Қамауға алынған ҰҚК экс-төрағасы Кәрім Мәсімов Нұрсұлтан Назарбаевтың күйеу баласы Тимур Құлыбаевқа қарсы куәлік етті, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Оrda.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл туралы «Нурсултанский соловей» telegram-арнасы хабарлайды.
Нұр-Сұлтанның үкімет дәліздерінде ҰҚК-нің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов Құлыбаевқа қарсы куәлік бергені туралы ақпарат таралуда.
Бұл айғақтардың егжей-тегжейлері белгісіз, бірақ олардың ел экономикасы мен оның энергетикалық қауіпсіздігіне елеулі зиян келтірген мұнай-газ саласындағы сыбайлас жемқорлық схемаларына қатысты екені анық.
Бұл туралы ресми мәлімдеме жоқ.
Арнаның мәліметінше, ҚазМұнайГаз саласында қызмет етіп жатқан Құлыбаевтың жақтастары елде жанармай отынынына тапшылықты қолдан жасап, саботаж жасап отыр.
Қазір елімізде дизель отыны тапшы, соған байланысты «ҚазМұнайГаз» АҚ-ның басшысы Мағзұм Мырзағалиев пен Энергетика министрінің орынбасары Әсет Мағауовқа қатаң сөгіс берілді. Оған қоса еліміз ресейден 100 мың тонна дизель отынын еріксіз импорттауына тұра келді.
«Мәсімовтың куәлік етуі мұнай-газ саласында Құлыбаев тарапынан ашық саботаж жүріп жатқанын растай түседі. Оның достары мен серіктестері Данияр Әбілғазин, Диас Сүлейменов, Болат Ақшолақов және Мырзағалиевтің қарсы жұмыс істеуі салдарынан елде дизель отынына тапшылық пайда болды. Бұл әсіресе егін ору науқанына кері әсер етіп отыр. Мұның барлығы Қаңтар оқиғасына қатысты Құлыбаевты жауапқа тартпау үшін жасалып отыр» делінген telegram-арна түйіндемесінде.