Министрлік суицид жасаған сарбаздардың өліміне жауаптыны атады

Қазақстан Қарулы Күштеріндегі әрбір әскери қызметшінің өліміне Қорғаныс министрлігі жауапты. Бұл туралы ведомствоның тәрбие және идеологиялық жұмыс департаментінің бастығы Серік Борамбаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.

Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында министрлік өкіліндеріне жыл басынан бері 4 әскери қызметші өз-өзіне қол салғанын еске салды. Мұны көпшілік «дедовщинамен» байланыстыратынын атап өткен тілшілер сарбаздар өлімі үшін кім жауапты екенін сұрады.

 

«Өкінішке қарай, Қарулы Күштерде мұндай фактілер болды. Бірақ Қарулы Күштердің де қоғамның бір бөлігі екенін атап өткен жөн. Қоғамда болып жатқан барлық процестер Қарулы күштерде де жүреді. Сіз қазір айтқан мәселе де бар. Бірақ біз нақты анықтауымыз керек: біз Қарулы Күштер құрылымы болып саналамыз, тек Қорғаныс министрлігіне бағынатын әскери бөлімдерге жауап бере аламыз. Бізден бөлек, Ішкі істер министрлігіне, Ұлттық қауіпсіздік комитетіне, Төтенше жағдайлар министрлігіне және Мемлекеттік күзет қызметіне бағынатын әскери бөлімдер де бар», - деп түсіндірді Қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Қамалетдинов.

 

Министрліктің тәрбие және идеологиялық жұмыс департаменті бастығының міндетін атқарушы Серік Борамбаев ведомство әскери қызметшілердің қаза болуына жауапты екенін айтты.

 

«Біз жауаптымыз. Әрбір жағдай марқұмның туыстары мен жақындары үшін ғана емес, барлық Қарулы Күштер үшін де орны толмайтын қайғы. Бұл ретте жауапкершілік төменгі деңгейден Қорғаныс министрлігінің басшылығына дейін бәріне артылады. Сондықтан әр жағдай жеке және ерекше тәртіпте қарастырылатынын түсіну керек. Қарулы Күштер мен басқа әскерлер мен құрылымдар бар. Мерзімді қызмет сарбаздары, келісімшарт бойынша әскери қызметшілер, офицерлер бар. Офицерлермен және келісімшарт бойынша әскери қызметшілермен байланысты өлім де әртүрлі: ауырып қайтыс болғандар, дол-көлік апатына ұшырағандар бар, өйткені олар қоғамның барлық азаматтары сияқты қызметке келіп, кешке үйіне кетеді. Содан кейін олар қарапайым азаматтар сияқты күнделікті мәселелермен айналысады», - деді Серік Борамбаев.

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста