Министрлік Қазақстанда Yandex.kz сайтының ашылмау себебін түсіндірді

Министрлік Қазақстанда Yandex.kz сайтының ашылмау себебін түсіндірді

Цифрлық даму министрлігі Қазақстанда Yandex.kz сайтының істемей қалу себебін түсіндірді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.

9 тамызда Қазнет пайдаланушылардың көпшілігі Yandex.kz сайтын аша алмады. Министрлік бұл шектеуге қатысты түсініктеме берді.

 

"2023 жылдың 9 тамызынан бастап Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2018 жылғы 13 наурыздағы № 38/НҚ бұйрығымен бекітілген Интернеттің қазақстандық сегменті кеңістігінде домендік атауларды тіркеу, пайдалану және тарату ережелерінің 16-тармағының 6-тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағынан тыс аппараттық-бағдарламалық кешендерде интернет-ресурсты орналастырғаны үшін www.yandex.kz домендік атауы жұмысы тоқтатылды", – делінген хабарламада.

Министрлік "Яндекс" ААҚ-ға компания пайдаланатын деректерді өңдеу орталықтарының орналасқан жері және ҚР азаматтарының дербес деректерін қорғау шаралары, сондай-ақ "Яндекстің" құқық қорғау және арнайы органдармен өзара іс-қимыл жасау қағидаттары туралы толық ақпарат беруді талап ете отырып, сауал жолданғанын мәлім етті.

 

Бұған дейін БАҚ беттерінде Ресейдің федералды қауіпсіздік қызметі Қазақстандағы "Яндекс.Такси" қызметіне қатысты мәліметтерге тәулік бойы рұқсат алатыны туралы ақпарат тараған.

 

Қазақстандағы Яндекс Go компаниясы бұл ақпаратқа түсініктеме беріп, Ресей заңнамасы Қазақстандағы қызметке және оның пайдаланушыларына қатысты қолданылмайтынын жеткізген.

 

 

Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста