«Кезексіз емхана» – денсаулық сақтау саласындағы жаңа жүйе

Емханалардағы таусылмайтын кезек – енді өткен күннің әңгімесі. Денсаулық сақтау жүйесіндегі оңды өзгерістің бірі – «Кезексіз емхана» бағдарламасы. Халыққа қызмет көрсету сапасын арттыруға бағытталған бұл бағдарлама Атырау аймағында да тұсауын кесті. Облыс орталығындағы №1 қалалық емхана өткен жылдың соңында жаңа тәртіпке көшірілді. Сырқаттанушылар үшін жайлылық туғызатын бұл бағдарламаның барысында емхана жүйесінде біраз өзгерістер орын алатын болады. Айталық, емханаларда тіркеу ертеңгілік 8.00-ден кешкі 20.00-ге дейін үзіліссіз жүргізіледі және шақыртуларды қабылдау сағат 17.00-ге ұзартылды. Бұған дейін дәрігерлерді үйге шақыру уақыты түскі 12-ден кейін қабылданбайтын еді.
№1 қалалық емхананың бас дәрігері Еркінбай Қуанов бұл бағдарламаның оңды тұстары көп екенін айтады. Бүгіннің өзінде емханадағы тіркеу бөлімі анықтама, дис­пет­черлік қызмет түрлерін көрсетіп жатыр. Сервистік қызмет іздеу көпарналы телефон байланысы арқылы жүзеге асады, сондай-ақ алдын ала қалаған күніңізге, уақы­ты­ңыз­ға дәрігер қабылдауына жазылу, үйге дәрігерлік шақыртулар беру мүмкіндігі бар. Ал сырқаттар шұғыл көмек алу үшін бұ­рынғыдай тіркеу бөліміне бармай-ақ, алдын алу және әлеуметтік психологиялық бөлімшесіне кезексіз қабылдана алады, бұл жерде ішкі байланыс телефоны арқылы (24 маман қосылған) қажетті маман ша­қы­рылып, ем беріледі, қажет болса күндізгі стационарға жатқызылады немесе жедел жәр­деммен ауруханаға жөнелтіледі. Ал­дын ала шақыртуға жазылғандар тіркеу бө­лімінен маман қабылдауына уақыты көр­сетілген талон алады. Ал сәбидің физи­ка­лық-психологиялық дамуын бақылайтын жағдайда сау бала бөлмесіне орна­лас­ты­ры­лады. Жүктілікке дейін не жүктілік кезінде отбасылық, психологиялық көмек немесе жүктіліктен қорғану мәселелері бойынша отбасын жоспарлау бөлмесі ке­ңес береді. Сонымен қатар жасы ұлғайған және мүгедек сырқаттарды қабылдауға ар­найы бөлме бөлінген, онда дәрігер қа­былдап, қажет мамандар сол жерге ша­қыр­тылады, сырқат түрі анықталып, ем та­ғайындалады.
Тіркеу орнында интернетке қосылған төрт компьютерде тұрғындар туралы мә­лі­меттер базасы жасалған. Бұрын жұрт дә­рігерге кіру үшін сағаттап есік алдында тұратын. Жаңа жүйенің арқасында сыр­қат­танған адам үйден телефон немесе ин­тернет арқылы алдын ала жазылуға мүм­кін­дік алады. Сондай-ақ бұрын дә­рі­герлерге артылатын салмақ та, жұмыс та көп еді. Емделушілер саны көп бол­ғандықтан, ақ халаттылар кейде асығыс­тық­қа жол беріп алатын. Енді әр дәрігер сырқаттарды белгіленген норматив бойын­ша қабылдайды. Әр дәрігердің қызметінің қайтарымы бақылауға алынады. Және компьютерлік жүйе енгізілгендіктен, әр адам­ның амбулаториялық карталары бұрынғыдай емханада емес, өздерінде болады. Емхананың бас дәрігері Еркінбай Қуанов бүгінде мекемеде локалды ком­пью­терлік жүйе жасақталғанын, бей­не­ба­қы­лау камералары арқылы барлық ма­ман­дардың жұмысы бақылауға алынғанын және ведомстводан тыс күзетпен қам­та­ма­сыз етілгенін айтады. Бұл қызметкерлер мен келушілердің қауіпсіздігін және ішкі тәртіпті толық сақтауға мүмкіндік бермек. Ал болашақта тіркеу бөлімі компьютерінде арнайы веб-сайт ашылмақшы, онда дәрі­гер­лердің жұмыс істеу уақыты көрсетіледі және сайт арқылы сырқаттанушы дәрігер қа­былдауына жазыла алады. «Сондай-ақ онлайн режимінде тұрғындармен кездесу ұйымдастыру, ұсыныс-пікірлерін жинақтау арқылы медициналық көмектің сапасын арттыру шаралары да жасалатын болады», – дейді бас дәрігер.
«Кезексіз емхананың» облыстағы ден­саулық сақтау саласына қатысты арыз-ша­ғым­дары көп тұрғындар үшін тиімді бо­ла­ры­на сенім зор. Халық ақ халаттылардың сол сенімге селкеу түсірмесінен үмітті.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста