Көрнекті заңгер-ғалым Еркін Оңғарбаев 60-жылдық мерейтойын атап өтуде

Бұл мақалада осы жылы өзінің 60 жылдық мерейтойын атап өтіп жатқан көрнекті ғалым-заңгер, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының құрметті мүшесі, Қазақстан Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі, Қазақстанның құрметті заңгері, заң ғылымдарының докторы, профессор Еркін Әнуарұлы Оңғарбаев туралы сөз қозғағымыз келеді.

 

Еркін Әнуарұлы Оңғарбаев 1961 жылы 3 қыркүйекте Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданы, Шолақ-Қорған ауылында дүниеге келген. КСРО ІІМ Қарағанды жоғары мектебінің түлегі, РСФСР ІІМ Мәскеу университетінің адъюнктурасында оқыды, және кейін Ресей ғылым академиясының мемлекет және құқық институтында докторлық диссертациясын қорғады.

 

Мәскеу қылмыстық құқық ғалым-заңгерлерінің мектебі өкілдерінің бірі ретінде Е.А. Оңғарбаев өзінің қылмыстық құқық саласындағы қазақстандық ғылыми мектебін құра алды. Бүгінгі таңда ғалымның жетекшілігімен үш докторлық және он жеті кандидаттық диссертация, сондай-ақ екі PhD-диссертация қорғалды.

 

 

Е.А. Оңғарбаевтың кәсіби қызметі КСРО ІІМ Қарағанды жоғары мектебінде басталды (комсомол комитетінің хатшысы, оқытушы, аға оқытушы, доцент, бөлім басшысы, басшының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары қызметтерінде 1990-1999 жылдар аралығында жұмыс атқарды). Одан кейін көптеген беделді жерлерде қызмет етті, атап айтқанда, ҚР ҰҚК оқу орындарының басқармасы (басқарма басшысы, 1999-2000 жылдар аралығында); ҚР Парламенті Мәжілісі (төраға кеңесшісі, 2000-2003 жылдар аралығында); «КазГЮУ» Университеті (оқу, оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректор, бірінші проректор, академиялық мәселелер жөніндегі вице-президент, 2003-2007 жылдар аралығында); ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті (төраға, 2007-2010 жылдар аралығында); «Парасат» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» АҚ (басқарушы директор - басқарма мүшесі, 2010 жылдар аралығында); «Астана» Университеті (ректор, 2011-2012 жылдар аралығында); Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (заң факультетінің деканы, оқу ісі жөніндегі проректор, 2013-2015 жылдар аралығында); Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы (бірінші проректор, 2015-2016 жылдар аралығында); Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Дін істері комитеті (төраға, 2017-2018 жылдар аралығында), «Отандастар қоры» КЕАҚ (басқарушы директор, 2019-2020 жылдар аралығында).

 

2020 жылдың қаңтарынан бастап Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің оқу ісі жөніндегі проректоры лауазымында жұмыс атқаруда.

 

Е.А. Оңғарбаев орасан зор тәжірибемен үйлесетін терең теориялық көзқарасы бар, жоғары кәсіби заң білімі мен заң ғылымының дамуына, заңдылықты нығайтуға және ұлттық заңнаманы жетілдіруге баға жетпес үлес қосты және қосып келеді десек артық айтпағанымыз. Мәселен, Е.А. Оңғарбаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне діни қызмет және діни бірлестіктер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Шетелдегі отандастарды мемлекеттік қолдау туралы» Заң тұжырымдамалары жобалары; «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне діни қызмет және діни бірлестіктер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Шетелдегі отандастарды мемлекеттік қолдау туралы» заң жобалары; «Шетелдегі қазақ диаспорасын қолдау және репатриациялау жөніндегі 2020-2030 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама» тұжырымдамасы жобалары авторларының бірі болып келеді.

 

Қылмыстық құқықтың да, жалпы заң ғылымының да қазіргі жағдайын ғалымның еңбектерісіз елестету мүмкін емес. Мәселен, Е.А. Оңғарбаев 140-тан астам ғылыми еңбектердің авторы, оның ішінде «Классификация преступлений и ее правовое значение», «Категория преступлений небольшой тяжести по уголовному праву Республики Казахстан», «Тяжкие преступления по уголовному праву Республики Казахстан»,  «Теоретические основы классификации преступлений в уголовном законе», «Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы» және т.б. сияқты қылмыстық құқық, криминология, құқықтың теориялық проблемалары, білім беру және ғылыми-зерттеу қызметі мәселелері бойынша монографиялар, оқулықтар, оқу құралдары да бар.

 

Е.А. Оңғарбаев өзінің ғылыми еңбектерінде қылмыстарды жіктеудің жалпы теориялық мәселелерін ғана емес, сонымен қатар қылмыстың әлеуметтік-құқықтық мәнін, генезисін, қылмыстық құқықтағы қылмысты жіктеу ұғымын зерттеді, қылмыстарды жіктеу мәселелері бойынша отандық және қылмыстық заңнамаға тарихи-құқықтық талдау жүргізді. Ғылыми ортада Е.А. Оңғарбаев республикамыздың көлемінде ғана емес, басқа да мемлекеттерде де үлкен әріппен жазылған криминолог-ғалым болып есептеледі.

 

Осылайша, Е.А. Оңғарбаев көптеген ғылыми еңбектерінің нәтижесінде Қазақстан Республикасының заң ғылымының қалыптасуы мен дамуына зор үлес қосты және қосып келуде.

 

Қазіргі уақытта Е.А. Оңғарбаев жоғары білім беру саласындағы басқарушы лауазымында қызмет атқара отырып, классикалық канондармен үйлескен қашықтықтан оқытудың инновациялық әдістерін белсенді түрде ілгерілетуде. Бұған бірден бір дәлелі ретінде оның БАҚ-та, жоғары импакт-факторы бар республикалық және шетелдік ғылыми басылымдарда жариялған еңбектері бола алады. Бұл фактор өткен жылы бүкіл әлемге әсер еткен ұзаққа созылған дағдарыс кезеңінде жоғары білім беру мекемесін жаңа деңгейге шығаруға мүмкіндік берді.

 

 

Е.А. Оңғарбаев Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 6D030100 – «Құқықтану», 6D030200 – «Халықаралық құқық» мамандықтары бойынша докторлық диссертация қорғау, философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін беру жөніндегі диссертациялық кеңесінің төрағасы (2015), сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары Академиясының философия докторы (PhD), «Құқықтану» және «Құқық қорғау қызметі» білім беру бағдарламаларының бейіні бойынша доктор дәрежесін беру үшін докторлық диссертацияларды қорғау жөніндегі диссертациялық кеңестің төрағасы (2015-2016) ретінде ғылыми кадрлар даярлау үшін көп жұмыс атқарды.

 

Еркін Әнуарұлының ғылыми шыңдарға жетуі оның көптеген халықаралық және шетелдік конференцияларда, іс-шараларда баяндама, сөз сөйлеуімен расталады. Атап айтқанда, ҚР Ғылым комитетінің төрағасы ретінде ол Парижде өткен ЮНЕСКО форумында баяндама жасаған болатын. ҚР Құқық қорғау органдары академиясының бірінші проректоры лауазымында Бейжіңде өткен Жаһандану дәуіріндегі қылмыстық құқық мәселелері жөніндегі Халықаралық форумның жетінші сессиясына, сондай-ақ Мәскеу қаласында өткен «Ресей Федерациясындағы заңдылық: дәуір сын-қатерлері (Сухарев оқулары)» конференциясына қатысты. Сондай-ақ, «Отандастар қоры» КЕАҚ-да жұмыс істеген кездері, ол репатриацияның құқықтық мәселелерін, шетелдегі отандастарды қолдаудың халықаралық тәжірибесін зерделеуге белсенді қатысып, Польша, Израиль, Оңтүстік Корея және т.б. елдердің мемлекеттік органдары мен өзге де ұйымдары өкілдерімен кездесті.

 

Профессор Е.А. Оңғарбаев әлемнің жетекші ғылыми және білім беру орталықтарында: Беркли қаласындағы Калифорния университетінде, Лондон экономика және саяси зерттеулер мектебінде, Сингапур менеджмент университетінде және т.б. ұйымдарда ғылыми тағылымдамалар мен біліктілікті арттырудан өтті.

 

Ғалымның құрметті атақтары мен марапаттары оның еңбегін мойындаудың жарқын мысалы болып табылады. Жоғары кәсібилігі үшін                           Е.А. Оңғарбаев «Құрмет» орденімен (2006), «Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағымен (2011); келесідей мерейтойлық медальдармен – «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005), «Астана» (2006), «Астанаға 10 жыл» (2007), «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» (2015), «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» (2015), «Астанаға 20 жыл» (2018), «Қазақстан Конституциясына 25 жыл» (2020); төс белгілерімен – «Қазақстан Республикасының білім сласының құрметті қызметкері»  (2004); «ҚР ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» (2006); «Ы.Алтынсарин» (2008); «Мемлекеттік қызмет үздігі» (2018); «Қазақстанның құрметті заңгері» (2020) марапатталған.

 

Ғалымның кәсібилігі мен ғылыми жетістіктері біздей жас ғалымдар үшін үлгі болып табылады. Осы мерейтой аясында профессор Еркін Әнуарұлы Оңғарбаевқа зор денсаулық, отбасылық амандық, ғылыми және шығармашылық әлеуетін, жаңа идеялары мен кәсіби жетістіктерін одан әрі жүзеге асыруға тілектеспіз!

 

 

 

Галиакбарова Г.Г., PhD

Л.Н. Гумилев атындағы

Еуразия ұлттық университеті

азаматтық, еңбек және

экологиялық құқық кафедрасының

доценті м.а.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста