Келіндер мектебі керек пе?

Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)

Техника мен технологияның дамыған заманында ұлттық құндылықтарымыздың мәні жоғалып бара жатыр. Бұл сөздердің жаны бар. Мысалы, келін болу – санамыздан ажырап бара жатқан құндылықтардың бірі.
Жалпы, қазақ дәстүрінде қыз бен ке­лінге қатысты сын, тыйым, тәрбие түрлері жетіп-артылады. Халқымызда отаудың берекесі мен бірлігі келіннің жүріс-тұрысы арқылы бағаланған. Оның іс тігу, ас әзір­леу, үй тазалығын қадағалауы – келіннің тәрбиесіне қатысты дүниелер екені анық. Заман көшінен қалмаған біздің үйіміздің төрінде «LG», «Samsung» сынды көмек­ші­лердің салдарынан шаңыраққа түскен келінге айтар міннің болуы заңды құбылыс сияқты. Әрине, көпке топырақ шашпаймыз. Бұл жайт шаңырақтың шай­қалуының да себебі болуы мүмкін.
Мұны статистика сандары да растауда. Мәселен, үстіміздегі жылдың алғашқы тоқ­санының өзінде Қазақстанда 11 613 ажы­­расу тіркелген. Бұл – өткен жылғымен салыстырғанда 6,5 пайызға артық көрсеткіш. Ал былтырғы жылы 48 мыңнан астам ерлі-зайыпты ажырасқан. Алматы, Ақмола, Қостанай, Қарағанды, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында бір жылда некеге тұрған әрбір үшінші ерлі-зайыпты ажырасатын болса, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарында бұл көр­сеткіш екі есе төмен, онда әрбір алтыншы неке ажырасатын көрінеді.
Осылайша түрлі себептермен отбасы атты шағын мемлекеттің шаңырағы шай­қалып, керегесі қираған. Ажырасудың ал­уан себебі болғанымен, түп-төркіні те­реңде. Материалдық қиындықтар, мі­нез­дің жараспауы – қарапайым мысал. Тіпті «келіншай құя алмадың!» деп шу шы­ғарып, кеше түскен келінін төркініне қайтару жағдайлары туралы да естіп жүрміз. Бұл жалғызбасты әйел, толық емес жанұя сынды қоғамдық дерттің белең алуына септігін тигізетіні хақ. Осылардың тізі­мін тірі жетім ұл мен қыз жалғастырады. Сайып келгенде, аталған әлеуметтік мә­селелердің алдын алатын дүние бар.
Отбасы институты, ұлттық тәрбие мық­ты болса, көз жылатар мәселелер де аз болар еді. Бүгінде тату ене мен келінді де табу қиын. Қыздарды да айыптай беруге болмайды. Өйткені бүгінгі заман қыз­дарына қойылатын талаптар жүгі жеңіл емес. Оқу-білім, қызмет жолында келіндік тәрбиені қатар ұстай алмауы да мүмкін.
Міне, мұндай жағдайда келіндер мек­тебі – білім мен білікті жетілдіруге көмек бол­мақ. Ұзын сөздің қысқасы, келіндер мек­тебі бүгінгі қоғамның қажеттілігі бо­лып отыр. Жыл басында Алматыда еліміз бойын­ша алғашқы болып келіндер мек­тебі ашылған болатын. Бұл мектептің тү­лектері Қазақстанның үздік келіні бай­қауына да жолдама алатын болды. Идея авторы Белла Сәтмырзаның айтуын­ша, «келіндер мектебін ашуға деген ниеттің пайда болуына еліміздегі отбасылық жағдайлар сеп болды. Сонымен қатар елімізде тұрмыс құра алмай жүрген кәрі қыздар көбейіп барады. Бұл қоғамдық мәселені шешуге үлес қосу мақсатында келіндер мектебін ашу идеясы туды», –дейді ол. Бұл мектепте арулар отбасылық психология ілімін игерумен қатар, ас әзірлеу, үй тұрмысын қадағалау бойынша теориялық білім алу мүмкіндігіне ие екен. Мәселен, бойжеткендерге ұлттық тәрбие беретін осындай орталықтар Түркияда да жұмыс істейді.
Әсел БЕЙСЕЕВА, екі баланың анасы:
– 21 жасымда ата-баба дәстүрін құрмет тұтатын үлгілі шаңыраққа келін болып түстім. Өзім Қызылорда облысының тума­сымын. Тағдырдың жазуымен Пав­лодар жерінің келіні атандым. Жалпы, ке­лін болу ілімін игеру қиын болған жоқ. Өйткені мен дала академиясын та­мам­дадым. Дегенмен бүгінде за­ман­дастарымның арасында ас әзірлей алмау, тұрмысқа кеш шығу үрдісі белең алу­да. Қыздар жоғары оқу орнын тамам­дай са­лысымен жұмысқа кірісіп кетеді де, үй жұмыстарына көп уақыт жұмсай алмай қалады. Мансап қуып, отбасын құруды екінші орынға қойып қоятындар да бар. Сондықтан үй жұмыстарына, жақсы тамақ жасауға, жақсы келін атануға тәжірибе же­тіспей жатады. Міне, осындай кем­ші­ліктің орнын толтыру үшін келіндер мектебі қажет деп ойлаймын. Бұл ұйымдар әр қалада ашылып, қаржыландыратын демеу­шілер табылып жатса, нұр үстіне нұр болар еді.

Назигүл ЕРЖАНОВА, көпбалалы ана:
– Бес баланың анасымын. Келін болып түскенде жанымда екінші анам – енем де болған жоқ. Шыны керек, бастапқыда қиын­шылық көрдім. Уақыт өте келе үй тірлігін басқаруды меңгеріп алдым. Бүгінгі заманда келін боламын деушілерге бағыт беретін ұйымдарды ашу артық деп ой­лаймын. Әр қазақ аруының бойында «Мен келін боламын. Болашақ ана атанамын» деген ой қалыптастыру қажет. Барлығы тәрбиеге тіреледі. Ал тәрбие отбасынан басталады. Менің ойымша, бұл – бізге сын.

Сендер КАМУРАН, Түркия азаматы:
– Түр­кияда Келін тәрбиелеу ор­та­­лықтары жұмыс жасайды.
Қоғам­дық ұйымдар мемлекет тарапынан қаржыландырылады. Демеушілердің қолдауымен тіршілік ететін қоғамдық ұйымдар да бар. Бұл мекемелер бойжеткен қыздарға, келіншектерге ас әзірлеуден бастап, келін атқаратын шаруаларды жү­зеге асыруға бейімдейді. Сонымен қатар келіндер мектебі жұмыс орындарын ашып, бизнесті дөңгелетудің оңтайлы жо­лы деп білемін.

Түйін
Бейресми ақпараттарға сүйенсек, Қазақтанда әр үшінші отбасының соңы ажырасуға ұласады екен. Ал бір некенің орташа жасы 5 жылды құрайды-мыс. Алаңдатарлық жайт. Осындай жағдайдың қалыптасуына жаһандануға мойынсұнған заман септігін тигізуде. Бұл қолтаңбаны бүгінгі ұрпаққа қарап-ақ байқауға болады. Сырттан келген мәдениеттің әсерінен ұлттық мәдениетімізден алыстап жатқандаймыз. Сондықтан жазылмаған дала заңымен ұрпақ тәрбиелейтін ғұрыптық институттарды жандандыра түссе, ұтарымыз көп. Солардың бірі – келіндер мектебі. Бәлкім, осындай институттардың арқасында қазақтың қаһарман ұлы Бауыржан Момышұлының келіні Зейнеп Ахметовадай үлгі тұтар аналарымыз көбейер.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста