Көкшетауға лагерге барған маңғыстаулық 45 бала далада қалды

Көкшетауға лагерге барған маңғыстаулық 45 бала далада қалды

Шілде айында Маңғыстау облысынан Көкшетаудағы лагерге барған 45 бала кері қайтқан, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Іnbusiness.kz-ке сілтеме жасап.

Мұнайлы ауданынан 26 шілдеде Астанаға аттанған бір топ оқушыны тамыз айының басында Маңғыстауға ата-аналары алып келді. 28 шілде күні елордаға жеткен оқушыларды түн ішінде алдын ала келісімшартқа отырған лагерь мүлдем қабылдамаған.

 

"Балалар 28 шілде күні Астанадан Көкшетау маңындағы лагерге барды. Алайда оларды сол түні қабылдамағандықтан, С.Сейфуллин атындағы санаторийге жатқызып, таңда шығарып жіберген. Жағдайға алаңдап, жолдама берген Мұнайлыдағы мекеменің кадр бөлімінен сұрадым. Олар түн ішінде басқа лагермен қосымша келісімшарт жасап, сонда болғанын айтып отыр. Алайда ол еш мүмкін емес. Кейін балаларды "Самрұқ" деген лагерге апарғаны белгілі болды. Балалардың айтуынша, тамақ жетпеген, жатын орындары кірден көрінбейді. Ал жоғары қабатты психикалық ақауы бар балалар үйінің тәрбиеленушілері демалып жатқан. Осыдан кейін мәселеге алаңдап, 31 шілде күні Астанаға бардым.

"Қазақстантеміржолы" АҚ бізге арнайы машина беріп, лагерге 4 адам бардық. Ондағы ахуалды көргеннен кейін, бірден  45 баланы алып кеттім. Бізді 31 шілдеден бірінші тамызға қараған қараған таңда Астанаға жеткізіп,  ҚТЖ тарапы арнайы вагон бөлді. Сөйтіп, балаларды 3-ші тамызда Маңғыстауға алып жеттім", - дейді ата-аналар.

 

Алайда жағдай лагерде мүлдем сорақы болған. Мәселен, ата-анасына шағым айтып, фото, бейнежазба жіберген оқушыларды лагерь басшылығы қысым көрсетіп, тіпті, ұрған жағдай да орын алған.

 

"4 баланы лагердегі жағдайды айтқан соң оларды директор ұрған. Біз алаңдап телеарна журналистерін оқиға орнына жібердік. Алайда сол кезде лагерь басшылығы балаларды өтірік түрде саяхатқа алып кетіп, өзен жағасында бір сағат ұстап, кейін алып келген. Ал сол кезде жаңаөзендік 4 бала тығылып, іште қалған. Телеарна журналистері келгенде барлық мән-жайды айтып берген. Осыдан кейін лагерь директоры "шындықты айтып қойдыңдар" деп оларды шапалақтың астына алған. Лагерде арнайы бағдарлама мүлдем жоқ. Ғимаратының өзі талапқа сай келмейді. Бұрынғы аурухана ғимараты екен. Ал есік алдындағы дүкендегі бағаның өзі сұмдық дүние. Бір литр судың құны 1 мың теңге. Оны сұрасақ, директордың жеке кәсібі екен. Ал "Қазақстантеміржолы" АҚ-ның өкілдеріне лагердегі жағдай белгілі болып тұрса да, ерекше ұнады деп отыр, - дейді олар.

 

Айта кететін бір жайт, ата-аналар балаларды алып кеткен соң жағдай қиындай түскен. Мәселен, Мұнайлыдағы оның жұмыстағы басшылығы "мәселені ушықтырдың" деп қысымға алған. Тіпті жұмыстан шығаратындарын да айтқан. Алайда, балалардың жайына алаңдаған ата-ана лагердің сорақылығына қатысты шара қолданылу керек деп есептейді. Себебі, онда балалардың жатын орнының жағдайына төзу еш мүмкін емес.

 

Ал балалар болса, лагерде қиналғандарын жасырмады. Мәселе, жатын бөлмеден екі адамдық орында олар 4 бала болып ұйықтаған. Ал төсектердің жағдайы мүлдем талапқай сай келмейді.

 

"Тамақтары суып қалған. Төсектеріміз үнемі кір болды. Айтқанымыз үшін бізді асхананың арғы жағына апарып, шымшып, басымыздан шапалақпен ұрды. Оның бәрін директор істеді. Жағдай жақсы болмаған соң ата-анамызға шағым айттық", - дейді балалардың бірі.

 

Бір топ баланы аман жеткізген Маржансұлу Тайболатова лагерге барған баланың жолдамасы үшін айлық табыстан 15 пайыз ақша төледік деп отыр. Өкінішке қарай, ақысы төленген балалар демалысы мүлдем басқа сипатта өрбігенімен теміржолдың жауапты басшылары мәселеге бей-жай қарап отыр. 

 

 

Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста