"Масқара, ұят жағдай": алматылықтар "Көктөбеге" кіру құнының күрт өскеніне шағымданды

Алматылықтар «Көктөбеге» көлікпен кіру ақысының күрт қымбаттап кеткеніне шағымданды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.


Желіде Көктөбенің жоғарғы станциясына дейін көлікпен жүру бағасына шағымданған әйелдің видеосы тарады.

«Бұл масқара, ұят жағдай. Мына жерден өткенде кішкентай әріппен жазылған жазу тұр, ол дұрыс көрінбейді. Қараңыздар, 7 мың және 200 теңге айырмашылық бар (Омаров, 41 мекенжайындағы паркингке кіру – ред.). Егер айырмашылығы 10 есе, құны 2000 теңге болса түсінер едім. Бірақ, бұл 7 мың теңгеге не істейсіздер? Күніне бұл жерден кем дегенде 200 көлік өтеді. Бұл ақшаны не істейсіздер сонда?» деп шағымданды Алматы тұрғыны.


«Көктөбе» әкімшілігінің хабарлауынша, паркингке кіру құны 1 мамырдан бастап өскен.

«Бұрын құны 5 мың теңге болған, қазір 7 мың теңгеге өсті. Сондай-ақ, прайсқа сәйкес паркингке (төменгі станция) кіру құны - 500 теңге, парк аумағына мопед немесе мотоциклмен кіру құны – 1500 теңге, микроавтобуспен кіру – 15-25 мың теңге арасында» делінген хабарламада.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста