Күйеу үшін күрес...

...жүріп жатқандай бүгінде. Расында заңды түрде некеге тұрып, үбірлі-шүбірлі болып отырған отбасылардың іргесі сөгіліп, ажырасушылардың армиясын көбейтіп жатқаны жасырын емес. Оған себеп: оның себебі көп. Орта жолға келгенде ойы бұзылған отағасылар бала-шағасын жетім, әйелін жесір етіп тастап кетіп жатыр. Біреудің бақытын ұрлап жүрген бұрымдылардың қосар үлесі қомақты мұнда. «Өзгені жылатып, тартып алған бақыттың баянды болмайтынын» айтып жарты күн тегін лекция оқысаң да құлағына қыстырмайды. Өйткені олардың кейбірі «басқалар күйеуге тиіп бақытты болып жатқанда менің құқым жоқ па?» деп қақылдауы мүмкін. Көзі тұнғандардың дені обал-сауапты ұмытты. Әйел байғұс балаларының болашағы үшін шырылдап әлек, ал жақындығы жездедей-ақ әке шіркін жас иісті аңсап, отбасы бақытын бір шетке сырып қойып сайрандап жүр. Мұның бәрі де кейде тоқтықтың, баршылықтың әсеріндей сезілетіні бар. Өйткені «өзбек байыса там салады, қазақ байыса қатын аладының» кері келіп тұрғандай.
Бұрынғы заман болса ғой, жағдайы жарасып тұрса 5-6 әйел алуға рұқсат беретін, ол күн келмеске кеткен. Бір адамға тұсаулап қойған заман орнаған соң әйел-байғұс отағасын өзгелерден қорғаштап әлек. Содан бері әйелдердің психологиясына мықтап дәнін сепкен «бір әйелге – бір күйеу» қағидасының тоңы жібіген жоқ. Алда-жалда тоқал алу мәселесі заңмен бекітіле қалғандай жағдай болса, онда күндестер көтерілісі бұрқ ете қалуы кәдік...Бүгінде күйеу үшін күресіп, тіресіп, тіпті шаштасып жұлысып жатқандар көп... Отбасының іргесінің мықтылығына мақтанатын қазақ бүгінде ажырасушылардың алдын бермей тұр. Егер осы санатта әлемдік санақ жүргізілсе бәйгені шаппай алатын түрі бар. Бейресми мәліметке сенсек отау көтергендердің үштен бірі ажырасады екен... Босағаның бекемдігіне баса мән беретін бұрынғылардың басты ұстанымы бүгінгіге жүрмей қалды. Оған кінәлі азған қоғам, тозған заман дерсіз. Сол қоғамды да, заманды да адам жасап отырған жоқ па? Сонда жанұясынан безінердей жалпақ жұртқа не көрінді?...
Расында бүгінде психологтар сырттан қызық іздеген отағасын ойлап, отбасын қалай сақтап қаламын деп басын тауға да ұрып, тасқа да ұрып, жүйкесі жұқарған әйелдердің көмек сұрап келуі тым көбейіп кеткенін алға тартады. Бұрын өзге ұлттың өкілдері жиі келетін болса бүгінде қандастарымыздың қарасы қалыңдап бара жатқанға ұқсайды. Отбасы құндылығын сақтауға шамасы келмей қайығы қайраңдаған, қайғысы көбейген қазақ әйелі күйеуі үшін тіпті қолын қанға малып, қылмысқа да барып жатыр.
Бірінші оқиға
Осыдан бір-екі жыл бұрын оңтүстіктегі мақталы өңірде орын алған сұмдық жағдай жұрттың жағасын ұстатып еді. Ел қатарлы бала-шағасын бағып, тып-тыныш тұрып жатқан отбасы дүкен ашып, тойхана салған отағасының ақшасы көбейген сайын тынышы қаша бастайды. Күйеуінің солақай жүрісінен секем алған отанасы өзінше «ізге түсіп» байқайды. Өздерінің дүкенінде сатушы болып істейтін жап-жас үлбіреген қыз отағасының ұйқысын ұрлап жүрген болып шығады. Сол күннен бастап отағасын райынан қайтармақ болып жанталасқан әйелдің дегені бола қоймайды. Ақырын да айтады, бақырып та айтады. Бірақ онысынан түк шықпайды. Бұдан басқа жолды дұрыс деп таппаған отанасы киллер жалдап әлгі жас қызды өлтірмек болады. (Төрде тұрған «көрнекі құрал» темір жәшіктен көргені болар). Жалдаған адамы қызды өлтірдім деп мол ақша алады. Алайда жеңіл жараланған қыз тірі қалып, өзін кімнің атқанын тәртіп сақшысына баяндап береді. Жіптің ұшы қолдарына тиген соң індетіп ізге түскенде тапсырыс берушінің кім екені белгілі болып қалады. Осылайша отбасын сақтап қаламын деп жанталасқан әйел қолына кісен салынып, темір тордың аржағына аттанды.
Екінші оқиға
Күйеуінің көптен бері әлдебіреумен көңіл көтеріп жүргенін байқаған келіншек оңтайын тауып оқиға үстінде ұстап алады. Өз көзімен көріп, қаны басына шапқан әлгі көңілдесінің шашына жармасып, жұлып тастайды ғой. Бірақ бұл ісі өзіне бәле болып жармасты. Өзін кінәлі санамаған көңілдес ертесіне ішкі істер бөліміне арыз түсіреді. Заңды некеде тұратын әйел бір-екі бап бойынша айып тағылып, бірнеше күн отырып шығуына тура келеді. Сонда бұл жерде кім кінәлі?
Үшінші оқиға
Төрт бала-шағасы бар келіншек отағасының сыртта біреумен ойнап-күліп жүргенін білген соң, «уақытша шығар, есі кірген соң бала шағасын ойлап, райынан қайтар» деп кешіріммен қарап көп күтеді. Алайда жұмысындағы жеңіл жүрісті есепші келіншектің етегінен мықтап ұстаған күйеуі шындап кетуге айналғанда отанасы қайынжұртынан көмек сұрап, сауын айтады. Ағайын туысы жиылып барып әлгі келіншекті ортаға алады. Ал сөз тыңдауға құлқы жоқ отағасын бауырлары тіпті ұрып сабасына түсіруге тура келіпті. Үйге алып келген соң «көзі ашылған» күйеу солақай жүрісін зорға тыйса керек. Төрт баласының бал күлкісін қайдағы жоқ желөкпеге айырбастайтындай ер-азаматтарымыздың басына не күн туған сонша? Жұрттың бәрінің ағайыны дәл осылардыкіндей іргетасы құлайын деп отбасын құтқарып қалуға барын сала ма екен? Жоқ. Ауызбіршілігі бар ағайын аз бүгінде. Тіпті «бірің өліп, бірің қал» деп сырттай сөгетіндер де табылады.
Көріпкел күйеулерді қайтара ала ма?
Қазақ әйелі бәріне де көнбіс. Бәріне де шыдайды. Бүгінде «сырттай күліп жүргенмен, жасырын жылайтындар көп». Бір дәнішпан айтпақшы «күйеуімен ажыраспай тұрып жатқандардың бәрі де кешірімшіл, кезінде кешіргендер ғой». Бәлкім солай болар. Қалай болғанда да бүгінде зинақорлықтың тым асқынып, тым ушығып кеткен кезеңі болып тұр. Тәп-тәуір тұрып жатқан отбасының іргесіне біз сұғып, бекемдігіне сызат түсіргісі келетіндер көп. Жанұясының жылуынан жерініп сырттан қызық іздеп, сенделіп жүрген серісымақ көп. Көзін төңкергендердің көңілін қалдырмауға тырысатын қырмасақал көп. «Блатной» киінген, қалтасы қаржыға толы қарынбайларды қармағыма қалай іліндірем деп өзеуреген жезөкше көп. Соңғы нәтижесі: ойраны шыққан отбасы, шайқалған шаңырақ, жылаған жетім бала, көзі жастан құрғамаған жесір. Бүгінгі қоғамның көп бөлігін де солар құрап отыр. Өте қорқынышты. Осылай кете берер болса қазақ отбасыларының болашағы құрдымға құлатар құздың басында тұрғандай әсер қалдырады...
Дәл осы мәселеге байланысты бүгінде көріпкел, бақсы құшнаштардың дәурені жүріп тұр. «Жүгіртпе жолдан», жарнама газеттерінен «сүйіктіңізді қайтарамын», «дуадан арылтамын» деген іспетті жар салған жарнама көп. Өмірлік жартысын теріс жолдан қалай қайтарамын деп басы қатқан әйелдердің дені солардың құрбаны. Тіпті қызықтыру үшін «100 пайыз кепілдік беремін», (алдынан шығып келгендей), «көне грек шамдарымен сиқырлаймын»,(ол қандай шам екенімен ешкімнің шаруасы жоқ, бәлкім базардағы қытай шамдары шығар?), «ақ магия, қара магиямен айналысамын» (қаншалықты күнә болса да) деп қорықпай жазатындар да, соны ойланбай жариялайтын газеттер де бар. Бір-екеуімен тілдесіп те көрдік. Өзін Маша деп таныстырған магияшы: «алдыма келетіндердің дені осы отбасы мәселесімен шарқ ұрып жүргендер. Бұрын жұрт жұмысын жүргізуге, жолын аштыруға көп келетін, ал бүгінде расында отбасынан жерінген отағасылары жөнге саламын деп шырылдаған әйелдер басым... Менің жұмысым 80-100 мың теңге тұрады, «оқитыным» бар, «үшкіретінім» бар. Басы айналып басқаға аңсары ауып жүргендер 1 аптаның ішінде есін жиып жөнге келе бастайды. Осылайша отбасына оралады. Көмек сұрап келетіндердің арасында біреудің күйеуін тартып алғысы келетін оперистер де бар. Оларды бірден білемін. «Үйлену тойыңдағы, не болмаса шақыру билетіне түскен суретіңді алып кел» деймін. Бірден қашқақтай бастайды. Менің де күнәға батқым келмейді. Ондайларды қуып жіберемін» дейді.
«Сотка» деген сор болды
Бәзбіреулердің отбасының ортасына түсуіне сеп болған осы атың құрғыр сотка. Жігітшілік жасап жүргендер «Қалима әже, Қатипаш апа» деп жазып қойса да, жүрегі сезгіш жұбайлар жүріскер күйеулерінің нақсүйерін тап басарын қайтерсіз. Соры қайнаған сотка деген бәле ажырасушылардың санының көбеюіне қомақты үлес қосуда. Алақандай пласмас тетіктің қазақтың түбіне жететін түрі бар. Ері қорылдап ұйықтап жатқанда түнгі сағат 3-те келген смс-ті оқып қояды. Телефон қоңырауларын аңдып жүреді. Тұрсынбек айтпақшы үйге келген соң қызғыштай қорғап, тығып жүретін сотканың салған ойраны мұнымен бітпек еместей. Ақыры сотканың соңына түсіп жүріп күйеуін «ұстап» алғандар көп. Ақырында мұның соңы ажырасуға әкеп соқтыруда. Әу баста бір-бірін көрмесе тұра алмастай, сүйіп, күйіп үйленгендердің ақырында мінездері үйлеспей іргесін сөгуге себеп болып жатқан тек сотка ғана емес. Оның батпандай себеп салдарлары жетерлік. Бара-бара күйеуі бар әйелдер эксклюзивке айналатын түрі бар. Өйткені бүгінде кім көп, ажырасқан келіншек көп. Бір ғана ұжымды алып қараңыз. Көбісінің күйеуі жоқ. Бірі ажырасқан, бірін тастап кеткен, бірі қайтып келген. Шала тағдырлы жандардың бәріне бірдей топырақ шаша алмайсың. Тек шәлкем шалыс мінезімен «бір күйеудің азарына төтеп бере алмаған» (ауылдағы апамның сөзі) қайтып келген қыз көп. Бірі тура жолдан таймай адалдап нан тауып, адалынан күн кешеді. Ал енді бірі ақшасы бар тәуірлеу еркек көрсе сонадай жабысып жолдан тайдырмай айнымайды. Тіпті бала шағасының көз жасына да қарамай. Мұндайлар көпппп. Тіпті желіккен жігіт біткен бүгінде жасырын болса да екінші әйелім бар деп мақтанатын күйге жетті. Ондайлары әрине бәйбіше рұқсат бермесе дұрыс болып саналмайды. Ақшасын төлесе бірінші әйелінің рұқсаты болса да, болмаса да некесін қиып беретіндер де бар бүгінде. Мұның қаншалықты күнә екенін сол пақырлар білсе де білмегенсіп, жалғанды жалпағынан басып жүр.
Гүлбақыт Еркешова, психолог:
- Ер-азаматтардың солақай жүрісіне түсіністікпен қарайтындар да баршылық. Кешіріммен қарап, бала шағасы үшін үйінің берекесін қашырмай отырғандарды да түсінуге болады. Көбіне отағасының өзгелерге көз сүзуіне әйелдерінің де қосар үлесі бар. Ұрыс керіс, айқай шу, жетіспеушілік, отбасында жылылықтың жоқтығы еркекті үйден бездіретіні анық. Ал еркектіжолдан тайдыратын жолбикелердің де үлесі аз деп айта алмаймыз. Еркектің көзін арбайтын киім киіп, қылығымен ыңғай танытып, тіпті көпшілік жиылған ортада қысылып қымтырылмастан ақ «көзін сүзетіндердің» көптігі де шығар көп еркекті жолдан тайдырып жүрген. Отбасыдан бақ ұшқаны бір адамға ғана байланысты емес әрине, сенімдері мен сезімдерін өшіріп алмай үнемі маздап жануы үшін екі жақтан да тамызық керек... Бір күйеудің күйігінен депрессияға түскен әйелдерге көмек қолын созамыз. Тығырықтан шығудың жолын көрсетеміз. Мұндай оқиғалардың соңғы әлетте тым көбейіп бара жатқандығы алаңдатады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста