Климаттың әсерін зерттейтін жоба елді үрейлендіргісі келмейді

Соңғы жылдары Алматы облысындағы мұздықтардың еру қаупі туралы түрлі алыпқаш­па әңгімелердің тыйылмай тұрғаны рас. Мұндай алаңдау­шылыққа ғаламдық климаттың өзгеруі әбден негіз болып алды. БҰҰ Даму бағдарламасы сарап­шылары елімізге қатысты осы түйткілді тереңірек зерттеп, бізге нақты мәліметтерді ұсынбақшы. Кеше Алматыда «Қазақстандағы климаттық тәуекелдерді бас­қару» атты жаңа аймақтық жоба көпке таныстырылды. Бірнеше жылдық жоба климаттың өзгеру құбылысына мейлінше төзімсіз саналатын Алматы облысында іске асырылмақ. Қазақстандық мамандар бұл жергілікті халық үшін маңызды жұмыс болатынына сенімді.
Жобаны қолға алмас бұрын осы істі бастама етіп көтерген БҰҰДБ сарапшылары былтыр Алматы облысының климаттық өзгерулерге мейлінше осал екенін анық­тады. Ғаламдық жылыну құбылы­сының әсерінен аймақта тау өзендерінің су режимі өзгеріп, мұздықтар кемуі мүмкін, су ре­сурстары азайып, құрғақшылық басталуы ғажап емес. Қар көшкіні мен сел де бұл аймақта жиі болады. Мамандардың есеп­теуінше, сел мен басқа да су тас­қын­да­ры­ның салдарынан (эрозия) бұл облыс 1 125 000 АҚШ доллары көлемінде шы­ғын­ға ұшырауы мүмкін. Бірақ БҰҰДБ сарап­шылары бұл болжаммен жұртшылықты үрейлендіргісі келмейді. Олардың айтуын­ша, климаттық өзгерістерді ел игілігіне пай­да­лануға да болады. «Баса айтқымыз келетіні – климатқа қатысты жағдайды шие­леністіруді көздемейміз. Дабыл қағып, елді алаңдатқымыз келмейді. Климаттың өзгеруін қиын мәселе ретінде емес, байқа­лып отырған тенденция деп қарас­тыруды қалаймыз. Бұл құбылыстардан, мүмкін, тіпті оң өзгерістер де күтуге болады. Мы­салы, климаттық өзгерістер вегетативті кезеңнің ұлғаюына септігін тигізіп, егін­шілікті дамытуға, өсімдік сұрыптарын ұтымды аудандастыруға, қажетті суқой­малар мен су электр стансыларын салу сияқты жұмыстарға түрткі болуы ықтимал», – дейді Қазақстандағы БҰҰДБ энергетика және қоршаған ортаны қорғау департа­ментінің бастығы Станислав Ким. Осы орайда бұл жобадан жергілікті халыққа, шыны­мен де, пайда бола ма, оның ғаламдық бағдарлама деңгейінде қалып қою қаупі жоқ па деген сауал туындайды. Бұл сұраққа ҚР Төтенше жағдайлар минис­трлігі Стратегиялық жоспарлау, ақпаратты-сараптамалық жұмыс, ғылым және жаңа технологиялар департаментінің директоры Сырым Ғаббасов былай деп жауап береді:
– Дұрыс сұрақ. Бірақ маған қанатқақты жобаның алдымен Алматы облысына ар­налып отырғаны ұнайды. Бұл – өте орын­ды. Алматы – біздің тілмен айтқанда, барлық төтенше оқиғалар қаупінің концентрациясы бар аймақ. Өткен жылғы оқиғалар климат­тық құбылыстар әсеріне білікті мамандар­дың көзқарасы қажет екенін көрсетті, ал табиғи апаттармен ішкі-сыртқы интеграция жағ­дайында күресу керектігіне көз жетті. Сондықтан жобаға ғаламдық емес, қол­данбалы, аймақ қауіпсіздігі үшін маңызды, нақты жоба ретінде қараймын.
Төтенше жағдайлар министрлігі өкілінің айтуынша, бұл жоба төтенше жағдайлар, ауыл шаруашылығы, қоршаған ортаны қор­ғау министрліктері мен жергілікті атқарушы органдар үшін нақты мәліметтерге қол жеткізуі қажет. Осыдан кейін қарай халықты ақпараттандыру, оларды төтенше оқиғалар жағдайында әрекет етуге үйрету жұмыстары кезең-кезеңмен қолға алынуы тиіс. С.Ғаббасовтың мәліметінше, қай кезде де селден қауіп жоқ деуге болмайды. Бірақ министрлік пен «Қазселденқорғау» ме­кемесі мониторинг жасап, жедел шара­ларды, инженерлік жұмыстарды тұрақты ұйымдастырып отыр. Аэровизуалды бақы­лаудың нәтижесінде таудағы мұздақты көлдердің деңгейі төмендетілуде. Қалған жұмыс жергілікті атқарушы органдардан талап етіледі. «Әрине, министрлік көктемгі төтенше жағдайларға дайын ба?» деген сұрақ көпті қызықтырады. Айтқым келетіні – біздің жедел құтқару қызметі, мемлекеттік өрт сөндіру, әскериленген таудан құтқару, газдан, судан құтқару, химиялық нысан­дарда әрекет ету қызметтері сияқты жедел әрекет ету күштері 100 пайыздық жауын­герлік дайындықпен қамтамасыз етілген», – дейді министрлік өкілі.
«Қазақстандағы климаттық тәуекелдерді басқару» жобасы – БҰҰДБ-ның Орталық­азия­лық мультиұлттық бағдарламасының бір бөлігі. Ол 2014 жылға дейінгі аралықты қамтиды. Жобаның таныстырылымына қазақстандық мамандармен бірге Қыр­ғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өз­бекстан елдерінің сарапшылары да қатысты.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста