Киелі білім ордасына – 55 жыл

Киелі білім ордасына – 55 жыл

Алматыдағы Абай атындағы дарынды балаларға арналған маман­дан­дырылған республикалық мектеп-интер­нат – қазақ тілі мен әде­бие­ті пәнін тұтас тереңдете оқыта­тын еліміздегі жалғыз білім мекемесі. Қазақ мәдениеті үшін орны ерекше мектептің құрылғанына 55 жыл толды. Осы айтулы мерейтойға орай, білім шаңырағында қазақтың бас ақыны, ұлы ойшылы Абай Құнанбайұлының ескерткіші ашылды.
Бұл білім мекемесі алғашында малшы қауымның балаларына арналған мектеп-интернаты болып ашылған болатын. Кейін Ы.Алтынсарин атындағы педагогикалық ғы­лыми-зерттеулер институтының экс­пе­рименттік базасы ретінде жұмыс істеп, 1989 жылы жаңа оқу жылынан бастап қа­зақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернаты ретінде жұмысын жал­ғастырды. 2006 жылы ұлтымыздың рухани мақтанышы, қазақ әдебиетінің негізін қалаушы – данышпан Абайдың туғанына 160 жыл толуына орай, Үкіметтің қаулысымен бұл мектепке Абай есімі беріліп, «Абай атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңде­те оқытатын орта мектеп-интернаты» мем­лекеттік мекемесі атанды. Бұл киелі қара шаңырақтан талай дарын: елге танылған ғалымдар мен ақын-жазушылар, белгілі саясаткерлер мен күміс көмей әншілер, қаламы ұшқыр журналистер тәрбиеленіп, түлеп ұшты. Дүниежүзі Қазақтары қауым­дас­тығы төрағасының бірінші орынбасары Талғат Мамашев, қазақтың батыр ұлы, генерал, кезінде ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы болған, бүгінде осы комитетке қарасты академияның бас­шы­сы болып отырған Әділ Шаяхметов, мемлекет қайраткері, Мәжіліс депутаты Мәулен Әшімбаев, Түркі кеңесі бас хатшы­сы­ның орынбасары Дархан Қыдырәлиев, кәусар жырымен халық жүрегінен ойып тұрып орын алған атақты композитор Кеңес Дүйсекеев, әнімен баршаны тамсан­дырған Бейбіт Қорған, Тоқтар Серіков, Тама­ра Асар, Ақбота Керімбековалар осы киелі мектептен білім алып сусындаған. Соны­мен қатар бұл – бір топ журналистің ұшқан ұясы. Атап айтқанда, Қазақстан Журналис­тер одағының мүшесі, кеден қызметінің пол­ковнигі Бекен Нұрахметов, «Алаш ай­на­сы» газеті Астана бюросының жетекшісі Айбын Шағалақов, айтыскер ақын Серік Қалиев, «Хабар» арнасының басшысы Ай­дос Үкібай, Нұрлан Оқаұлы, Гүлмира Әбі­қай, Данияр Меңілбеков, Қанат Құдай­берген­ов, Думан Тастекеев, Нұрділдә Ораз, Азамат Есалы, Мейрамгүл Мәдәлі­лер – осы мектептің түлектері.
Орынша ҚАРАБАЛИНА, педагог, арда­гер ұстаз, Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі:
– Біріншіден, біздің мектептен түлеп ұш­қан балалар зиялы қауымның санын кө­бейт­ті, сапасын арттырды. Олар өз білімі­мен, өз күш-қайратымен жоғары көтерілді. Біз оларға білім беріп қана қоймай, ең­бекқорлыққа, ынтымаққа, бауырмалдыққа тәрбиеледік. Ой-пікірін ашық жеткізуді, еркін сөйлеуді, қоғамдық шараларды жа­уап­кершілікпен атқаруды үйреттік. Адал­дық­қа, елжандылыққа, адамгершілікке, игі­л­ікті істерге, шыдамдылыққа баулыдық. Ба­ла­лардың ой-өрісін кеңейту үшін өнер қай­раткерлерін, ғалымдарды, ақын-жазу­шы­ларды мектепке шақырып, кездесулер ұйымдастыратынбыз. Қазақстанның Халық жазушысы, марқұм Әзілхан Нұршайықов оқушылармен кездескен кезде: «Мен мұнда көлікпен келіп, енді ұшақпен кетіп бара жатқандай күй кешіп отырмын. Өйткені балалардың шығармашылығы, ой-өрісі мені қанаттандырып, аспанға ұшыр­ды», – дегені бар. Қазір біздің оқу­шы­­ла­­ры­мыз, ең бастысы, Адам болды. Өз та­лап-жігерлерімен биікке көтерілді. Бү­гінде біз­дің түлектер билік органдарында, Пар­­ла­ментте, Ұлттық қауіпсіздік комитетін­де, әкімдікте, бизнес саласында, өнерде, бүкіл телеарна мен газет-журналдарда жүр. Оның үстіне, бізбен әлі күнге дейін ха­бар­­ласып, хал-жағдайымызды сұрап тұра­ды. Бұдан артық не керек?! Мен шәкірттерім үшін мақтанамын. Бұл дүниеде ұстаз үшін шәкіртінің биікте жүргенінен және өзіне ұстаз ретінде құрметпен қарағанынан артық мәртебе жоқ деп есептеймін. Қазір де бұл мектеп өз биігінен төмендеген жоқ. Не­бір болашақ дарындар тәрбиеленіп жа­тыр. Ең бастысы, бұл мектепте Абайша ой­лай­тын, Абайша толғанатын жасөспірімдер білім алуда. Амандық болса, келешекте олар да еліміздің мақтанышына айналаты­ны сөзсіз.

Мектептің 55 жылдық мерейтойына мұнда 1957 жылдан осы уақытқа дейін білім алған түлектердің көбі жиналып, мәре-сәре болысты. Мектепте ұлы ақын ескерткішінің бой көтеруіне Әділ Шаяхме­т­ов тікелей қаржылық қолдау көрсеткен екен. Өзге түлектер де білім нәрімен сусын­даған алтын ұя мектептеріне мүмкіндігінше көмек көрсетуде.
Қанат ҚҰДАЙБЕРГЕН, «ҚазАтом­Өнеркәсіп» ҰАК» АҚ қызметкері, «Түлектер» қоғамдық қорының директоры, мектептің 1996 жылғы түлегі:
– Бұл – ерекше мектеп. Сонау орыстан­дыру саясаты кезінде Алматыда қалған са­нау­­лы қазақ мектептерінің бірі болған және Тәуелсіздік алғанда қазақ тілін терең­де­тіп оқыт­қан, талай дарындар мен қоғам қай­рат­­керлерін, журналистерді тәрбиелеп шы­ғар­­ған үлкен білім ордасы болып табы­ла­ды. Мектептің 55 жылдық мерейтойы қар­с­аңында осы оқу орнына жан-жақты қол­дау көрсету мақсатында «Түлектер» де­ген қоғамдық қор құрып отырмыз. Бұл қор­дың негізгі мақсаты – мектепке түлектер аты­нан қолдау көрсету, осында оқып жат­қан жағ­дайы нашар оқушыларға көмек беріп, жал­пы, балалардың қалааралық, рес­пуб­ли­калық, халықаралық олимпиа­да­лар­ға қ­а­ты­суына мүмкіншілік жасау, мек­тептің ма­те­риалдық-техникалық базасын жақсарту.

Мекебай БҰЗАУБЕК, Алматы қаласы Түрксіб аудандық білім бөлімінің бастығы, мектептің 1967 жылғы түлегі:
– Әр адамның ата-ана, жора-жолдас және ұстаз алдындағы өзінің қарызы мен парызы болады. Мұны әркім әрқалай түсінеді. Мен әрдайым өзіме әке орнына – әке, шеше орнына шеше болған ұстаз­дары­мның еңбегін ерекше бағалаймын және сол үшін басымды иемін. Білім негізін үйреткен мұғалімдеріме барша шәкірттер атынан  алғыс-рақметімді айтамын. Ал ба­ла­ларға тілейтінім: тек бақыт, зор денсау­лық, білім шыңына талмай шыға беруіне тілектеспін!

Мектеп директоры Мұхтар Ботабайұлы­ның айтуынша, қазір білім алып жатқан балалардың дені жыл сайынғы өтетін республикалық, халықаралық жарыстарға қаты­сып, жүлделі орындарды иеленіп ке­леді. Ұлағатты ұстаздардың тәрбиесі, ең­бек­терінің нәтижесі 2008 жылы бұл білім орда­сын «Жыл мектебі» атандырды.

Мұхтар ИБРАИМОВ, Абай атындағы республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған орта мектеп-интернаттың директоры:
– Абай мектебінде Абай ескерткішінің ашылуы – біз үшін үлкен қуаныш. Осының бар­лығын бұрынғы мектеп бітірген түлек­тер ұйымдастырып отыр. Бұл келешек өскін­дерге үлкен тәрбиелік мәні зор іс деп есеп­теймін. Алдағы уақытта біз осы жыл­дар аралығында мектепте кімдер дәріс бер­ді, кімдер түлеп ұшты, олар қандай қыз­мет­терде еңбек етіп келеді – осының барлы­ғын кітап етіп шығаратын боламыз. Бұл мектепте талай мықтылар сабақ бер­ген. Білім ордасында қаншама мыңдаған шәкірттің шырағын жағып, өмір жолында ай­тар­лықтай із қалдырған, есімі республи­каға белгілі қаламгер, ұстаз Орынша Қара­ба­лина дәріс берген. Осында 77 жасқа толғанша талмай еңбек етті. Қазір мектепте ол кісінің орны ойсырап тұр. Дегенмен мұнда қандай да бір іс-шара өтетін болса, ол кісіні міндетті түрде шақырып, шәкірт­те­рімен жүздестіріп қаламыз. Себебі ол кісі­нің көргені де, айтары да көп. Білікті пе­дагог, тұнып тұрған энциклопедия десек те болады. Сондықтан біз осындай кісілермен мақтанамыз.

Шара Студенттер сарайында өткен «Түлектер тартуы» атты шығармашылық кешке ұласты. Білім мекемесінен түлеп ұш­қан эстрада әншілері мен мектеп оқушы­лары көрермендерді ән мен биге бөледі. Ақын­дар айтысы ұйымдастырылды. Мек­теп оқушыларының Абай өлеңдерін жатқа оқуы қуантады. Бұл мектептен келешекте әлі талай Абай мен Мұхтарлардың шы­ғатынын сезгендей болдық.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста