КӨШІП-ҚОНЫП КӨРМЕГЕН ҮЙ ҚАДІРІН БІЛСІН БЕ?

КӨШІП-ҚОНЫП КӨРМЕГЕН ҮЙ ҚАДІРІН БІЛСІН БЕ?

Ащы да болса шындық. Бүгінде он қазақтың тоғызы жалдамалы пәтердің «басыбайлы» тұрғыны. Олай дейтініміз еліміздегі тұрғын үйлердің бағасы Еуропаның орталық қалаларындағы пәтер құнымен деңгейлес. Республикада орта таптың үлес салмағының басым екендігін ескерсек, «қолжетімді баспана» қазірге «қолжетімсіз» болып тұр. Себебі, жалақысы орташа есеппен 50-60 мың теңге азаматтың тырнаштап жиған тиыны қай жыртығына жамау болсын? Бұған дейін де статистика агенттігі хабарлағандай, елімізде тұрғын үй бағасы қымбаттамаса, арзандаған жоқ. Мәселен, өткен жылдың сәуір-қазан айлары аралығында көпқабатты тұрғын үйлердің әр шаршы метрі 10-12 пайызға қымбаттаса, көрсеткіштер 2012 жылмен салыстырғанда үй құнының 9 пайызға өскенін көрсетіп отыр. Былтыр бір бөлмелі пәтердің құны Астанада 55-65 мың долларға жетсе, Алматыда 75-85 мың доллар төңірегінде, ал, Өскеменде 29-35 мың долларға ауытқыды. Биыл Елордада бір бөлмелі пәтер құны 58-71 мың доллар болса, Алматыда 78-91 мың долларға  жеткен. Өскеменде 33-41 мың долларға саудаланып жатыр. «Алаш айнасы» осы мәселені зерттеп көрген еді.

Мына қызықты математикалық көрсеткішті қарайық:
Орташа кірісі 60 мың теңгені құрайтын қарапайым қызмектердің ішпей-жемей 1570 ай көлемінде жинағандағы қаражатына Алматы немесе Астанадан 75-85 мың долларлық бір бөлмелі пәтер алуға болады екен. 1570 ай дегеніміз 130 жыл... орташа есеппен екі ұрпақтың алмасуы. Егер баныктен кредит алған жағдайда, оның өтемі, өзі түгіл ұрпақтарына мұра болып қаламақ... Ал, біз «қолжетімді баспана» деп ұрандап жатамыз...
Жуырда ұлттық кеңес мәжілісінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «елдегі макроэкономикалық көрсеткіштердің өсуіне орай, тұрғын үй құрылысын дамытуға мүмкіндік туып отыр. Бірақ, көбісі дәмететіндей, мемлекеттік ақшаны таратпаймыз. Барлығы нарық талаптарына сай қайтарулы болады. Біз тек жеңілдіктермен несие береміз». – деді Президент.     
Еліміздің индустрия және сауда министрлігінің ақпаратына сүйенсек, облыс әкімшіліктеріне республикалық бюджеттен пайызсыз несие беріледі. Өз кезегінде, олар тендер өткізіп құрылыс компанияларына тапсырыс береді. 3 жылға ескерілген бағдарлама шеңберінде республикалық бюджеттен 138 миллиярд теңге бөлінеді деп жоспарланған. Мемлекет қаржысы пәтердің шаршы метрінің құнын 350 доллардан асырмай салатын мердігерлерге ғана ескерілген. Ал, тендер жүрген жерде қаржылық «сеңдер» бірге жүретіні айтпасада түсінікті. Сондықтан мердігердің күйі «аш бала тоқ баламен ойнамайды. Тоқ бала аш қаламын деп ойламайды». Орта таптың бұл бағдарлама аясында баспаналы болуы «алтын балықтан» «тілек» дәметкенмен бірдей.
Бірінші, елдегі тұрны үй құрлысын салу, оны нарыққа бейімдеу ірі монополисттердің қолында. Шындығында, оған биліктің де құзіреті жүре бермейді. Мемлекет басшы шаршы метрінің құнын 350 доллардан асырма деген тапсырмасы болса да, мердігер жаңа бір бөлмелі пәтердің құнын ең төмені 40-50 доллардан кем сатпайтыны тағы бар. Егерде, мемлекет жерді ашық тендермен берсе, төмен ставкалармен несие берілсе, құрылыс материалдарын негізінен өзімізде өндірсе жағдай өзгереді. Мәселен, тегін үйлерді мемлекет бергенді қою керек. Себебі, осыған орай басқа салынып жатқан үйлердің өзіндік құны көтеріледі.
Екінші, тұрғын үй бизнесінде орталықтанған жүйе жоқ. Сондықтан болар ірі қалада баға аспандаса, шет аймақта керісінше. Мәселен, Өскемен мен Алматыдағы жаңадан тұрғызылып жатқан тұрғын-үйге жұмсалған құрлыс материялы, еңбеккүш бірдей болғанмен  пәтер құнының парқы екі есе. Орталықтандырылған жүйе жоқ демекші миллиардтан астам халқы бар Қытай елінде бұл мәселе жүйелі жолға қойылған. Қытай орталық партия комитетінің қаулысына сай елдегі тұрғын үйдің әр шаршы метірінің құны бекітілген. Әрине, әлеуметтік сауалнама нәтижесінде орта таптың экономикалық әл-аухатын ескере отырып, «өгіз өлмейтін, арба сынбайтындай» жағдай жасаған. Егер мердігер сол белгіленген бағдан жоғары не төмен бизнес жүргізсе, заңдық жауапқа тартылады. Қытайда орташа есеппен бір шаршы метірге—2500 юань (62500 теңге).
Үшінші, қолжетімді баспанаға кезекке тұру, онда да тамр-таныстық, қала берді жемқорлық жайлаған. Арзанға алып, қымбатқа саудалаған алыпсатарлықтың әлегі тағы бар. Мемлекеттің ақшасын желге ұшырып жатқандар да аз емес. Мысалы, осыдан бірнеше жыл бұрын Қарағанды қаласында мемлекет қаржысымен салынған тұрғы үйдің сейсмологиялық талапқа сай емес құрылыс материялдарын пайдаланып, нәтижесінде  көп қабатты үйдің жермен жексен болғандығы әлі есімізде. Соның салдарынан құрылыс компаниясының қаражаты көлеңкелі бизнеске жол алған.
Төртінші, «Қолжетімді баспана—2020» бағдарламасы аясында да шешімін таппаған түйін көп. Кезекке тұру жағында «ала қойды бөле қырқып» жатқан жағдай бар. Нақтылап айтар болсақ, ЖШС қызметкерлері аталмыш бағдарлама аясында үй кезегіне тұра алмайды.

Баспанасызды алаңдатқан сұрақ:
Үй кезегіне кімдер тіркеле алады? ЖШС қызметкерлері «жетім бұрышты» қашанғы жағалайды?
ҚОЛЖЕТІМДІ БАСПАНАҒА ҚАЙТКЕНДЕ ҚОЛ ЖЕТЕДІ?
Есіңе бірден Тұрсынбек Қабатовтың «қолжетімділігі соншалық ваннада отырып, кухняға қолың жетеді» деген «пәтер» туралы әзіл-шыны аралас монологы түседі. Әрине, ірі қала түгілі шағын ауданда өмір сүрсең де жалдамалы пәтерсіз күн қараң.  
Бүгінгі қоғам, қазіргі билік жастардан көп еңбек талап етеді. Дегенмен, басында тұрақты баспанасы жоқ, әр қалада «Жетім бұрыш» жағалап, жалға пәтер іздеген жастың проблемасын түсіне бермейді. Тіпті, естігісі де келмейді. Жастар мәселесіне байланысты  «күлтөбенің басында күнде жиын» өтеді. Солардың ішінде ең маңыздысы 29-жасқа дейінгі жастардың мемлекет тарапынан үймен қамтамасыз етілуі. Жастар өз мәселесін көтере қалса, «қолжетімді баспана» кезегінде жастарға барынша мүмкіндік жасалынған» деп ақтала салады.
Жуырда Шымкентте баспана кезегіне тұруға ниет еткен жас отбасының апта бойы құжат жинап халыққа қызмет көрсету орталығына барғандағы естіген жауабы: «Сіздер кезекке тіркеле алмайсыздар, өйткені, жекеменшік мекемеде қызмет атқарасыздар» деп құжаттарды кері қайтарыпты. Апта бойғы еңбектері еш кеткен олар «Бұл қалай? ЖШС қызметкерлері мемлекет қолдауынан қашанғы шет қалады? Баспана кезегіне тұруға ешқандай мүмкіндігіміз жоқ па?» деп сұраған екен. Сондағы кеңесшілердің айтуларына қарағанда, ЖШС қызметкерлері ешқандай санатқа кірмейді екен. Тек «Қазақстанның тұрғын  үй құрылыс жинақ банкіне» ақша жинау арқылы ғана баспанаға қол жеткізуімізге болатын көрінеді. Ол үшін қалалық тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі бөлімінің тұрғын үй секторына барып, кезекке тұру керек екен. Сектор қазіргі таңда «Қолжетімді баспана -- 2020» бағдарламасының бірінші бағыты бойынша  тиісті шараларды атқарып келеді.
Онан игіліктенетіндер:
1)    Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері;
2)    Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
3)    Халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз тобы;
4)    Мемлекеттік қызметкерлер, әскери қызметкерлер, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері;
5)Жалғыз тұрғын үйі апатты жағдайда деп танылған азаматтар тіркеле алады. Ал, әлгі біз рәсімдеген айлық табыстың бір жылдық есебі туралы анықтама халықтың әлсіз тобына жатқызылатын азаматтардан ғана талап етіледі екен. Олар:
1)    Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген адамдар;
2)    І және ІІ топтағы мүгедектер;
3)    Мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасылар;
4)    Заңдарда белгіленген тәртіппен бекітілетін аурулар тізімінде аталған кейбір созылмалы аурулардың ауру түрлерімен ауыратын адамдар;
5)    Жасына қарай зейнет жасына шыққан зейнеткерлер;
6)    Кәмелетке толғанға дейін ата-аналарынан айырылған жиырма үш жасқа жетпеген жетім балалар;
7)    Оралмандар;
8)    Экологиялық зілзалалар, табиғи және техногенді сипаттағы төменше жағдайлар салдарынан тұрғын үйінен айырылған адамдар;
9)    Көпбалалы отбасылар;
10)     Мемлекеттік және қоғамдық міндеттерін, әскери қызметін орындау кезінде, адам өмірін құтқару кезінде, құқық тәртібін қорғау кезінде қаза тапқан адамдардың отбасылары;
11)     Толық емес отбасылар.

Міне, осылайша  мемлекеттік «қамқорлыққа» тек мемлекеттік мекемеде еңбек ететін жастар ғана ие бола алады. Ал, ендігі жерде басқа салада еңбек ететіндер баспана мәселесін шешудің басқа да жолдарын қарастыру қажеттігі туындап отыр. ЖШС-да жұмыс істейтіндерді шеттеткен дұрыс па?
Қағазбастылықтың кесірінен мына есіктен ана есікке сабылумен жүргенде реттеген тиісті құжаттарының уақыты өтіп кетеді. Соның ішінде мүлікке берілетін анықтама небәрі 10 күнге жарайды екен. Жас отбасылардың да үй алуы қиындап кеткен секілді. Мемлекет тарапынан берілетін тұрғын үйге қол жеткізу үшін олардың жасы 29-ға толмауы ләзім. Ерлі-зайыптылардың бірі орда бұзар жасқа келіп қойған болса, ондай жағдайда екеуі де баспана ала алмайды. Ережеде  жастары осы шамаға жетпеген күннің өзінде олардың некелескеніне кемінде екі жыл болуы көзделген. Бірақ, жас отбасылардың барлығы бірдей осы талаптарға сәйкес келеді ме? Әрине, жоқ. Бірі орда бұзар жасқа жақындап қалса, екіншісінің некелескеніне әлі екі жол толмауы мүмкін. Әйтеуір «берместің асы піспес» әңгіме...
ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНК ЖАСТАРҒА КӨМЕКТЕСЕ АЛА МА?
Жас отбасыларды баспанамен қамтамасыз ету мақсатында екінші деңгейлі банктер арқылы бірнеше бағдарламалар қолға алынып жатыр. Алайда, айлық жалақысы арзымайтындардың ондай игі шаралардан өз несібелерін алуы екіталай. «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде» жеке шоттары және оған кемінде үш жыл ақша аударған болуы шарт. Осы уақыт аралығында үй құнының шамамен елу пайызын жинап үлгеруіңіз керек. Үй алғаннан кейін айына кем дегенде 50-60 мың теңге құйып отыру керек. Ал, айлық табысын пәтер ақы мен күнделікті тұрмысына жеткізе алмай жүрген жастар қалай баспаналы болмақ?..
Мәселен, Шымкентте 10 мың 137 адам баспана кезегіне алынған. Қалада соңғы үш жылдан бері үй беріліп келеді. Жақында баспана алу үшін алдын ала ақша жинайтын тағы бір бағдарлама шығыпты. «Қазақстан ипотекалық компаниясы» ипотекалық ұйым» деп аталады. 2014 жылдан бастап осы ұйымның үйі салынбақ. Соған тұрғын үй секторының мамандары бүгіннен бастап үміткерлердің құжаттарын қабылдауда. Осы бағдарлама арқылы кем дегенде 15 жыл банкке ақша жинап, үйлі болуымызға мүмкіндік бар көрінді. Бірақ, бұл ұйым өз жұмысына жаңа жылдан бастап кірісетіндіктен, оның талаптары толық жарияланған жоқ. Сондықтан, ақша жинап үй алуға болатынын немесе болмайтыны туралы әліге «сиыр құймышақтанып» келеді.  Ал, қайткенде де баспана кезегіне тұру үшін түрлі көз бояушылыққа барып жатқандар да аз емес көрінеді. Мемлекеттік қызмкеткер болу үшін мектептерге немесе балабақшаларға жұмысқа тұруға болады екен.  Тіпті, жоқ дегенде жарты ставкамен. Бүгін штатқа кірсе, ертең-ақ тіркеуге енуге болады екен.
ПӘТЕР ІЗДЕП САБЫЛҒАН ТАЛАЙ ҚАЗАҚ БАЛАСЫ
Қазақстандық сарапшылардың анықтауымен елдегі ең қымбат пәтер Елордада тіркеліпті. Сарыарқа ауданында орналасқан баспананың құны 14 миллион доллардан асып жығылады. Ал 3 бөлмелі пәтердің аумағы бар-жоғы 90 шаршы метрді құрайды. Мынаны көргенде есіме Астанада қаңтардың қақаған суығында пәтер іздеп жүрген әріптесім «Қаз Айтыс» сайтының тілшісі Тоқтар Жетпіспай түсті.
Тоқтар ЖЕТПІСПАЙ, «Қаз айтыс» сайтының тілшісі:
–Бір апта болды, сандалып жалдап тұрар баспана іздегелі. Бүгін бір күн жұмыстан сұрана жүріп, қолымызда бүктелген "Из бук в руки" атты газетіміз бар "krisha.kz" мен "kn.kz" порталдарын автобусда ақтара жүріп, кешкі сағат сегізге дейін іздедік. Таппадық, қалжырадық, қажыдық. Арендаға берер үйлер жоқ емес бар. Десе де, бір айлық тапқан таянғаныңның құнынан жоғары. Үйге берейін десең, не ішіп, не жеймін деген уайым тағы бар. Ең арзан деген үйге барсақ ішінде сынық тақтай жоқ, не бір тамшы жылы су жоқ. Қаңтардың қақаған суығында иегімізге мұз қатқанша бір районнан бір районға сабылдық. Еххх... ертең тағы іздейміз.

Еліміздегі қымбат пәтерлер тізімді жалғар болсақ, Атыраудағы 9 бөлмелі пәтердің көлемі 250 шаршы метрді құрайды, ал құны - 1,5 млн доллар. Ақтөбедегі 5 бөлмелі пәтердің бағасы - 280 мың доллар. Оның аумағы - 187 шаршы метр. Ақтауда 4 бөлмелі пәтер иелері баспанасын 304 мың долларға бағалап отыр. Оның аумағы 145 шаршы метрді құрайды. Павлодардағы ең қымбат пәтердің құны 265 мың доллар. Үш бөлмелі пәтердің аумағы - 140 шаршы метр.  Өскеменде терезелері өзенге шығатын 4 бөлмелі пәтер 190 мың долларға бағаланады. Аумағы 133 шаршы метрге дейін жетеді. Қарағандыда 4 бөлмелі пәтердің бағасы - 180 мың доллар. Аумағы - 111 шаршы метр. Көкшетауда 3 бөлмелі пәтер 165 мың долларға сатылады. Пәтердің аумағы 123 метрді құрайды. Тараздағы 4 бөлмелі пәтер үшін 130 мың доллар төленуі тиіс.
Ал, Шымкентте 4 бөлмелі пәтер 105 мың долларға бағаланып отыр. 110 шаршы метр аумағы бар пәтердің терезелері Қонаев бульварына шығады екен. Осыны жазып отырып, қиялдап, есеп соқтым. Ол  пәтерде тұру үшін басымнан бақайшығыма дейін қарызданатыным белгілі болғасын, «виши» қиялдаудан лезде айықтым.
Қазақстанның ипотекалық компаниясы бастығының орынбасары Әсет Манабаевтің мәліметіне сүйенсек, республикадағы 11 банк Қазақстан президентінің халыққа жолдауындағы банк пайыздарын төмендету туралы меморандумға қол қойған.
Астананың қозғалмайтын мүлік компаниясы президентінің орынбасары Қасым Еремесовтың пікірінше, Президент жариялаған баға тек бюджеттен бөлінген қаражатқа әкімшіліктердің тапсырысымен салынатын үйлерге ғана қатысты. Бағдарламада жазылған жоспарға сәйкес, Қазақстанда алдағы 3 жылда жалпы ауданы 12 млн. шаршы метрден асатын тұрғын үйлер салынады. Қазақстандағы ең қымбат пәтерлердің тізімін жасады.
Түйін: Жер көлемі жағынан әлемде 9-орындамыз деп мақтанамыз. Мемлекет құраушы ұлтпыз, келешекте толық қанды «Қазақ мемлекеті» боламыз деп мақтанамыз. Масаямыз. Ал, тұлымды ұлың мен бұрымды қызыңның жанын күйзелткен «Баспана» мәселесі Республикалық  тұрғын үй секторын алаңдатпай ма? Ауылдан қалаға жұмыс істеп келген қаракөздің қалада үй кезегіне тұруға болама? Жерінің асты-үсті байлығы Сауд Аравиясынан кем емес елде әр азаматта болуға тиісті қажеттіліктің әлі шешілмей жатқаны неліктен? деген сұраққа  жауап беруге неге дәрменсіздік танытамыз??? 

«Алаш айнасы»

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста