Кейде қарапайым қыздар ер адамның құмарлығын оятатындай өте ашық киінеді. Бірақ олардың киім үлігісін бұлай таңдауына басты себеп ер адамның көңілін аулау деп ойласаңыздар, қателесіздер. Сонда ашық, қысқа киінуіне негіз болған не? Біз осыны қыздардың өзінен сұрап көрдік.
Мен өзімнің спорттық дене бітіміммен мақтанамын
Онда өзіңмен бірге штанга, гиря, гантель ала жүр деп біреу неге ақыл қоспайды екен? Сол қыздың бітіміне қызыққан ел спорттық жетістіктерін де елеп, марапатын беріп, қошеметін көрсетер еді ғой.
Мен ыстықтаймын
Әрине, күннен қорғайтын, әрі сән әлемінің ешбір қағидасына қарсы келмейтін шляпа киіп, иығын сәл жапса, күннен денесі қорғалатыны жайында бұл қыздарға ешкім айтпаса керек. Ал бөксесін шығарып, кеудені «менмұндалатып» тұратын киімдер, әлбетте, күнге күйдірмейді, денені терлетпейді. Мейлі, бұған да сендік.
Мен сәнді киніп жүргенді ұнатамын
Және мұнда сән ұғымы көйлектің етегімен тығыз байланысты болса керек. Неғұрлым қысқа болса, соғұрлым сәндірек. Соны мүлдем кимей –ақ қойса, ше? Логика бойынша сол кезде ол қыз бәрінен де әдемірек болу тиіс емес пе? Әлде қалай?
Өз мүсінімнің артықшылығын ерекше көрсеткім келеді
Иә, әсіресе кеудеге томпия біткен артықшылықты. Бірақ содан кейін ер жігіттер менің көзіме тура қарамайды деп шағымдана жыламасаңыздар болды.
Мен біреудің алдында ақталғым келмейді. Өзім үшін киіндім
Өзі үшін киінетін қыздар, сол өздері отыратын қоғамдық көліктегі жағдайды бір мезет ойласа ғой. Жоқ, әңгіме оның ішіндегі адамдар жайында емес. Өздерінің қамы ғана. Отырғыштарына жалаңаш денесі жабысып қалып, тұрған кезде терісі қызарып, өздері әуреге түспесе, болғаны.
Бәрі солай жүр ғой… Онда тұрған не бар?
Ең нашар ақталу осы болса керек. Адамның өз ойы, өз пікірі және ең бастысы өз ұяты болмаса, онда бірдеңе деудің өзі артық. Қоғамымызда нудизмнің соңынан ерушілердің жоқтығына шүкір дейік.
Далада, сыртта, үйінен тыс жерде сексуалды, яғни ашық киінген әйел қалай десек те, өзіне ер адамдардың назарын аудартады. Және осындай түрде ел көзіне көрінген ол ер адамның тиісуіне өзі қаласа да, қаламаса да рұқсат сигналын береді. Бұл жігіттердің жаман екендігін білдірмейді, оларды сондай қылып жаратқан табиғат. Дана қазақ «Тана көзін сүзбесе, бұқа жібін үзбейді» деп бекер айтпаса керек. Сондықтан кез келген әйел өзінің әрбір әрекетіне, үстіне киген киіміне өзі жауап беретінін ескерсе жөн. Оған қоса, өзінің жүріс-тұрысымен ер азаматты қайсібір олқылыққа итермелесе, оған да өзі кінәлі екендігін есте сақтағаны дұрыс.
Егер үйленгенннен кейін күйеуіңіз сізге ұзынырақ көйлек кигізіп жатса, оған талғамын жоқ деп ұрысуға асықпаңыз. Ол небәрі сізді жат көзден қорғағысы келіп тұрғандығын біліп жүріңіз.
Көктемде қыздар неге ашық киінеді?
Последние статьи автора