Күйдіргі күйретіп кетпесін

Күйдіргі күйретіп кетпесін

Күйдіргі (немесе түйнеме, сібір жарасы) – ерте заманнан белгілі, адамдар мен мал арасында көп кездесетін, Жер шарында кең тараған аса қауіпті жұқпалы індеттердің бірі. Бұл індет туралы мәліметтер ертедегі грек, рим жазбаларында да кездеседі. Індет Батыс елдерінде «қасиетті от», ал Шығыста «парсы оты» деген аттармен белгілі болған. Тарихта бұл «оттар» белең алған Жер шарының талай елінде адамдардың мыңдап, төрт түлік малдың жүз мыңдап қырылу фактілері тіркелген.
Ауру қоздырғышы – бациллалар (Bacillus anthracis) сыртқы ортаның әсеріне айтарлықтай шыдамды болмағанымен, олардың споралары өте шыдамды келеді. Мысалы, споралар 110 градуста – 10 ми­нут, қайнаған суда –1 сағат, 110 градус ыс­тықта 3 сағатқа дейін шыдайды. Төменгі градустарда өлмейді. Ал топырақта споралар 50-100 жылдан астам сақталады.
Жаратылысынан мал баққан баба­ла­рымыз бұл індетпен ауырған малдың түріне қарай індеттерін де түрліше атаған: ешкі малының індетін – кебенек, қойдікін – топалаң, ірі қаранікін – қараталақ, кей жер­лерде қарасан, жылқынікін – жаман­дат, түйенікін ақшелек деген. Сондықтан да мал арасында індет тарап, мал өлімі көп болған жерлерді «қарғыс атқан жерлер» деп қораларды өртеп (қазақша дезин­фек­ция), мұндай жерлерден мал-мүлкімен үдере көшіп отырған. Мұндай елді мекен­дер қазір «күйдіргі бойынша стационарлық қолайсыз пункттер» деп аталады, яғни күйдіргіден өлген жануарлардың өлек­се­лері болған немесе кездейсоқ көмілген жерлер.
Республикамызда күйдіргі ауруының жағдайы қалай?
1948 жылдан бастап жүргізілген Қазақ­стан Республикасындағы күйдіргіден ста­ционарлық қолайсыз пункттердің кадас­тры бойынша, қазіргі таңда елімізде 1,5 мыңнан астам күйдіргіден қолайсыз пункт пен 2,5 мыңнан астам күй­діргі індетінің ошағы тіркелген. Олар­дың барлығы да есепке алынып, жайылым, суаттардың жалпы көлемі анықталып, ауру мал көмілген жерлердің координаттары анықталып, «күйдіргі» деген жазу мен тір­кел­ген жылы көрсетілген арнайы белгілер қойылған. Бұл жерлерді өзінің жарылар сәтін күтіп жатқан миналарға теңеуге бола­ды. Олар қай уақытта жарылуы мүмкін? Соңғы жылдары елді мекендерді еріген қар суларының басып қалуы немесе сел шайып кету жағдайлары көбейіп кетті. Сол сияқты каналдар қазу, жолдар салу немесе тұрғын үйлер мен ғимараттар салу кезінде жер қыртысын қопару жұмыстары ескі қорымдар арқылы жүргізілетін болса, жер астында жатқан бацилланың спора­лары жер бетіне шығып, тірі организмге тап болса, бірнеше сағат ішінде өзінің бел­сенділігін көрсете бастауы мүмкін.
Елімізде жыл сайын 5-10 адам күй­дір­гі­мен ауырады. 2011 жылы Батыс Қазақ­стан облысының Жәнібек ауданында бір фермер өзінің ауырып тұрған сиырын мал дәрігеріне көрсетпей сойып, етін төрт ауыл­ға таратып жіберген. Нәтижесінде екі адам (өзі және әйелі) күйдіргімен ауырды.
Сол сияқты Шығыс Қазақстан облы­сы­ның Үржар ауданында мал дәрігерлеріне көрсетілмей сойылған малды жілік­теуге қатысқан бір адам күйдіргіден зардап шекті. Дәрігерлер мен мал дәрігерлерінің күндіз-түні жүргізген індеттің алдын алу шараларының арқасында ауру малдың елге таратылған еті, терілері табылып өртелінді. Ауырған адамдар уақтылы емха­наға жатқызылып, аурудан айығып шықты. Өткен 2012 жылы Алматы облысы Кербұ­лақ ауданы Жайнақ ауылдық округі Жаңа­лық ауылында ауру сиырды союға қатыс­қан төрт адам күйдіргімен ауырды. Эпидемиологиялық тексеріс барысында мал иесі ветеринариялық қызметке хабар бермей, сиырды сойғызып, ветери­нария­лық анықтамасыз адамдарға таратқаны белгілі болды. Нәтижесінде ауру сиырды бауыздаған бақташы мен оған көмектескен тағы үш азамат күйдіргі жұқтырған.
Індет адамдарға қалай жұғады?
Ауру қоздырғышы күйдіргіден қо­лай­сыз елді мекендерде топырақта бола­тындықтан, мал сол жерлердегі шөбі тықыр жайылымдарда топырақ арқы­лы жұқтырып ауырады. Ал адамдар көпшілік жағдайда сол ауырған малды сойғанда, жіліктегенде, ішек-қарнын аршығанда ауру жұқтырады. Немесе мал өнімдерін шала пісіріп (кәуап, қуырдақ, бауырды шала пісіріп жеу т.б.) тамаққа пайда­лан­ған­да, ал кейде сол қолайсыз елді мекендерде әртүрлі жұмыс­тар істегенде топырақтан жұқтыруы да мүмкін. Қоздырғыштар, негізінен, адам ағзасына терідегі ұсақ жарақаттар арқылы енеді.
Аурудың алғашқы белгілері қандай?
Аурудың алғашқы белгілері ауру жұқтырған соң бірнеше сағаттан бастап, ары кеткенде сегіз күн арасында біліне бастайды. Науқастың ыстығы көтеріліп, маза­сызданып, ауру қоздырғышы енген жердегі терісі қышып, қызыл дақ пайда болып, кейін үлкейіп беті күлдіреп, қара қошқылданып, екі-үш күннен кейін, жиектері қызарған ортасында көмірдей қара дағы бар, қан мен сарысуы бөлінген іріңсіз жараға айналады. Күйдіргі жарасының басқа жаралардан ерекшелігі сол – бұл жара ине сұқсаң да ауырмайды. Науқас адам тездетіп дәрігерге қаралмаған жағ­дай­да ісігі ұлғайып денесіне жайылуы мүм­кін. Ал сирек те болса қоздырғыш адам денесіне асқазан арқылы немесе өкпе арқылы енетін жағдайда ауру түй­не­ме деп аталады. Бұл жағдайда науқастың температурасы өте жоғары көтеріліп, қан түкіріп, қан құсуы, ішектерінен, әйелдердің жатырынан қан кетіп қайтыс болуына әкеліп соғуы мүмкін. Бұрындары түйне­ме­мен ауырған­дар түгелдей қайтыс болған.
Күйдіргіден сақтану жолдары қандай?
Мал ауырған жағдайда ауру малды бөлек ұстап немесе малды лажсыз бауыз­да­ғанда мал дәрігерлеріне хабарлау керек. Меншіктегі мал басын жасырмай, жыл сайын уақтылы мерзімдерде барлық мал­ды сібір жарасына қарсы ектіру қажет. Күйдіргіден қолайсыз елді мекендердегі мал жайылымдарынан, суаттардан мал­­ды аулақ баққан жөн. Аурудың алғаш­қы белгілері байқалған жағдайда тездетіп дәрігерге қаралу керек. Мал ұстайтын азаматтар, мал дәрігерлері мен сани­тар­лық-эпидемиологиялық қызмет маман­да­ры­нан, жалпы, малдан жұғатын ауру­лар­дан қалай сақтану керек екенін біліп және малшыларын үйретіп отырғаны абзал.
Мал сатып алғанда не болмаса ет алған­да тек базарлардан немесе арнайы ет сататын жерлерден, мал дәрігерлерінің бақылауынан өткізілген орындардан алу керек және сатушылардан арнайы анық­та­ма талап етіңіздер. Көрінген жерде саты­ла­тын, анықтамасы жоқ малды немесе етті сатып алудан сақтаныңыздар.
Ескертетін жайт – Қазақстан Респуб­ли­ка­сының Ауыл шаруашылығы мен Ден­сау­лық сақтау министрліктерінің бірлескен бұй­рығымен бекітілген «Қазақстан Рес­пуб­ли­касында күйдіргі бойынша эпи­де­мио­логиялық-эпизоотологиялық және сани­тарлық індетке қарсы (про­фи­лак­тикалық) әрі ветеринариялық іс-шара­ларды ұйым­дас­тыру» санитарлық-эпи­де­мио­логиялық және ве­те­ринариялық-санитарлық ережесі мен нормаларына» сәйкес, күйдіргінің топырақты ошақтарына өте жақын аумақ­тардың жер учаскелерін жалға беруге, жеке­меншікке сатуға, бау-бақшалар  ре­тінде немесе өзгеше пайдалануға бол­май­ды.
Тағы да айтарымыз, күйдіргіден ста­цио­нарлық қолайсыз елді пункттердің кадастры туралы мәліметті респуб­ли­ка­мыз­дың барлық облыстық аумақтық бас­қар­маларының ветеринариялық инс­пек­ция­ла­рынан, облыстық және аудандық сани­тарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармаларынан ала аласыздар.
Ақылбек МЫРЗАБЕКОВ, Республикалық «Санэпид сараптама және мониторинг» ҒТО-ның жоғары санатты дәрігер-эпидемиологі, ҚР денсаулық сақтау ісінің үздігі

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста