"Ң" мен "Н" ажырата алмайтын ұрпақтан қорқу керек

Білім – тілдің дамуын белгілейтін, оның дамуында шешуші рөл атқаратын қозғаушы күш. Сол себепті халық білімді басқа тілде емес, ана тілінде алғаны жөн. Бұл – әлем мойындаған заңдылық.
Кеңес үкіметі кезінде басталған ұстаздық жолым күні кеше аяқталып, зейнеткерлікке шықтым. 43 жылдық ұстаздық өмірімде шәкірттеріме бергенім де, алғаным да, түйгенім де көп. Олимпиадалардан, Абай, Мұқағали оқуларынан облыстық, республикалық деңгейдегі бас жүлдеге, жүлделі орындарға ие болған, журналист болып қоғамға қызмет етіп жүрген, өзім сияқты қазақ тілі, әдебиеті пәнінің оқытушысы болған шәкірттерімнің барлығына шүкіршілік етемін. Өмір бойы туған тілімнің қорғаушысы да, қолдаушысы да болып келемін. Тілім менің - өмірім, тілім менің – байлығым, сондықтан тілім үшін күресіп келемін, күресе де бермекпін.
Мектеп табалдырығын аттаған әрбір оқушы – болашақ қоғамның өз ұлтын сүйетін, рухани жағынан жетілген қоғам азаматы. Осындай дәрежеге жеткізу үшін мектепте жан­-жақты жұмыстар жүргізіледі. «Білім мен тәрбие егіз» демекші, қаншама тақырыпты кештер, конференция, диспуттар өткізіліп жатады. Қыз, ұлдар арасындағы тәрбие сағаттары олимпиадалар т.б. Әрине, айта берсе білім мен тәрбие берер игі істердің бәрі мектепте.
Әттеген-айы сол, осындай қоғамдық жұмыстардың мектеп қабырғасында соңғы кездері сирек жүргізілуі, сынып жетекшілерінің де, кітапханашылардың да селқостығы, тәрбие ісінің меңгерушілерінің де жауапсыздығынан десек те болады.
Қоғамдық жұмыстардың барлығы да тілімізбен тікелей байланысты.
Қазақ тілінің мәртебесін көтеруге бірден-бір жауапты – қазақ тілінің мамандары.
Маман оқытушылардың біліктілігі – шәкірттерінің білімімен өлшенеді.
Соңғы кезде мектептерде гуманитарлық сыныптар санаулы, тіпті мүлде жоқ деуге де болады. Әдебиетті оқушылар мүлдем таңдамайды. Өйткені, ар жақтарында негіз жоқ, білім өз алдына, сөйлеу тілінен мүлдем мақұрым.
Себебін білімсіз шәкірттен емес, үйрете алмайтын ұстаздан көрсек пе дейміз.
Бастауыштан шыққан бесінші сыныпты қабылдаған сайын, оқушылардың «н» мен «ң»-ды ажырата алмайтынына, шағын шығарманың өзін жаза алмайтынына, тақырыптың мазмұнын айтқызғанда «сөйтіп», «солай етіп», «неғып», «нетіп», «жаңағы», «міне», «сосын», «құсап» тәрізді қыстырма сөздерді көп қолданатындықтарына куә болып жүрдім. Кейде сол сыныпты шығарған оқытушының өзінен де «н» мен «ң»-ды ажырата алмайтынын, тілге жұтаң екеніне көзім жетті.
Түптеп келгенде, тілге байланысты оқыту процесін ұйымдастыруда кездесетін кемшілік-қателіктердің түп төркінін іздер болсақ, ол, менің ойымша, біріншіден, пән мұғалімдерінің өз кәсіптік қызметінің қыры мен сырын жете білмегенінде, екіншіден, өз уақыты мен жұмыстарын ғылыми түрде ұйымдастыра алмауында, үшіншіден, тіл мәселелері бойынша жүргізілетін жұмыстың жаңалықты, нәтежелі түрлерін пайдаланбауында, төртіншіден, оқушының тілдік ортасын жан-жақты зерттеп білмей, бар жұмысын шәкірттің пәндік үлгерімін бағалаумен шектеп, өскелең жастың сөйлеу машықтарын, дағды-икемділігін одан әрі жетілдіру ісіне көркем әдебиетті оқытып, қолданта алмауында және бұндай жұмыстарға ата-ана және де басқа отбасы мүшелерін қоспауында.
Дүниеге келген әр баланың бойында қандай да болмасын бір қасиеті, таланты болады. Оны көре білу, іздей білу ата-анамен қоса ұстаздың да міндеті.
«Бұлақ көрсең көзін аш» деген, талай ақын, әнші, журналист балаларымыз сол ұстаздардың көрегендігінің арқасында жарыққа шығып жатады.
«Бір құмалақ бір қарын майды шірітеді» дегендей, соңғы кездерде мектептік бағдарламадағы классик ақын-жазушылардың бірде-бірін оқымаған, әдебиетке өзінің тісі батпағаннан кейін, оқу жұмысының салмағын балаларға ғана артып, «Мына тақырыпты үйден оқып келіңдер» деп тапсырма беріп қойып отыратын мұғалімдер көбейіп кетті.
Мектеп қабырғасында толық білім алмаған оқушы ҰБТ-да «бағы ашылып» қазақ тілі, әдебиетке оқуға түссе, тура өзінің оқытушысындай болып шықпасына кім кепіл?!
Сонда біздің тіліміз қалай өркендейді?! Қазір қазақ тілін сырттай, бір кітаптың бетін ашпастан, ақшаның көмегімен оқып алып, мұғалім болып жүргендер де баршылық.
ҰБТ-ға дайындаймыз деп гуманитарлық бағыт болмағандықтан әдебиетті жауып тастап, қазақ тіліне ғана дайындайтын оқытушыларды да көрдім.
Жыл сайын бағдарлама өзгеріп жатады. Бағдарламаға байланысты кітаптар да жаңарып келіп тұрады. Кей жағдайларда кітап жетіспегендіктен бір сыныптың оқушылары екі түрлі әдебиет немесе қазақ тілі пайдаланады да оқытушыларға қиындық тудырады.
Сонымен бірге, мына бір ұсыныс-ойымды да айтқым келеді.
Орыс тілі сабақтары екі топқа бөлініп оқытылады. Оқушылармен жұмыс істеуге мүмкіндік мол. Ал қазақ сыныптарында 28-29 оқушы отырады. Сол оқушыларға тілді меңгерту үшін қаншама жұмыс істеуіміз керек! Уақыт жеткізе алмайсың. Қазақ сыныптарының оқушылары да бөлініп оқыса, тілді дамытуға септігін тигізер ме еді?!
Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру – әр азамат пен азаматшаның парызы. Өйткені өз тілімізбен өркендейміз, көсегеміз өз тілімізбен көгереді. А.Байтұрсынұлы «Әр жұрт баласын әуелі өз тілінде оқытып, өз тілінде жазу-сызу үйретіп, өз тілінің жүйесін біліп, жолын танытып, балалары әбден дағдыланғаннан кейін басқаша оқыта бастайды. Біз де тіліміз бұзылмай сақталуын тілесек, өзгелерше, әуелі өз тілімізбен оқытып, сонан соң басқаша оқытылуы тиіс» деген-ді.
Тіл тағдырына бірден-бір жауапты жандардың біреуі – ұстаздар. Әсіресе қазақ тілі, әдебиеті маманы өз тілін сүйетін, тілге бай, білімді болса, біздің келешек ұрпағымыз да тіліміздің өркендеуіне ат салысары анық.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста