Конго-қырым қызбасына қырын қарамаңыз

Конго-қырым қызбасына қырын қарамаңыз

Конго-қырым геморрагиялық қызбасынан сақтану үшін оның табиғаттағы сақтаушы көзі әрі тасымалдаушы болып табылатын иксод кенелерінің маусымдық өзгерістерін, ауру қоздырғышының жалпы сипаттамасын, клиникалық  белгілерін, жұқпалылық негіздерін білу қажет.
Конго-қырым геморрагиялық қызбасы алғашқы рет 1944 жылы Қырымда жаңа жерді иелену мақсатында келген қоныс­танушылар мен әскерлер арасында болған ауру адамдар арасында зерттеліп, анық­талды. Ғалымдар аурудың кенелер арқылы таралатынын және тасымалдаушы екенін дәлелдеді.
Аурудың табиғи ошақтары көптеген елдердің шөлейтті, жартылай шөлейтті аймақтарында шоғырланған, сондықтан көбіне Африка елдерінде (Конго, Кения, Уганда, Нигерия және т.б.), Косовода, Бол­га­рияда, Қытайда, Ресейде (Ставрополь, Краснодар, Ростов, Астрахан, Қырым) және Орталық Азияда тіркелуде. Ауру 20-60 жас аралығында жиі кездесіп, олардың үлес салмағы 80 пайызға дейін жетеді. Аурудың өршуіне экологияның және климаттың өзгеруі де әсер етеді.
2011 жылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына конго-қырым геморра­гиялық қызбасының анықталған жағдайы туралы Үндістанның Гүджарат штатынан жедел ақпарат түсті. Бұл биыл да эпизо­отологиялық тұрғыдан аурудың шиеленісуі мүмкін екенін көрсетіп отыр.
Қазақстан конго-қырым геморрагия­лық қызбасының табиғи ошақтары бар мемлекеттердің қатарына жатады. Белсенді табиғи ошақтар Оңтүстік Қазақстан, Жам­был және Қызылорда облыстарында орна­ласқан. Сонымен қатар табиғи ошақтар­дың жандану мүмкіндігі Қарағанды, Атырау, Алматы облыстарында сақталу­да.
Соңғы жылдары эпидемиялық жағдай республика көлемінде күрделі жағдайда қалуда. 2010 жылы 19 науқас анықталып, оның ішінде 17-сі Оңтүстік Қазақстан облы­­сынан, екеуі Қызылорда облысынан болды.
Конго-қырым геморрагиялық қызбасы, вирусы бар иксодты кенелер арқылы жұ­ғады. Кененің белсенділік мезгілі еліміздің оңтүстік бөлігінде наурыз – сәуір айлары­ның басында басталады. Осы қауіпті аймақта жалпы саны екі миллионнан астам халқы бар 995 елді мекенде орналасқан тұрғындарға айтарым: міндетті түрде жеке бастың сақтандыру шарасын біліп, төніп тұрған жұқпадан қорғану керек.
Адам аурудың қоздырғышы бар кене шаққанда, кенелері бар  жануармен қаты­нас­та болғанда, оларды жайлағанда, қой қырықтығы кезінде және ауырған адамның қанымен қарым-қатынаста болғанда жұқ­тырады.
Табиғи ошақтың тұрғындары бірінші кезекте кене шағудан қорғайтын арнайы киімді далалық жердегі жұмыста қолданып, жұмыстан соң киімнің сыртқы жағын тек­серіп және кенені үркітетін реппелент­терді пайдалануы қажет. Тұрғындар, әсіре­се ауылдық, қолайсыз аймақтағы тұра­тын­дар тазалық ережелерін сақтауы керек. Қан сорған кенені дереу абайлап, тұмсы­ғын денеде қалдырмауды қадағалаған жөн. Қан сорған кенеге кез келген майды, керосинді  тамызып, пинцетпен немесе мық­ты жіппен ырғау арқылы теріден шы­ғару керек. Егер теріде кененің тұмсығы қалса, оны тікен алғандай денеден алып және шаққан жерді иод тұнбасымен залал­сыздандыру қажет.
 Адам конго-қырым геморрагиялық қызбамен ауырғанда дене қызуы 40 гра­дусқа дейін көтеріліп, келесі күні лоқсып, құсқысы келеді, іші өтеді. Содан кейін, беті ісініп, қызарады, тілінің үсті ағарады. Сыр­қат басталғаннан екі-төрт күн аралығында нау­қастың мұрнынан қан кетіп, ол үш-жеті күнге созылады, кейде асқазанға да қан құйылуы мүмкін, асқазан мен ішекке қан кеткенде, адамның үлкен дәреті қараяды. Тістерінің түптері босап, қанайды, тіпті аузынан бірнеше күн қатарынан қан ағады. Осының салдарынан науқастың жағдайы нашарлап, әлсіреп, жүректің соғуы жиі­лейді. Бұл ауру адамды дер кезінде ем­демесе қазаға ұшыратуы мүмкін. Конго-қырым гемор­рагия­лық қызбасының жеңіл түрі де бо­лады. Мұндайда адамның дене қызуы ұзақ­қа созылмайды, тері астына қан кетіп, тіс түптері қанталайды. Бір-екі рет мұрны­нан қан кетеді, содан кейін адам жеті-он күннің ішінде жазылады. Ал кей жағдай­ларда геморрагиялық қызба ау­руынан жазылу бір жарым-екі айға дейін созылуы мүмкін.
Жеке қорғану шараларынан басқа елі­мізде Үкімет тарапынан жалпы кенеге қар­сы күрес жұмыстары жүргізілуде.
2011 жылы наурыз айында Тараз қала­сында конго-қырым геморрагиялық қыз­ба­сының біркелкі әдістемелік, алдын алу шаралар туралы семинар өткізілді.
Ауруды тұрақтандыру мақсатында биыл да Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Қызылорда облыстарының жергілікті атқа­рушы мекемелерінен кенеге қарсы залал­сыз­дандыру шараларын, мал тұрақтарына, қолайсыз елді мекендерге санитарлық қор­ғаныс аймағын құруды талап етіп отырмыз.
Еліміздегі табиғи ошақтың тұрғындары арасынан 2010 жылы 14722 адамды кене шағып, соның ішінде 796-сы конго-қырым геморрагиялық қызбасына ұқсас қауіпті симптомды белгілерімен ауруханаға жат­қызылып, дер кезінде профилактикалық емін алды және зертханалық зерттеу нәти­жесінен 19 науқастан ғана нақты ауру анықталды.
Республикамыздың Үкіметі эпизоотоло­гия­лық қолайлы жағдай жасауды және малшаруашылық өнімінің қауіпсіз­дігін сақтау мақсатында үш жыл ішінде 61 млрд теңге қаржы бөлінуді жоспарлап отыр. Бұл шара іс жүзінде жергілікті әкім­шіліктердің және ветеринарлық қызмет­керлердің белсенділігі арқасында ғана іске асады.
Геморрагиялық қызба байқалған жер­де малға кене жабыспау үшін оларды дәрілеп, тоғыту керек.
Малды механикаландырылған шомыл­дырғыштармен тоғытқан дұрыс. Мал тұра­тын қораларды, сарайларды креолин­нің 2-3%, гексахлоранның 1% және басқа дә­рі­лердің ерітіндісімен дезинфекциялау орынды. Бұл жұмыстар міндетті түрде ма­ман­дардың бақылауымен жүзеге асыры­луы шарт.
Ауру байқалған жерді, мал қораларын және маңайын, үй ішін т.б. дезинфекциялау керек. Бұл жұмысқа мал шаруашылығы қыз­меткерлері, әсіресе жергілікті тұрғын­дар белсенді түрде қатысуы қажет. Соны­мен қатар тұрғын үйлерде, мал қораларын­да кенелердің болмауын қадағалау ке­рек.
Бір сөзбен айтқанда, әрбір адам мін­дет­ті түрде өз денсаулығын сақтауын, дер кезінде медициналық көмекке жүгінуін, қорғаныш құралдарын, инсектоакари­цид­тердің болуын, аулалардың таза болуын қадағалау керек. 
Аурудың алдын алу үшін қажетті шара­ларды қолдану керектігін өмірдің өзі талап етуде.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста