К*тіңді айырып, жұмыртқаңды қайырып жіберем. Хиджаптағы келіншек оқырмандарына сес көрсетті
Аузынан ақ ит кіріп, көк ит шыққан келіншектің видеосы ғаламторда қызу талқыланып жатыр. Оранып отырып аузына келгенін айтқан ол Атырауда тұрады екен, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "Экспресс К"-ға сілтеме жасап.
Facebook әлеуметтік желісінде пайда болған видео көптің ашуын туғызды. Онда хиджап киген келіншек оқырмандарына аузына келгенін айтып, боқтап жатыр.
Мықты болсаңдар Атырауға келіңдер! Мына жерде отырып-ап жаза бермеңдер! К*тіңді айырып, жұмыртқаңды қайырып жіберемін, — дейді хиджаптағы келіншек.
Былапыт сөздер авторының кім екені әзірге белгісіз. Ал желі қолданушылары желіде отырып желіккен келіншекті жауапқа тарту керек деп түрлі пікір жазған.
"Бетсіз! Ата-анасына сөз келтірген бейшара! Аузынан шыққан сөздер жиіркенішті!", "Орамалды шешіп айт, қорлама орамалды! Садаға кет, албасты", "Құзырлы органдар қайда қарап отыр? Көпшілікке мынадай былапыт сөз айтқаны үшін заң алдында жауап берсін. Мұндай құдайсыз, арсыздарды тек заңмен тыю керек", "Аналарымыздың ақ жаулық орамалын қор қылды-ау", "Хиджап киіп алып не істеп отыр? Масқара!", — деп жазды желі қолданушылары.