Машани тұрған үй мәдени мұраға жатпай ма?

Қазақтың үлкен ғалымы, фарабитанушы Ақжан Машани Қарқаралыда білім алған жылдары тұрған ағаш үй бұзылудың аз-ақ алдында тұр. Соңғы он жылдай уақытта ешкім қоныстанбаған тарихи үйдің есік-терезесі шегеленіп, маңындағы тал-бұта қырқылып, қоршауы да қалмаған.

Құрылғанына екі ғасырдай болып қалған Қарқаралы қаласында мұндай тарихи ғимараттар жетерлік. Олардың қатарында Құнанбай қажы салдырған мешітті, Абай тоқтаған үйді, Пришвин, Потанин түскен үйлерді атауға болады. Ескі қаладағы осынау үйлердің дені қазір жақсы қалыпта. Бірқатарында мәдени-әлеуметтік нысандар орналасып, қазір де халық үшін игілікке қызмет етіп келеді. Абай тоқтаған көпес Х.Бекметовтің үйі қазір музыка мектебі болса, Шоқан, Потаниндер түскен үй қазір аудандық кітапхана ғимараты, Ахмет Байтұрсынов салдырған ғимарат әлі де іргелі оқу орны болып тұр. Қазақ ақыл-ойының кемеңгерлері қатарында Қарқаралыда ғұмыр кешкен Ақжан Машани атамыз түскен үй ғана жетімсіреп тұрған жайы бар. Біз бұл туралы ғалымның 100 жылдық мерейтойы қарсаңында да бірнеше дүркін мәселе көтеріп, БАҚ беттерінде жазған болатынбыз. Өкініштісі, аталмыш шаруа әлі шешімін табар емес. Жақында осы үйді бір отбасы сатып алғаны да белгілі болып отыр. Қаланың ортасында орналасқан ескі үй бұзылып кетсе, орнын сипап қаларымыз анық. Ал Қарқаралының тарихи нысандары тізімге алынған аудандық кітапханада да аталмыш нысанның дерек-дәйегі тізілмеген. Ендігі мәселе – ғалым тұрған үйді мемлекет қамқорлығына алу екені кәміл...

Ерлан МҰСТАФИН, өлкетанушы:
– Осыдан бірнеше жыл бұрын мен Алматыда тұратын қарқаралылық Ғани Ысқақов деген жерлесімізбен етене араласып тұрған едім. Ғани ақсақал Қарқаралының ең құрметті адамдарының бірі болған Имам қаридың туысы болады. Имам қари көп жылдар бойы Қарқаралының имамы болған. Қари атағы ол кісіге «Құран Кәрімді» жатқа білген соң берілген. Ғани ақсақал маған көп мәлімет берді. Сол кісіден мен Қарқаралы педтехникумының оқушысы болғанда Ақжан Машанов Имам қаридың үйінде жатқанын естідім (Ғани ақсақал Ақжан Машанов қайтыс болғанша араласқан. Тірі кезіндегі өсиетімен қайтыс болғанда сүйегіне де түскен). Ақжан Машановтың ғылымдағы орыны туралы көзіқарақты әр азамат біледі. Осы Имам қаридың үйінің қазіргі жағдайы өте аянышты. Ол үйде соңғы тұрған Имам қаридың ұлы Әннас 1990 жылы қайтыс болды, содан бері иесіз. Үйдің есік-терезелерін, еденінің тақтайларын, шатырын белгісіз біреулер бұзып әкетіп жатыр. «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша ауданымызда тарихи ескерткіштерді сақтауда біршама істер атқарылды. Имам қаридың үйін Қарқаралының тарихи ескерткіштерінің бірі ретінде сақтап қалуымыз керек шығар. Бұл үйде үлкен тарих жатыр. Таяуда осы үйді қарқаралылық бір отбасы жекеменшігіне аударып алыпты. Бірақ ол отбасының да қаражаты тапшы болу керек, үй сол қалпында тұр. Жаңа иелері үйді бұзып тастамаса деймін.

Түлкібай ТӨЛЕУОВ, Қарағанды облысы бойынша тарихи-мәдени мұраларды, ескерткіштерді қорғау инспекциясының директоры:
– Қарқаралыдағы тарихи орындар, атақты адамдар түскен үйлер туралы мәселе соңғы жылдары ретімен қолға алынып келеді. Ақжан Машани тұрған үй де біздің назарымызда. Егер тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау мәселесінің шешілуіне келсек, онда ең әуелі жергілікті жерден біздің инспекцияға хат түсірілуі керек. Ал оның алдында аталмыш нысанға қатысты тарихи құндылығын анықтайтын деректер толымды болғаны абзал. Біз өз кезегімізде зерттеулер жүргізіп, егер тарихи маңыздылығы анықталса, онда сол үйдің ішкі қалпы болмаса да, сыртқы сипатын сақтап, қорғап қалуға, ескерткіш тақта орнатып, тіркеуге алуға әзірміз. Бұл мәселе тарихи нысандардың меншік түріне байланысты ерекшеленбейді. Мейлі, жекеменшік бағыныста болса да, мемлекет қорғауына алынады.

Алаш-анықтама
Ақжан әл-Машани 1906 жылы 2 қарашада Қарқаралы ауданының солтүстік шығысындағы «Жамантайдың қара қуысы» делініп кеткен, бүгінгі Нұркен ауылына қарасты Кіші Қарақуыста туған. Ақжан әл-Машани Жер ғылымының жаңа саласы геомеханиканың негізін салушы, әрі отызға тарта ғалымдар тәрбиелеп, оның Қазақстандағы мектебін қалыптастырушы. Ол 200-ден астам ғылыми мақалалар, 10 монография, 5 оқулық, және 8 ғылыми-көпшілік кітаптар жазып, артына өшпес мұра қалдырған ғалым. Әсіресе фарабитану саласындағы еңбектерінің дені әлі баспа жүзін көрмеген. Ақжан Жақсыбекұлы әл-Фарабидің қазақ топырағында туып қана қоймай, қаны түркі екендігін дәлелдеген.
Ол Лиссабон, Лондон, Париж, Рим, Берлин, Каир қалаларындағы ірі кітапханаларға хат жолдады. Әл-Фараби қабірін тауып, одан бір уыс топырақты туған жер топырағына әкелген.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста