Киіз үйді жалға алу сәнге айналып барады

Бұрындары қазақтың ұлттық дүниелерін жалға беру таңданыс тудырып жататын. Сондай-ақ оларға деген сұраныс та жоқтың қасы еді. Ал Наурыз мерекесі ресми тойлана бастаған 1990 жылдардың аяқ шенінен бастап қазақ үй, алтыбақан, ұлттық киімдер сияқты заттарымызды жалға алу үрдісі сәнге айналды.
Тіпті ұлттық дүниелерімізді жалға бе­руді табыс көзіне айналдырғандар да жоқ емес. Наурыз мерекесінің қазір барған сайын кең тойлана бастағанынан болар, олар­дың бизнестері тәп-тәуір пайда түсі­ру­де. Тіпті кейбіреулер қазақ үй, ал­ты­ба­қан­дарын тұтынушыларға жеткізе де ал­май жататынға ұқсайды. Бір байқанымыз, осын­дай бизнеспен айналысатындардың саны артса да, баға тұрақтанар емес, ке­рі­сінше, жыл сайын еселене түсуде.
Әрине, бір жағынан іштей «бәрекелді!» деп қаласың. Тойдың сәнін ұлттық дү­ние­ле­ріміз бен бұйымдарымыз келтіріп, Ұлыс­тың ұлы күні лайықты деңгейде өткізіліп, мәртебесі биіктеп жатса, қалай қуанбасқа... «Халқым қандай десең, салтымнан сынап біл» деген жақсы сөз бар. Сол сияқты қазақ қандай дегендерге айтар кеңесіміз, біздің салт-дәстүрлерімізге үңіліп-ақ та тануға бо­латынына ешкім дау айтпас, яғни этнос­тың мінез-құлқы, үлгі-өнегесі, зейін-зер­десі, даналығы мен даралығы, шешендігі мен тапқырлығы, ақыл-ойы сыр беріп тұ­ра­ды. Былайша айтқанда салт-дәстүр – халықтың тілінің тірегі, рухани өзегі және мәдениетінің діңгегі. Міне, осы құн­ды­лық­та­рымыз әсіресе наурыз мерекесі ба­ры­сында жақсы көрініс тауып жатады. Әйтпесе, жыл он екі ай барымызды, асы­лы­­мызды, құндылықтарымызды ұлықтауға мойнымыз жар бермейді-ау. Әрине, қазір наурыз мерекесі көнедегідей емес, көп­теген өзгерістер енген. Оған кейбір та­рих­шы­ларымыз ренжулі де. Бір анығы, киіз үй тігіп, алтыбақан орнатып, ұлттық киімдер киіп шығу жағынан қазір бірінен-бірі озып түсуде. Міне, бағаның өсуінің себебі қайда жатыр.
Бағаларды білмек болып, біз, негізінен, қазақ үй, алтыбақан, ұлттық киімдерді жал­ға беретін мекемелермен хабарласып шықтық. Өйткені Наурыз мейрамына эт­но­гра­фиялық реңк беретін заттар – негізінен осылар. Сөйтсек, алты қанатты киіз үйден бастап он алты қанатты киіз үйлерге дейінгі баға 60 мыңнан 420 мың теңгеге дейінгі аралықта. Айтпақшы, аймақтарда алты қанаттылары – 100 мың, сегіз қанаттылары – 150 мың теңге. Пайдалану мерзімі – үш күн. Ал арнайы жасалған, биік алты­ба­қан­дар 100 мыңның ар жақ, бер жағында екен. Ұлттық киімдерге келсек, тәулігіне 3,5 мың теңгеден 15 мың теңгеге дейінгі мөл­шерде. Сән үйлерінде қымбат. Олар ұлттық киімдерін тәулігіне 100 долларға бағалап отыр. Біз өткен жылғы бағаларды да сұрастырып білдік, барлығы да 20-30 мың теңгеге арзан болған екен.
Байқап отырғандарыңыздай, наурыз мерекесін білгенімізше атап өтудің өзі біраз шығынға батырады. Негізгі айтпағымыз да осы еді. Теңеуіміз кейбіреулерге түсі­нік­сіз­деу көрінер, әйтсе де, мәселен, еліміздегі ең қымбат қалалардың бірі Алматыда үш бөлмелі пәтерді жалға алсаң, айына 100 мың теңге төлейсің. Ал киіз үй үшін үш күн­ге орта есеппен 200 мың теңге төлейсің. Әрине, киіз үйдің қадір-қасиеті жоғары, әсіресе, қазақ үшін оның орны бөлек. Десек те, біз ұлттық дүниелерімізді қол­же­тім­ді етуге тырыспаймыз ба? Сонда оларға деген сұраныс қазіргіден де арта түсер еді. Сол сұранысты арттыру арқылы қай-қай­сы­сы болмасын, кез келген этнографиялық зат­та­рымызды насихаттауға да болады емес пе. Қазақстанда тұрып қазақтың ұлт­тық дү­ние­лерінің бағасын сол қазаққа ас­пан­датып өткізуіміз – біздің ойымызша, жөнсіз. Бара-бара ұлттық құн­ды­лық­та­ры­мыз таң­сық болып жүрмесін. Керісінше, кеңестік дәуір­де малшылар көктем шыға жайлауға қоныс теуіп, қыс түскенше киіз үйді пана­лай­тын. Міне, сол кездері ата-әжелеріне қыдырып барып, балалар айлап киіз үйде жататын. Ал қазіргі балалардың көпшілігі киіз үйдің атын біледі, затын көр­ме­ген. Ал­ты­бақан да дәл солай. Ауылда кеш бата ба­ла­лар алтыбақан басына жи­на­латын. Енді ол да жәдігерге айналып ба­рады.
Бұл тұрғыда Орталық мұражайдың ди­рек­торы Нұрсан Әлімбай былай дейді:
– Әрине, ұлттық дүниелеріміздің қым­бат­қа сатылып, болмаса жалға берілгендегі құнын екінің бірінің қалтасының көтере бермейтіндігі өкінішті. Рас, қазір наурыз тойын ұлттық дүниелермен әспеттеуде қы­зы­ғушылық бар. Алайда қымбат баға келе-келе сол қарқынымызды басып тас­та­масына кім кепіл? Сөнгенімізді қайта жа­ғып, жоғалғанымызбен енді қауыша бас­тағанымызда, сіздер айтып отырған ұлттық дү­ниелеріміздің нарықтағы бағасын қым­бат­татамыз деп, керісінше олардың құн­ды­лығын жоғалтып алмасақ игі еді. Әрине, мәселен, жалға киіз үй берумен ай­на­лы­сатын жеке фирмалар осы жағын ойласа, игі іс болар-ақ еді. Әй, қайдам... Бұл – на­рық заманы. Сондықтан ұсынушыларға еш­қандай талап қоя алмайсың.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста