Компьютерлік ойындарға тәуелділік нашақорлық дертімен тең

Компьютерлік ойындарға тәуелділік нашақорлық дертімен тең

Бүгінгі заман – электронды техниканың заманы. Бүгінгі заманды электронды техникасыз елестету мүмкін емес. Тіпті ол күнделікті тіршіліктің ажырамас бір бөлігіне айналды. Күнделікті ақпарат алуда, ақпарат алмасуда оның маңызы зор. Баласының компьютерді жетік меңгергеніне ата-ананың да қуанатыны анық. Алайда оның зиянды жағын ескеріп, баласының тәулігіне қанша уақыт компьютерге телміріп отыратынын бақылап, қадағалап отырған ата-ана жоқтың қасы. Ал мамандар болса компьютерді пайдалану ережесін ескермеу баланың денсаулығына зиян екенін айтады.
Жасыратыны жоқ, бүгінгі күні бесіктен белі жаңа шыққан баланың компьютерден, ұялы теле­фоннан ойын ойнап отыр­ға­ны қалыпты жағдайға ай­нал­ған. Тіпті екі-үш жасар ба­ла­мыз­дың компьютерді меңгергенін айтып мақтанамыз. Ал оның зияны жайлы ойламаймыз да. Мамандар «компьютерге тел­мі­ріп, уақытының басым бөлігін виртуалды әлемде өткізу бала денсаулығына қауіп төндіріп қана қоймай, оның пси­хо­ло­гия­лық құбыжыққа айналуына ықпал етеді. Сондай-ақ ком­пью­терлік тәуелділікке, психо­ло­гиялық күйзеліске ұшы­ра­та­ды» дейді.
Ресми мәлімет бойынша елімізде 700-дей компьютерлік клуб жұмыс істейді екен. Ал сол клубтардың бәрі бірдей сани­тар­лық талаптарға сай емес кө­рі­неді. Бірінде жарық аз болса, енді бірінде желдеткіш жоқ. Тағы бірінде тазалық сақ­тал­ма­ған. Сарапшылардың мәлі­ме­тін­ше, сол компьютерлік клуб­тар­да бір жарым мыңнан астам бала күнделікті екі сағаттан төрт сағатқа дейін отыратын көрі­не­ді. Тіпті кей жеткіншектер уа­қы­тын таңертеңнен кешке дейін компьютерлік клубта, кештен түн ортасына дейін үйдегі ком­пьютер алдында немесе ұялы телефон мониторына тел­мі­ру­мен өткізеді екен. Алайда сани­тарлық нормаға сай жас жет­кіншектер компьютер алдында тәулігіне 20 минуттан артық отыр­мауы тиіс. Зерттеу бары­сын­да мамандар 12-13 жас­тағы балалардың 80 пайы­зының компьютерлік тәуел­ділікке бой алдырғанын анық­тап отыр.
Қазіргі жеткіншектер тамақтан бас тартуы мүмкін, бірақ компью­тер алдынан тұрғысы келмейтініне бүгінде бәріміз де куә болып жүр­міз. Әрине, бұл алаңдатарлық жағдай.
Жанат ГАЙБУЛЛИНА, психолог:
– Соңғы уақытта балалардың компь­ютерлік тәуелділігі жайлы жиі айтылып жүр. Бұл келешек ұрпағымыз үшін өте қауіп­ті екені сөзсіз. Өкінішке қарай, компь­ютерлік ойындардың көбі атыс-шабысқа, зорлық-зомбылыққа негізделген. Бұл жеткіншектің жүйкесіне кері әсер етеді. Үнемі осындай ойынды ойнаған бала ашушаң, ұрысқа бір табан жақын, түнеріп жүреді. Компьютер алдынан тұрған соң да, ойыннан шығып кете алмайды. Ойша әлі де ұрыс алаңында жүреді. Ондай балаға басқа дүниенің бәрі кейінгі дәрежелі болып қалады. Ештеңені ойлауға шамасы жетпейді. Басында үнемі қарсыласын қалай жер жастандыру, қалай жеңіске жету туралы ғана ой жүреді. Бұл баланың денсаулығына да, психологиясына да қауіпті. Кей жағдайда бұл балаларды өз-өзіне қол жұмсауына да апаруы мүмкін. Сондықтан ата-ана баланың компьютерде отыру уақытын қадағалап, шектеп отыруы қажет.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы компьютерлік ойынға құмарлықты на­ша­құ­марлық, араққұмарлық дертімен қатар қойып отыр. Өйткені мамандар мұндай құмарлыққа бой алдырған бала­ның дерттен айығуы өте қиын деседі. Бала­лар­дың ұзақ уақыт тапжылмай отыруы  өс­ке­лең жеткіншектің физиологиялық дамуы­на, дене бітімінің дұрыс қалыптас­пауына кері әсер етеді екен. Ең бастысы – жүйке жүйесі өзгеріске ұшырап, бала ашуланшақ болып, агрессивті мінез қа­­л­ып­­тасады. Сондай-ақ баланның оқуға де­ген ынтасы жоғалып, мектептен компью­терлік клубқа қашады, тіпті кейде балалардың үйден қашып, компьютерлік клубта қонып қалу жағдайлары да жиі ұшырайтын болған.
Жеткіншектер арасында жүргізілген сауалнама нәтижесі компьютер алдында көп отыратын балалардың 20 пайызында – бас ауруы, 33 пайызында – көздің ауруы, 14 пайызында – көздің бұлыңғыр­лануы, ал 5 пайызынан ұйқының бұзылуы се­кіл­ді дерттер анықталған. Дәрігерлер ба­лалар бойындағы ауру белгілерінің мұн­дай көріністерінің бара-бара әртүрлі ау­руларға ұласып, асқынып кетуі мүмкін екендігін айтады.
Жұмаш ТІЛЕУБЕКОВА, педиатр:
– Соңғы кезде балалар арасында көз ауруының көбейгендігі байқалады. Әри­не, мұның бір себебі – балалардың күнделікті теледидарға, компьютерге, ұялы телефонға ұзақ көз алмай қарауы салдарынан орын алып отыр. Сонымен қатар қазір жеткіншектер қатарында ішек, асқазан ауруымен шағымдана­тындары да жиі кездесіп отыр. Өйткені қазір компь­ютерден бас көтермей, уақтылы ас ішпей­тін балалар көп. Олар тамақ ішуге уақы­тын қимай, тез дайын­далатын тағам­дар­ды ойыннан бас алмай отырып, компь­ютер үстелінің үстінде ішеді немесе тұрып-жү­ріп жей салады. Ал бұл баланың ас қо­рыту жүйесінің бұзылуына әкеледі. Сон­дық­тан әрбір ата-ана баласының әр уақыт­та дұрыс тамақтануына аса мән беруі керек.

Өкінішке қарай, қазір баласының компь­ютерді пайдалану уақытын бақылап, шек­теу  орнына, үйінде бірнеше сағаттап бала­сымен бірге компьютер ойнайтын ата-аналар да бар.
Балаларды қорғау мақсатында көпте­ген елдерде компьютерлік клубтардың жұ­мысы қатаң бақылауға алынып, жеткін­шек­тердің клубқа кіретін, онда өткізетін уақы­ты шектелген.
Бүгінгі таңда біздің елімізде де бала­лардың денсаулығына, дұрыс өсуіне зиян келтіре­тін ақпараттардан қорғау мақ­сатын­да бірқатар заңдар  қолға алынып жатыр. Соның бірі – компью­тер­лік клуб­тар­да зорлық-зомбылыққа, сек­суалды сипатқа негізделген ойын­дар­дың бол­мауы. Алайда бала мәселесі сөз болғанда тек заң қабылдаумен шек­теліп қалуға болмайды. Ең бастысы, жауапты органдар  сол заңның орын­да­луын бақы­лап, қатаң қадағалауы қажет. Сон­дай-ақ әрбір азамат «бұл құқық қор­ғау орган­дарының жұмысы» деп қара­май, заң­бұзушылық орын алып жатса, жедел құ­зырлы орган­дар­ға хабарласуы тиіс. Қо­ғам болып кү­рес­кенде ғана заңбұзу­шы­лыққа тосқауыл қою оңай боларын және ол әрбір аза­мат­тың міндеті екенін ұмыт­пағанымыз абзал.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста