Математика білімнің ғана емес, азаматтық өркендеу құралы да

Математика білімнің ғана емес, азаматтық өркендеу құралы да

Еліміз егемендігі, ондағы туындап жатқан әлеуметтік-эконо­ми­калық өзгерістер, республиканың әлемдік білім кеңістігіне енуін ескеретін қазіргі кезеңдегі мемлекеттік білім беру саясатын жүзеге асыруды және жалпы орта білім берудің мемлекеттік стандартына сәйкес, мазмұны мен оқытудың барлық әдістемелік жүйесін құ­зы­рлы­лық тұрғысынан қайта құруды талап етуде. Мұнымен қатар, Қа­зақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаев елді жаңғырту стратегиясын іске асырудың табыстылығы, ең алдымен, қазақстандықтардың біліміне, әлеуметтік және дене болмысы, көңіл-күйлеріне байланысты екендігіне ерекше мән берілген. Еліміздің экономикалық, әлеуметтік және саяси өркендеуі үшін алдымен отан­дық білімді жетілдіру, өзінің және оған жақын мамандықтарды еркін ме­ңгерген, мамандығы бойынша әлемдік стандарт деңгейіне сай нәтижелі жұмыс атқара алатын білікті кәсіби құзырлы мамандар дайындау қажеттігі даусыз.
Білім берудің негізгі құралы – мате­ма­тика. «Математика – теоремалар түрінде баяндалған фактілер жиынтығы ғана емес, әдістер арсеналы және ғылымның әртүрлі салаларын және практикалық іс-әрекет­терін сипаттайтын тіл». Ғылым мен техни­ка­ның даму қарқыны, экологиялық үде­ріс­терді басқару теориялары күннен-күнге ма­те­матикалық сипат алып отырғаны, қуат­ты электрондық есептеуіш техни­ка­ла­ры­ның пайда болуы, олардың өндірісте кең көлемді қолданылуы, техниканың эко­но­микалық үдерістерді басқаруға ара­ла­сып отыруы, математиканың, басқа ғы­лым­дар секілді, жоғары қарқынмен даму үс­тінде екенін көрсетеді.
Математиканың жалпы білім берудегі құн­дылығы, оның ғылыми теориялық із­де­ністерімен бірге практикалық қол­да­ныс­та­рының да ауқымының кеңдігінен-ақ бел­гілі. Математика тек білімнің өркендеу құ­ралы емес, ол бүкіл адамзаттың өркендеу құ­ралы екенінде ешбір күмән жоқ. Себебі ма­тематика барлық мамандық иесінің ло­гикалық ойлау қабілетін дамытады.
Математика бізді қоршаған әлемді, оның сұлулығы мен ішкі гармониясын кө­ру­ді және түсінуді үйретеді, әсемдік се­зіміне тәрбиелейді.
Қуатты электрондық есептеуіш техни­ка­ларының пайда болуы, олардың өн­ді­ріс­те кең көлемде қолданылуы, техниканың эко­номикалық үдерістерді басқаруға ара­ла­сып отыруы математиканың, басқа ғы­лым­дар секілді, жоғары қарқынмен даму үс­тінде екенін көрсетеді.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан Рес­пу­­бликасының Президентінің «Бәсекеге қа­білетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті ха­лық үшін, бәсекеге қабілетті ұлт үшін» ат­ты Жолдауында «Ұлттық бәсекелестіктің қа­білеті бірінші кезеңде білімділік дең­гейімен айқындалады» деген.
Математиканың құдіретін білетін ҚР бі­­лім және ғылым министрі Б.Жұ­­­­ма­­ғұ­лов­­тың математика мұға­лім­де­рі­­нің «Қазақстан­да мектепте ма­те­ма­ти­ка­лық білім берудің қа­зіргі жағдайы мен бо­лашағы» атты I съе­зін ұйым­дастыруы орын­ды болып отыр. I съез­­дің 2011-2020 ж.ж. білім берудің бағ­­дарламасын жүзеге асыруда білімді жа­­­ңарту, маман дайындау жүйесін мо­дер­ни­зациялау және болашақта мектепте ма­те­м­атикалық даярлықтың кепілдік деңгейін қам­тамасыз ету мәселелерін шешуде мәні аса зор.
Білімді жаңарту мәселесі
Қазақстан жоғары халықаралық бедел­ге ие болып отырғанда елді жаңғырту стра­те­гиясын іске асыру тікелей білімді жа­ңар­ту­мен байланысты. Себебі біздің мем­ле­ке­ті­міз әлеуметтік экономикалық қарқынға сай дамуында және әлемнің қарқынды да­мып келе жатқан бәсекеге қабілетті 50 елі­нің қатарына кіруінде білім мен ғылым ең ма­ңызды рөл атқаратыны – ақиқат. Бүгінгі қа­лыптасқан білім жүйесінде, ма­ман­дар­дың кәсіби дайындық деңгейі мәселесінде кем­шілік аз емес. Сондықтан жоғары пе­да­гогикалық оқу орындарының алдына қо­йылатын мақсат ғылым мен білімді жо­ғары сапалы деңгейге көтеру үшін ма­ман­дар­дың құзырлылығын арттыру және стра­тегиялық міндеттерді шешуге бағытталған түбегейлі қайта өзгертулер енгізу болып отыр.
2007 жылдың 28 ақпанында «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Қазақстан Рес­публикасының Президенті Н.На­зар­баев­тың Қазақстан халқына Жолдауында «оқу жоспарларына жаратылыстану ғы­лым­дары бойынша, бірінші кезекте, ма­те­ма­тика мен ақпараттанудан қосымша са­ғаттар немесе пәндер енгізілу керектігі» ай­тылды. Осыған орай стандартқа мате­ма­тика мен информатикадан сағаттар қо­сылып, өзгертулер енгізу қажет.
Маман дайындау жүйесін модер­ни­за­циялау
Жоғары білім сапасы ең жоғары халық­аралық талаптарға жауап беруі үшін жо­ғары педагогикалық оқу орындарында ма­ман дайындау жүйесін модернизациялау қажеттігі туды.
Математика мұғалімін кәсіби да­йындауда оның әдістемелік құзырлылығын қалыптастыру, еліміздің болашағы – жас­өс­пірімдерді оқыту және тәрбиелеуге қа­жет, ұстаздың кәсіби дайындық деңгейін анық­тайтын болғандықтан, ол мемлекет, қо­ғам, жоғары педагогикалық оқу орын­да­рының үйлестірілген іс-қимылдары ар­қылы жүзеге асырылады.
Мемлекетіміз жан-жақты өркендеуі үшін алдымен отандық білімнің дамуын талап етіп отыр. Қазір еліміздің орта мек­теп­терінде білім беруден бастап, жоғары оқу орындарында мұғалімдер дайындау сапасын жетілдіру және 2020 жылға қарай орта білім беруде 12 жылдық оқыту мо­делін енгізуге дайындық табысты жұмыс іс­теу ісі қолға алынуда.
Кез келген білімді, оның ішінде мате­ма­тиканы меңгеруге, баланың қасиеттері мен қабілеттері ерте, бес жасқа дейін қа­лып­тасатыны мәлім. Олай болса, баланы жас­тан, мектепке дейін тәрбиелеу мен оқы­туға үлкен мән берілген жағдайда ға­на, математикалық білім сапасы қажетті дең­гейге көтеріледі.
 Болашақ математика мұғалімдерін кәсіби дайындауда математиканы оқытудың басты мақсаты – математикалық білім беру ғана емес, оқушылардың ол білімнің практикалық қолданысын білуі. Сондықтан оқытушылар студенттерді жоғары оқу орны қабырғасында тек математикалық ақпаратпен қаруландырып қоймай, сол ақпараттарды олардың логикалық ой елегінен өткізіп, баға беру және оны оқушыларға жеткізу, үйрету мәселелеріне баулуы керек.
Болашақ маманды дайындау мәселесі қоғам дамуының барлық кезеңдерінде өзектілігін жойған емес. Себебі адамзаттың дамуының әр сатысында қоғамның әлеу­меттік-экономикалық міндеттері өзгеріп отырады да, мамандарды дайындау мәсе­лесіне де жаңа талаптар туындап оты­рады.
Математикалық даярлықтың кепілдік деңгейін қамтамасыз ету
Елімізде әлеуметтік-экономикалық өз­ге­ріс­терге байланысты болашақ ин­же­нер­лер, биологтар, экономистер, социологтар және т.б. мамандар терең математикалық дайындықты қажет етіп отырған кезде, педагогикалық оқу орындарының қабырғасындағы математика мұғалімінің кәсіби дайындығын жоғары деңгейге көтеру үшін шаралар жасауымыз қажет.
«Әрбір мемлекеттің болашағы мек­те­бінде қалыптасады. Бүгінгі мектеп оқу­шы­лары – ертең елдің иесі болатын, елді бас­қа­ратын азаматтар».
Негізгі мектептің математика курсына қа­рапайым математика негіздерімен қатар, бүкіл әлемдегі білім беру жүйесінде кеңінен қолданылатын стохастика эле­мент­тері енгізілді. Мектеп тәжірибесіне ық­тималдықтар теориясы мен мате­матикалық статистика элементтерін енгізу мектеп мұғалімдерін қосымша дайындауды талап етеді.
Қазіргі ақпараттық технологиялардың қар­қынды даму кезеңінде мектеп оқу­шы­лары ақпараттық теле-қатынастық құ­рал­дар арқылы өз бетінше білім алады. Сон­дықтан мектеп оқушылары ЭЕМ-мен және оның құрылғыларымен, ақпараттық тех­но­логия құралдарымен жұмыс істей білуге дағдыландырылады.
Математикалық білім сапасын қажетті деңгейде сақтау мемлекетті дамытудың және оның қауіпсіздігін сақтаудың кепілі болғандықтан, мектеп бітірушілердің және жоғары оқу орындарына оқуға түсу ем­тихандарын тек тестілеу жүйесімен жүргізу тиімсіз әдіс, оны білімді тексерудің басқа әдіс­терімен интеграциялау қажет деген пікір туындайды.
«Қазақстанда мектепте математикалық білім берудің қазіргі жағдайы мен бо­ла­шағы» атты I съезі жоғарыда кел­ті­ріл­ген мә­селелерді талдап, қорытындыға ке­лу­ге жә­не өзара тәжірибе алмасуға мүм­кіндік ашып отыр.
Қорыта келе, 2030 жылға дейінгі Қа­зақстанның Даму стратегиясының қарпі мен рухын негізге ала отырып, 2020 жылға дейінгі Қазақстанның Даму стратегиясын орындауға Қазақстанның барлық ға­лым­дары мен мектеп математика мұғалімдері ат­салысып, Елбасының қойып отырған «елі­міздің алдағы онжылдықтағы эко­номикалық өрлеуін қамтамасыз етіп, жаңа мүмкіндіктерге жол ашу» деген мақсатын жүзеге асыруға атсалысады деп ой­лаймын.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста