Мүгедек мүсіркеуді емес, есіркеуді, қорлауды емес, қолдауды күтеді

Қазақстанда 500 мыңнан астам мүгедек тіркеуде тұр. Батыс Қазақстан облысындағы олардың саны – 21 мың. Аяқ-қолы, дені-қарны сау адам қанша елегісі келмесе де, олар біздің қоғамның ажырамас бөлшегі. Олар мүсіркеуді емес, есіркеуді, қорлауды емес, қолдауды күтеді.
Қайғырса да іштен тынатын, құбылысты қабақтан ұғатын мұндай жандар көбіміз­ден мықты, төзімді, қанағатшыл келеді. Бер­генді алып, бермегенге налып жатпай­ды. Сипалап жүріп аяқ жолын табады, құ­лаққа ұрған танадай тым-тырыс тіршілікте тып-тыныш ғұмыр кешеді. Сөйте тұра олар жас сәбидей жалтақ, қорғансыз. Өйткені он екі мүшесі түгелдердің дүниесінде мү­ге­дектің мұңын түсініп, шын ниетімен шыр-пыр болатындар көп емес. Мүмкіндігі шек­теулі жан екендігінің өзі оларға кәдім­г­і­дей кедергі. Көшеде күнделікті қозғалу түгіл, көпқабатты үйдің төрт қабырғасына қамалып отырғандары қаншама. Мүге­декке лайықталған арнайы жолақтар, пандустар, көліктер мәселесі айтылмайды емес, жиі айтылады да. Алайда жекелеген жерде болмаса, жалпы, жүйелі іс жоқтың қасы. Осындайда бізге де шетелдегідей мүгедекке қолайлы жағдайы жасалмаса салынған үй пайдалануға қабылданбай­тын­дай заң керек-ау дейсің.

Мүгедекті жұмыспен қамту да ауыр сұрақ. Бұрын Кеңес өкіметі тұсында олар­дың арнаулы кәсіпорындарына мемлекет­тен тұрақты тапсырыс түсетін. Мүгедектер қағаздан жасалатын алуан түрлі папкалар мен скоросшивательдерді құрастырумен, күнделікті тұрмысқа қажетті матрац пен жастық, төсек жамылғыларын тігумен, бән­кі жабатын сан түрлі қақпақтарды т.б. бұ­йымдарды жасаумен айналысатын. Бір сөз­бен айтқанда, жеңіл өнеркәсіпке өз үлес­терін қосып, табыс тауып, екінші жа­ғынан, уақыттарын өздері секілді қамкөңіл жандар арасында өткізіп, ортада жүретін. Әрине, нарыққа көшкеннен кейін барлығы өзгерді. Тиыннан теңге құраған кәсіпкер атаулы тапсырысты жарымжан жанға бер­геннен гөрі жұмысты сапалы атқара алатын дені-қарны сау адамға беретіні айтпаса да т­үсінікті. Рас, Қазақстанда 2009 жылы қа­был­данған «Мүгедектерді әлеуметтік жағы­нан қорғау туралы» Заң бар. Онда мем­лекеттік құрылымдар мүгедектер ұйым­дарын мемлекеттік тапсырыспен қам­туға міндетті делінген. I-II топ мүге­дек­терінің жалақысынан салық ұсталмайды, мүгедектер ұйымы ҚҚС-тан босатылады деп тайға таңба басқандай жазылған. Же­ке кәсіпорындарда қызметкерлердің 3 па­йы­зы мүгедек жандар болуы тиіс деп қанша міндеттелсе де, нақты тетігі ай­қын­далмағандықтан, ол жүзеге аспай жатыр. «Кәсіпкерлерді күштей бергенше қандай да бір жеңілдіктер қарастырылса, мүгедек­терді жұмысқа алуға қызығушылықтары оянар еді. Мысалы, Қытайда мүгедек кәсіп­кер салықтан толық босатылады. Жұ­мысшыларының 45 пайызы мүгедектерден тұрса кәсіпорын ешқандай салық төле­мей­ді» дейді мамандар. Түйіндеп айтқанда, мү­гедектерді жұмыспен қамту мәселесіне мем­лекеттік маңыз беріліп, арнайы басым­дық ретінде қаралса ұтпасақ ұтылмаймыз.   
Қазақстан мүгедектері конфедерация­сы­ның вице-президенті Жадырасын Сә­дуа­қасовтың ойы да осыған саяды. Конфе­дерация мүмкіндігі шектеулі жандарды ең­бекпен қамтуды көздеп отыр.  Ол үшін мүм­кіндігі шектеулі азаматтарды жаңа ма­ман­дықтар бойынша оқыту жоспарлануда. «Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев бүкіл қазақстандықтардың еңбек етуі керектігін баса айтты. Еліміздегі 567 мыңдай мүгедек жан Елбасымыздың жақтасы болып есеп­те­леміз. Өйткені мүгедектерге бағытталған көптеген әлеуметтік іс-шараларды атқарып жа­тырмыз. Міне, сол атқарылып жатқан істер­дің бәріне әр уақытта демеу болып отыр­ған – «Нұр Отан» партиясы», — дейді Жа­дырасын Сәдуақасов.
Жұмажан ҚОЖЖАНОВ, БҚО мүгедектер қоғамының төрағасы:
– Бұл мәселемен күнделікті бетпе-бет кел­гендіктен, бәрі таныс жағдай. Облыс­та­ғы 21 мың мүгедек азаматтың шамамен тең жарымынан астамы әртүрлі дәрежеде еңбек етуге жарамды. Оралда зағиптардың және саңыраулар қоғамының екі кәсіп­ор­ны бар. Одақ кезінде жақсы жұмыс істеді, мем­лекеттің тапсырысын алып тұрды да, еш қиындық көрмеді. Енді бұларға қазір тап­сырыс жоқ. Құрал-жабдықтары түгел, жұ­мыс болса істеймін деп тұрған адамы да бар. Өкінішке қарай, мемлекеттен тапсы­рыс болмайынша, іс оңға баспайтыны ай­дан анық. Екінші жағынан, жұмыс болғанда жа­лақысы қандай? Мардымсыз жалақы үшін қаржысының жартысын жолға, тамаққа жұм­сағаннан гөрі мүгедек адам өзінің жәр­демақысын алып, үйімде отырамын деуі де ықтимал. Үшінші түйткіл – бұл кә­сіп­орындар шығаратын өнімдер бәсекелес­тік­ке шыдай алмайды. Себебі базарда то­лып тұр. Мемлекеттің қолдауы қажет де­ге­нім де осыдан. Жеке кәсіпкерлермен тен­дерлерге қатар түсірмей, мүгедектер ұйым­д­арына арнайы мүмкіндік берілсе де­ген тілегім бар.

Жағдай қиын деп қарап отырмай, Жа­йық өңірінің қоғамдық ұйымдары ортақ іске тамшыдай болса да үлестерін қосуға ұм­тылуда. Таяуда «Семей ядролық сынақ по­лигоны мүгедектері Батыс Қазақстан об­лыс­тық қоғамы» қоғамдық бірлестігі қала­лық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағ­дарламалар бөлімінің қолдауымен мү­ге­дектерге арнап бос жұмыс орындары­ның жәрмеңкесін ұйымдас­тырды. Жастар мә­дениет са­райында өткен жұмыс жәр­­меңкесіне өңір­дегі «Аз­ғыр» және «Капус­тин Яр» сынақ полигонынан зар­дап шек­кен­дер мен мүгедек­тер қоғамынан келу­шілер көп болды.
Шара барысында «Семей ядролық сынақ полигоны мүгедектері қоғамы» қо­ғам­дық бірлестігінің төрағасы Мағжан Бисенғалиев мүге­дек­терге арналған жұмыс жәр­меңкесінің өңірде тұң­ғыш рет өткізіліп отырғанын айтты. Қазірдің өзінде жұмыс сұраған 3000-нан астам мүгедектің тізімде тұрғанын айтқан ол әлеуметтік аз қамтылған тұрғындарды қолдау мақса­тын­да осындай шараны алдағы тамыз айын­да облыстық деңгейде ұйымдас­ты­руды жоспарлап отырғандарын жеткізді.
Қалалық жұмыспен қамту және әлеу­меттік бағдарла­малар бөлімі жұмыспен қам­т­у және еңбек рыногын сараптау сек­торының меңгерушісі Бейбіт Сүлейменов­тің мәлімдеуінше, аталмыш жұмыс жәр­мең­кесіне 32 мекеме қатысып, олардың тара­пынан 100-ден астам жұмыс орны ұсы­нылды. Қазірдің өзінде үшінші топтағы жеті мүгедектің әлеуметтік жұмыста жүр­генін жеткізген ол тағы үш адамның  қайта даяр­лау курсында оқып жатқанын айтты. Бұда­н басқа, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен келісімшартқа отырған «Бәйтерек», «Диа­бет», «Арба», «Шырақ», «Бибі Ана» қо­ғам­дық бірлестіктері  мен «Қазақ соқырлар қоға­мының Орал оқу-өндірістік кәсіп­орны» ЖШС пайда болған жұмыс орнын үнемі ұсынып отырады. Бүгінде аталған қоғамдық бірлестіктерде 23 мүгедек жан еңбек етуде. Оларға жалақы жергілікті бюджет есебінен төленеді.
Бейбіт Хамитұлының айтуынша, бұл – қалалық жұмыспен қамту және әлеу­мет­тік бағдарламалар бөлімінің биылдыққа өткізіп отырған 10-шы бос жұмыс орны жәр­меңкесі. Алдағы уақытта мұндай ша­ра­ларды тұрақты өткізу көзделуде.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста