенде де бұл жағдай нақты көрінді. 
Аталмыш жобаның негізгі көздеген мақсаты баға саясатында тұтынушы халық­тың жағдайы мен бағаны қалыпты дең­гейде ұстауға әрі әрбір өңірдегі бағаның бірдей болуына басты назарға алу болып отыр. Нәтижесін қараңыз. Ас атасының бағасы орташа 49 теңгеден аспауы тиіс болса да, ол Қазақстандағы нанның орта­ша құны 55 теңгені құрап отыр. Соны­мен қатар зерттеу нәтижесінде әлеуметтік нан бағасында бірыңғай салмақ стан­дартының сақталмайтындығы да сала ма­мандары­ның жағасын ұстатты.
Яғни тексеріс нәтижесінде Алматы, Талдықорған және Қызылорда қалаларын­да нанның нақты салмағы меморандумдық келісімге сәйкес болса, ал беткеұстар астық­ты өлкелер – Қызылжар мен Көк­шетау­да көрсеткіш көз алдаудың нақты үлгісі болды. Яғни меморандумда нанның салмағы 650-600 грамм деп көрсетілсе, нақты жағдай 500 грамға жетер-жетпес екендігі анықталды.
Бұдан шығатын қорытынды, әкімдік қызметкерлері нақты жағдайды көрсетпей бұрмаланған жайды көрсетіп отырады. Яғни күн сайын еліміздегі миллиондаған қазақстандықтар нанның жоқ грамы үшін ақша төлейді. Ал оны елеп-ескеріп жатқан адам болсашы? Ал есептеуіш құралды алып, күніне әрбір қазақстандық орташа есеппен жарты бөлке нан жейді деп есеп­тесеңіз, халықтың бір жылда 17,5 мил­лиард теңге артық төлем жасайтынының куәсі боласыз.
Жанар ӘБДІКӘРІМОВА, тұтынушы:
– Шынымен де, нанның қазіргі салмағы көңілге толмайды.  Бір үйлі жанға бір бөлке наның жұқ та болмай қалады. Тураған наның бірден үгітіліп кетеді. Ал оны бақылауға алып, астың сапасына қарай бағасын реттеп отыруға жергілікті биліктің шамасы келер емес.

Жомарт НҮРКЕНОВ, Ақмола облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы:
– Мемлекет белгілеген бағаның дұрыстығына еш шек келтірмеймін. Себебі әр шаруа өз пайдасын көздеп бидайдың бағасы өсті деген сылтау­мен нан бағасы мен астық өнімдері­нің құнын өсіріп жіберуі ақылға сыйымсыз.

Оймақтай ой
Қалай десек те, әлемде астық экспортында жетекші орындардың бірінен ойып тұрып орын алатын Қазақстандағы жағдай осылай. Ал оның бірден ше­ші­мін табуы  үшін мемлекет тарапынан қолайлы жағдай туғызбаса, түйіні шие­ле­ніскен мәселенің жуық арада тарқатыла қоюы екіталай екені айқын. Сон­дықтан қыр төсіндегі алтын астықты ору науқанындағы өзекті жағдайды орны­мен жасау үшін орынтақта отырған тиісті тұлғалардың шара қолданғандары жөн болар.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста