Мектептің жаны – мұғалім

Мектептің жаны – мұғалім

Алаштың мақтанышы Ахмет Байтұрсыновтың кезінде былай дегені бар: «Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектебі һәм сондай болмақшы, яғни мұғалім білімді болса, білген білімін басқаға үйрете білетін болса, ол мектептен балалар көбірек білім біліп шығады. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, оқыта білетін мұғалім».
Қазір әлемдік бәсекеде ғылым мен технологиясы жетілген елдер көш бастап келеді. Сөз жоқ, олардың біздің ел секілді енді дамып келе жатқан елдерге саяси-эко­номикалық тұрғыдан үстемдік етуі сол ғылым мен технологияға және со­лар­ды оқып-игерудің негізін қалайтын білім жүйесінің дұрыс жолға қойылуына бай­ла­нысты. Соның арқасында олар эко­но­ми­калық зор табыстарға жетіп, қолайлы жағ­дайда өмір сүруде. Біздің елдің де қазіргі уақытта алдына қойған негізгі мақ­сат­та­рының бірі жас ұрпаққа саналы білім беріп, ғылыми технологияны игерту болып отыр. Сондықтан қазақстандық жас ұрпақ­тың кемел келешегінің саналы білім мен тағылымды тәлім-тәрбие алуда екені не­гіз­гі мақсат-мүдделердің біріне айналды.
Еліміз Тәуелсіздікке қол жеткізіп, өз ал­дына дербес ел болғаннан бері білім бе­ру­дің жаңа технологиялары жаппай иге­рілуде. Әрбір оқушы мен студенттің ком­пьютер мен электронды құрал-жаб­дық­тарды жетік меңгеруіне, әлемдік ғаламтор жүйесіне еркін енуіне мүмкіндік жасалып жатыр. Қазіргі таңда еліміздің оқу орындарында жаңа технологиялармен оқыту жаппай қолға алынуда.
Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өз сөзінде білім беру жүйесі қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыру бүгінгі өмір тала­бы екенін айта келе: «Жаңа формацияға жаңа педагог қажет», – деген. Демек, елі­міз­дің қазіргі мектептеріне жаңа заманға лайық «жаңа мұғалім» дайындау қажет. Мұның түпкі мақсаты – мұғалімдердің тәрбиешілік, педагогтық әлеуетін, қабіле­тін кеңірек ашу. «Жаңа мұғалімнің» бүгінгі заманда жаңаша ойлайтын, уақыт ағы­мы­мен үндес жұмыс істейтін, ең бастысы, жас ұрпақтың нағыз тәрбиешісі болғаны абзал. Бұл үшін мұғалім дайындауды жаңаша ұйым­дастыру біздің педагогикалық бағыт-бағдардағы басты мақсатымыз болуы қажет.
Алдағы уақытта еліміздің білім жүйе­сіне толықтай енуі қажет болып отырған жаңашыл білім беру үдерістерін, оның іс-әрекеттері мен құрылымдарын анықтау мақсатында бірқатар іс-тәжірибе қолға алы­нып жатыр. Әлбетте, бұл еліміздің жаңа буын ұстаздарының білім-білік­ті­лі­гіне, рухани-мәдени әлеуетіне, қоғамдық-әлеуметтік жағдайына, қоғамдағы орны мен рөліне, құқықтық-саяси мәдениетіне, әсіресе мәртебесіне байланысты. Сон­дық­тан да қазақстандық коғам мен ел Үкіметі педагог-ұстаздар мәртебесіне әрқашан алаң болып келеді. Себебі қазіргі таңда елі­міздің білім беру жүйесін одан әрі жетіл­діру, мемлекеттік білім беру стан­дар­ты мен бағдарламаларын жүзеге асыру, жаңа технологиялар мен жаңа буын оқу­лық­тарын дайындап, оларды оқыту үдерісіне енгізу, еліміздің білім саясатының ұлттық моделін қалыптастыру тәрізді ма­ңыз­ды мәселелер мұғалім-оқытушылар қауымына келіп тіреледі. Олар өздерінің кәсіби шеберлігі мен іскерлігін, кәсіби дайын­дығы мен біліктілігін жетілдіруге ын­та­лы болса ғана бұл мақсат баянды бол­мақ.
Демек, инновациялық білім беру жүйесі арқылы интеллектуалдық ой өрісі дамыған жас ұрпақ тәрбиелеуді одан әрі жетілдіру заман ағымына ілесу үшін қажет болып отыр. Осыған орай өскелең ұрпаққа қазіргі қоғам талабына сәйкес сапалы бі­лім беру, оларды әлемдік бәсекеге қабілетті маман, кәсіп иесі етіп оқытып даярлау мә­селесі педагогика ғылымында жаңа әдіс­на­малық негіздегі ғылыми зерттеулердің көп болуын талап етеді. Оның бірден-бір шешімі отан­дық білім ордаларының оқу үдерісіне оқу-әдістемелік, педагогикалық-психо­ло­гия­лық, ақпараттық-комму­ни­ка­циялық т.б. жаңа технологияларды батыл ендіруінде екені барша жұртқа түсінікті бола бастады.
Білім беру саясаты мен оның жүйесі бойынша дүниежүзінің алдыңғы қатарлы дамыған елдерінің, сондай-ақ қазіргі уақытта біздің елдің де ұстанып отырған саясаты – ең алдымен жас ұрпаққа сапалы білім беру барысында оқу-тәрбие ісін тиімді ұйымдастыру. Бұл оқу-тәрбиелік қарым-қатынас кезінде шәкірт пен ұстазға қо­лайлы жағдай туғызатын, барлық жағдайы қарастырылған оқытудың жаңа амал-тәсілі болып саналады.
Қазіргі заманның жалпы орта білім беретін мектебі – жаңа қоғам мектебі, яғ­ни болашақ мектебі. Оның негізгі ұста­ны­мы, біздің ойымызша, оқытуды ізгі­лен­діру, өзін-өзі дамытатын, дұрыс шешім қа­был­дай алатын, өзін-өзі жетілдіріп өсіруші, тәр­биелеуші тұлға қалыптастыру болып табылады.
Өркениетке бет бұрған еліміздің жас­тары – ертеңгі мемлекет тірегі, егемен еліміздің кемел келешегінің жасампаздары. Кез келген мемлекеттің ең басты ұстанымы мен қажеттілігі барша бұқараның ертеңіне деген сенімі мен үмітін нығайту деген қағи­даға иек артсақ, сол сенім мен үміттің берік болуы үшін әлемдік бәсекеге қабі­лет­ті мамандар дайындау үдерісі бала­бақ­ша­лардан бастау алып, жоғары оқу орын­дарында жалғасын таппақ. Сондықтан да бұл мәселелердің нәтижелі болып орын­да­луы педагог қадрлардың жан-жақты біліктілігімен тығыз байланысты.
Сәуле ДӘУІТОВА, Абай атындағы ҚазҰПУ Әдебиеттану және тіл білімі ҒЗИ директоры, филология ғылымының докторы

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста