Мектепке орамал тағып кеген оқушының ата-анасы айыппұл төлейтін болды

Мектеп формасын сақтамаған оқушының ата-анасы ендігі жерде ҚР ӘҚБтК-нің 409-бабы 2-тармағына («Ата-аналардың немесе өзге де заңды өкілдердің ҚР білім беру саласындағы заңнамасында көзделген міндеттерді орындамауы немесе тиісінше орындамауы») сәйкес, он айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде (22 690 теңге) айыппұл төлейді. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте хабарланды.

Әңгіме негізінен балаларын сабаққа жібермейтін және балаларының басынан орамалын алмайтын ата-аналарға қатысты болып отыр.

Облыстағы білім саласын бақылау департаментінің бөлім басшысы Аманбай ХҰСЫНОВТЫҢ айтуынша, бір жылдың ішінде кодекс талабын екінші рет бұзған, яғни, мектеп формасын сақтамай, басына орамал тағып келген оқушының ата-анасына уәкілетті органдар сотқа жүгіну арқылы сот шешімімен айыппұлдың көлемі екі есеге өседі.

- Біздің департаментте әзірге мұндай фактілер тіркелген жоқ, - дейді Хұсынов.

- Десек те, біздің дереккөздеріміздің ақпаратынан белгілі болғандай, сіздің департаментте Ы. Алтынсарин, Т. Амандосов және №1, 8, 10 мектептерде білім алатын оқушылардың ата-анасына айыппұл салуға қатысты бес материал қаралуда жатыр екен?

- Қазіргі уақытта ол бойынша аталған мектептерде ата-аналармен түсіндіру жұмыстары жүріп жатыр. Егер, бұл жұмыстар нәтижесін бермесе, яғни ата-аналар мұғалімдердің жарғыға сүйеніп қойған талабына бағынбаса, мектеп жарғысына сәйкес, айыппұлдар салынатын болады.

Облыстық дін істері басқармасының басшысы Қайролла КӨШҚАЛИЕВ 2011 жылдың 11 қазанында шыққан «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңның 3-бабы 7-тармағына («Ешкімнің де өзінің діни нанымдары мен себептері бойынша Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарында көзделген міндеттерді атқарудан бас тартуға құқығы жоқ») тоқталды.

- Өткен жылдан бастап жүргізілген бірқатар түсіндіру жұмыстарынан кейін 136 ата-ананың 96-сы мектеп талаптарына келісіп, қыздары орамалдарын шешті. Ал талапқа бағынбағандарға білім беруді бақылау департаменті мен дін істері басқармасы шара қолданады, - дейді Қ. Көшқалиев.

Оның айтуынша, деструтивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек көрсететін «Шапағат» және ақпараттық-талдау орталығы мамандары мектептерге зерделеу жұмыстарын жүргізу кезінде оқушылар арасында «орамал таққым келмейді, бірақ ата-анам таққызып отыр» деген жауап алған.

- Кей отбасылардың айыппұл төлеуге мүмкіншілігі жоқ. Айыппұл салғаннан кейін жағдай өршіп кетпей ме?

- Жақында орталық мешітте болған кездесуде бір жамағаттың жігіті айтып қалды: «Біз қазір орамалды жеңсек, ертең міндетті түрде пәндер мәселесін қозғаймыз» деп. Яғни, балаларын сабаққа қатыстырмау туралы айтылып отыр. Сонда олардың мақсаты - мемлекеттің ішінен мемлекет құру болып тұр. Егер біз бүгін бұл мәселені жіберіп алсақ, ертең одан да күрделісіне кез болуымыз мүмкін.

Облыстық білім беру басқармасының басшысы Нұрсәуле САЙЛАУОВАНЫҢ айтуынша, мектептерде қыз балалар орамал тағып қана қоймай, сабақ кезінде әнұранға қосылмау, сурет салу мен дене шынықтыру сабағына «харам» деп қатысқысы келмейтін оқушылар көбейген.

- Бір жылы мен дене шынықтыру сабағынан кейін келесі сабаққа қатысқан 9-сынып оқушысының басы мен мойны терлеп, шылқып тұрғанын көрдім. «Ауыстыратын басқа орамалың бар ма?» деп сұрағанымда, әлгі оқушы қыз бала өзі де орамал таққысы келмейтінін айтып, бірақ әке-шешесіне ол жөнінде айтпауын өтінді, - дейді Н. Сайлауова. - Бұл бір ғана мысал, ата-анасының мәжбүрлеуімен орамал тағып жүрген осындай қыз балалар біздің мектептерде өте көп. Мектептердегі жарғыға сәйкес, оқушы қыз баланың мектеп формасы тізеден 10 сантиметр төмен, үсті ақ, асты қара киім және бас киімсіз болуы керек. Одан бөлек, ата-аналар баласының құқығын бұзып, мектепке жібермей отыр. 

azh.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста