Отандық тележүргізуші Қайырбек Жәйлібекұлы әлеуметтік желідегі парақшасында солтүстік өңірдің сұлуларынан көңілі қалғанын, "түбі теріскейден тарайтын тартымдылардың" Маңғыстауға келін болып жарытпайтынын айтқан. Журналистің бұл пікірді ұстануына не себеп болды? Елорда аруларының оңтүстік қыздарынан қандай айырмашылығы бар? Осы сұрақтарға жауап табу үшін NUR.KZ тілшісі Жәйлібекұлының өзіне хабарласты.
Жұмыс бабымен елордаға қоныс аударған Қайырбек "әр жердің салты басқа" деген ұғымды енді түсінгенін айтады.
Анасының қолына жылы су құятын келін іздеген ол солтүстікте туған қыздардан әбден көңілі қалған екен.
"Бұл жақтың қыздары Маңғыстаудың келіні бола алмайды. Оны айтасыз, мұндағылар "келін" деген асыл ұғымды "прислуга" деп түсінеді. Мүмкін, менің тәрбием бөлек шығар, мен көрген еркекті сыйлау, қыз баланың қылығы, өзін ұстауы, сөйлеуі тым ерек пе, әлде?!", - дейді ол.
Тележүргізушінің елордалық аруларға мұндай көзқараспен қарауына нақты себептер бар екен. Оның бірі - осы уақытқа дейін кездестірген қыздарының беталды жат қылықтары болса, екіншісі - жалақыға көз жүгірткен бойжеткендердің 2-3 күнде әлеуметтік жағдайды зерттеп шығуы.
"Үйдің сүт кенжесі болғаннан кейін, анаммен тұратынымды бірден түсінген ол: "Ой, я что-то расхотела в Мангистау" дейді ғой. Құдды бір мен ұсыныс жасағандай. Құдай-ау, қыз-жігіт болып кездесіп жүрсек екен, бір сірә. Айтқандай, мұндағылар Маңғыстауда өмірлерінің быт-шыты шығып, күң болып жүреміз деп қатты қорқады. Сәлем салудан қашқақтайды. Одан не сескенетіні бар, түсінсем бұйырмасын",- дейді күйінген журналист.

Қайырбектің сөзінше, өзі жолықтырған бикештердің барлығы дерлік Астанада қалғанды қалайды. Осы тұрғыда журналист төркінге жақын болуды көздеген қыздардың жанұя құндылығына немқұрайлы қарауы мүмкін екенін алға тартады.
Одан бөлек, қазіргі қыздардың қылықтарына таң қалып жүрген тележүргізуші қазақтың қаракөз аруларын тиыммен ұстау қажеттігін, оң жақта отырып "өзі үшін" бала табатын бикештердің санын азайту керектігін айтты.
Ол барлығын "уақыт талабына" әкеліп тіреп, салтты ұмытып, "современный" болудың қажеті шамалы дейді.
Маңғыстауда туып, Алматыда ұзақ уақыт тұрған, артынша Астанаға қоныс аударған Жәйлібекұлы оңтүстік пен солтүстіктің қыздарын салыстыруға келгенде де тартына қойған жоқ.
"Қызық, мына жаққа келіп, Алматының қыздары дәстүрге берік пе деп қалдым. Жергілікті Алматының, оңтүстіктің қыздарымен отау құрған қаншама достарым бар. Үйлеріне бара қалсаң, береке бар дерсіз бірден.
Күйеулерін сыйлайтыны сезіліп-ақ тұрады, жігіттің сөзі – заң ол жақта, ал Астанада ер адамның мәртебесі сәл төмендеу сияқты.
Елордалық арулар салғыласып, сөз таластырады ғой. Оңтүстікте еркектер әйелімен бірге швабра алып жүрмейді, әйтеуір. Қит етсе, төркініне жүгіретін келіншектер де жоқ. Астананың қыздары өз үйіне жақын болғысы келеді, сондықтан тек өз өңірінен тұрмысқа кеткісі келеді", -деді ол
Өз сөзін қорытындылаған журналист келінге "келін" болып кетуден қорқатынын айтты.
Ол ақ босаға аттаған аруларға жұмыс істеумен қатар келіндік міндеттерін ұмытпау керектігін жеткізді.