Мүмкіндігі шектеулі жандардың мүддесі ескеріледі

Мүмкіндігі шектеулі жандардың мүддесі ескеріледі

Арамызда мүмкіндігі шектеулі азаматтар баршылық. Біз оларға қандай қамқорлық танытып жүрміз? Осы сауал тіл ұшына оралғанда еріксізден күмілжіп қала беретініміз тағы бар. Шетелде олардың емін-еркін қимыл жасауына, көшеде жүруіне барлық қолайлы жағдай туғызылған. Өкінішке қарай, бізде оған мән беру ұмыт қалып қоя береді. Осының салдарынан мүмкіндігі шектеулі азаматтардың құқығы шектеліп қалады. Тіпті олардың әлеуметтік мекемелердің өзіне келуіне ешқандай қолайлы жағдай жасалмаған. Соның салдарынан олар өзінің мұң-мұқтажын жеткізуге келгенде көп қиналып қалады.
Жақында Қызылорда облысының әкімі Қы­рымбек Көшербаев мүгедектерді әлеу­мет­тік қорғау саласындағы облыстық үй­лес­тіру кеңесінің отырысында осы мақсатта ат­қарылатын жұмыстар барысын пы­сық­тап, түйткілдерді шешу мақсатында құ­зыр­лы орындарға нақты міндеттер жүктеді. Он­да мүмкіндігі шектеулі адамдардың құ­қықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру са­пасын жақсарту мәселесі қаралып, рес­публикалық «Шырақ» мүгедек әйелдер қа­уымдастығының тәжірибесімен жұрт­шы­лық назарына ұсынылды.
Рас, мемлекет тарапынан мүмкіндігі шек­теулі жандарға барлық қамқорлық жа­са­лып жүр. Тәуелсіздік жылдарында бұл игі­лікті істер жалғасын тауып, жылдан-жыл­ға аталмыш салаға бөлінетін қаржы көлемі де артып келеді. Алғашқы кезеңде ақша мәселесіне орай кейбір түйткілдер шешімін таппай келсе, одан бергі кезеңде талай түйінді мәселе тарқатылды. Рас, мем­лекеттің экономикалық ахуалы да түр­лі деңгейде болды. Соның салдарынан бұл бағытта бірқатар проблема кездесті. Соңғы жылдары елімізде мүгедектерге жасалған қамқорлық аясы кеңіп, олардың әлеуметтік ахуалын жақсартуға мән беріліп келеді. Осы мақсатта көптеген іс-шаралар қолға алы­нып, жұртшылық сол қолдаудың ша­ра­патын көре бастады. Сол жұмыстарды жү­йелейтін нормативтік-құқықтық актілер қа­былданды. Әрине, бұл істердің барлығы көпті көзайым етерлік ауқымды жобалар екені белгілі. Осыған қарамастан, мүмкін­дігі шектеулі жандарға байланысты про­бле­­малар әлі де кездесіп отыр.
– Бұл кездесіп отырған проблеманы ше­шу жолдарын іздестіруіміз керек, – деді облыс әкімі. – Кездесетін күрделі мәселенің бірі – мүгедектерге арналған ин­фра­құ­рылым жүйесінің дайын еместігі. Қазіргі таң­да олар күнделікті өмірде бірқатар қиын­дықтармен бетпе-бет келеді. Мә­селен, олардың ғимараттарға кіріп-шығу мүм­кіндігі төмен жағдайда тұр. Оған ешқандай жағдай жасалмаған.
Облыс әкімі ғимараттарды салу бары­сын­да мүмкіндігі шектеулі жандар мүддесі көп жағдайда ескерусіз қалып жатқанын атап өтті. Кәсіпкерлік нысандар түгіл, мем­ле­кеттік мекемелерге мүгедек азаматтар емін-еркін кіре алмайды. Өйткені әрбір ны­санның жобасын жасау барысында мұн­дай талаптар назардан тыс қалып қояды. Со­ның салдарынан мүгедектер өзінің мұң-мұқтажын айту үшін мекемелерге бас сұ­ғуы қиындай түседі. Сондықтан ендігі ке­зек­те осындай талаптарға өз деңгейінде көңіл бөлінетін болады.
Біздің өңірде туабітті пайда болатын аурулар дер кезінде анықтала бермейді. Осының кесірінен мүгедектер саны арта түс­кен. Әлемнің өркениетті елдерінде осы мақ­сатта жүйелі жұмыс жүргізіледі. Мә­се­лен, Израиль елінде онкологиялық ауруға шал­дыққан алты баланың бесеуі дә­рі­гер­лер кө­мегімен құлан-таза айығып кетеді. Сон­­дық­тан осындай оң тәжірибені біздің өмі­рімізге енгізу басты мақсаттың бірі болып табылады. Сондай-ақ бізде тіл мүкісін емдейтін, мылқауларға арналған және өзге де мамандар жетіспейді.
Еңбекке қабілетті мүгедектерді жұ­мыс­пен қамту мәселесі де өз деңгейінде емес. Үс­тіміздегі жылы 194 адам екі қолға бір кә­сіп тапса, ол осындай адамдардың не­бәрі 0,5 пайызын ғана қамтиды. Халықты әлеу­меттік қорғау бағытында қабылданған заңдылықтарға сәйкес, әрбір мекемеде ең кем дегенде 3 пайыз көлемінде мүмкіндігі шектеулі жандар жұмыспен қамтылуы талап етіледі. Бүгінгі күні облыста осындай әлеуметтік проблемаларды шешу мақ­са­тында арнайы басқарма құрылып отыр. Ал­дағы уақытта осы мақсатта жүйелі жұ­мыс­тар жүргізіледі деп жоспарланып отыр. Сыр өңірінде 2013-2014 жылдарға ар­нал­ған мүмкіндігі шектеулі адамдардың құ­қықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту бағытында арнайы жол картасы қабылданады. Соның нәти­же­сінде бүгінгі таңда кездесіп отырған про­блемаларды кезең-кезеңімен шешу жол­дары іздестіріледі.
Жазира ЖЫЛҚЫШИЕВА, Қызылорда облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы:
– Үстіміздегі жылдың 1 шілдесіне де­йін­­гі мәлімет бойынша, біздің аймақта 27 мың­нан астам мүгедек бар деп есептелген. Оның ішінде 2989 адам – бірінші, 11 268 адам – екінші, 9099 адам – үшінші топқа жа­тады. Биыл облыстық бюджет есебінен мү­гедектерді оңалтуға 208,3 млн теңге қа­ралған. Ол былтырғы жылғыдан біршама артық. Бөлінген қаржы есебінен мүгедектер тифло, сурдоқұралдар, кресло-арбалар, про­тезді-ортопедиялық құралдар және өзге де қажетті заттармен қамтамасыз етілді. Басқармаға қарасты мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелердегі 700-ге жуық адамға стандартқа сәйкес арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетілді. Мүгедектерге арналған оңалту орта­лы­ғында 500-ден астам мүгедек пен қарт­тар­ға арнаулы әлеуметтік қызметтер жасалды. Сон­дай-ақ Қызылорда қаласында мүм­кін­дігі шектеулі адамдарға «Әлеуметтік такси» қыз­меті ұйымдастырылған. Бұл жұмысқа облыстық бюджет есебінен 3,8 млн теңге қаралған.

Мемлекеттік тапсырыс шеңберінде жер­гілікті қазына қазанынан үкіметтік емес ұйымдар «Сыр мейірімі» жобасы арқылы қайырымдылық акциясын жалғастырып келеді. Мұндай қамқорлық сапалы тамақ­та­нуды қажет ететін жалғызбасты қарт­тар­ға, мүгедектерге, өзін-өзі күте алмайтын науқастарға жасалды. Биыл бұл мақсатта 37,6 млн теңге қаралған. Алдағы жыл­дар­да жүзеге асырылатын жол картасы шең­бе­рінде осындай іс-шаралар жалғасын та­уып, бірқатар мәселелер түйіні ше­шіл­мек.
Жоғарыда аталған жол картасы 24 пункт­тен тұрады. Оны жүзеге асыруға қо­мақты қаржы қаралған. Сондықтан бұл ба­ғытта нәтижелі жұмыстар жүргізілмек. Ал­дағы уақытта түрлі ғимараттарды салу ба­рысында пандустарды дұрыстап ор­на­ластыруға өз деңгейінде көңіл бөлінбек. Тағы бір айта кетерлігі, мүмкіндігі шектеулі азаматтарды кәсіпкерлікке тарту мәселесі де ескерілетін болады. Қазіргі таңда об­лыста «Лукойл» компаниясының қолда­уы­мен «Ақниет» бағдарламасы жүзеге асы­ры­ла бастады. Осының нәтижесінде тұр­мысы төмен отбасылар өздерінің биз­нес-жобасы арқылы несиелерге қол жет­кізе бастады.
Республикалық «Шырақ» мүгедек әйел­дер қауымдастығының төрайымы Ләз­зат Қалтаеваның айтуынша, біздің елімізде мүгедектерге қамқорлық жасау ісі жолға қойылған. Дегенмен бұл бағытта әлі де проблемалар жетерлік.
Ләззат ҚАЛТАЕВА, республикалық «Шырақ» мүгедек әйелдер қауымдастығының төрайымы:
– Оларды шешу бағытында үкіметтік емес ұйымдар да белсене атсалысып келеді. Осының нәтижесінде қаншама өзекті мәселелер өз шешімін тапты. Қауымдастық тарапынан атқарылған жұмыстар барысын саралаған облыс басшысы келешекте аталмыш үкіметтік емес ұйыммен бірлесе отырып, облыс көлемінде нақты іс-шараларды жүзеге асыруға ұсынысын білдірді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста