Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс азайып келеді

Сәуле САПАРАЛИЕВА, Әкімшілік полиция комитетінің ювенальды полиция бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі:

– Сәуле Мамырбекқызы, жа­сы­­ратыны жоқ, бүгінде кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдер қо­­лымен істелетін қылмыс та қо­ғам­ның бір өзек­ті дерті болып отыр. Ал мұндай «ерекше» қыл­мыс­керлермен күресетін полицияның бір құрамы сіздерсіздер. Айтыңызшы, жас­өспірімдердің бұ­ғанасы қатпай жатып, бас­бұ­зар­лыққа ұрыну се­беп­те­рін анықтау мақсатында жүр­гізген ке­шенді зерттеулер бар ма?
– Әлбетте, бар. Жалпы, кәмелетке тол­ма­ғандардың құқыққа қарсы әрекеттерін талдау-зерттеу нәтижелері жас­өс­пі­рім­дер­дің құқықбұзушылыққа, қылмысқа бейілді болып өсуіне әсер ететін негізгі алғышарттар бар екендігін көрсетті. Бірақ ол, бір жа­ғы­нан жаңалық та емес, бұрыннан бар теріс әсерлер. Атап айтатын болсақ, отбасындағы жайсыздықтар мен келеңсіздіктер, жас­өс­пі­рім балаларға нашар үлгі болатын мас­кү­немдік, нашақорлық, жезөкшелік, қайыр­­­­шылық, сонымен қатар отбасы тара­пы­­­нан тиісті дұрыс тәрбие мен бақылаудың болмауы кәмелетке толмағандардың ара­сын­дағы қылмыстық ахуалдың ең басты себепкері деуге болады.
Статистикалық деректер әрбір 19-ын­шы қыл­мысты кәмелетке толмағандар жа­сай­­ты­нын көрсетіп отыр. Олардың 80 пайыз­­дан астамы мүліктік-зорлық сипатта және 1,6 пайызы кісі өлтіру болып келеді. Алаң­­дау­шылық туғызатыны, қылмыс жа­са­ған кәмелетке толмағандардың 50 пайы­зы мек­теп, лицей, гимназия оқу­шы­ла­ры екен­дігі.
– Демек, отбасындағы тәрбие ғана емес, мектептегі ортаның ахуалы да се­бепші дейсіз ғой. Ал енді осы жас­өспірімдер арасындағы қылмыс 90-жыл­дары өршіп кеткен еді. Қазіргі ахуал қалай? Қылмыстың алдын алу мақ­сатында қандай жүйелі іс-шаралар ат­қарып жатырсыздар?
– Ішкі істер министрлігі жасөспірімдер қыл­мысын болдырмау, алдын алу ба­ғытында жүйелі жұмыс істеп келеді. Соның ар­қасында соңғы 10 жылда жасөспірімдер арасындағы қылмыстар санының өсу үрдісін 6-7 пайызға төмендетуге қол жет­кізілді. Осылайша, 2001 жылы кәмелетке тол­­мағандар сегіз мыңнан астам қылмыс жа­с­аса, 2010 жылы бұл көрсеткіш екі есе тө­мендеп, төрт мыңды құрады.
Ал енді нақты істерге тоқталатын бол­сақ, Ішкі істер министрлігі кәмелетке тол­ма­ғандар арасындағы құқық­бұ­зу­шы­лық­тар­дың ерте алдын алу, сондай-ақ балалар мен жасөспірімдердің құқықтық сауат­ты­лығын көтеру және заңға мойынсал мінез-құлық қалыптастыру мақсатында басқа да мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, тұрақты негізде акциялар өткізіп отырады. Мысалы, ағымдағы жылы «Түнгі қаладағы балалар», «Жасөспірім. Заң. Қауіпсіздік» жә­­не «Жұмыссыз отырма» акцияларын ұйымдастырып, оларға полиция қыз­мет­кер­лері, «Нұр Отан» ХДП, прокуратура, сот, білім беру органдары, ата-аналар ко­ми­тет­тері, үкіметтік емес ұйымдар және жер­гілікті атқарушы органдардың өкілдері бар, 13 мыңнан астам адам қатысты. Со­ны­мен қатар республикалық және өңірлік дең­гейде жүйелі түрде «Мектептердегі құ­қықтық тәртіп», «Отбасы және мектеп», «Мек­теп бітіру кештері» және «Жұмыспен қамту» жедел-профилактикалық іс-ша­ра­ла­рын да өткіздік.
Тағы бір айта кететіні, мүдделі мем­ле­кет­тік органдармен бірлесіп, Кәмелетке тол­мағандар арасындағы құқық­бұ­зу­шы­лық­тар профилактикасы бойынша 2010-2011 жылдарға арналған ведомство­ара­лық жоспар әзірленіп, қол қойылды. Ал соң­ғы үш жылда Ішкі істер министрлігі та­ра­пынан қоғамдық орын­­дарда алкогольдік ішімдіктер, оның ішінде сыра ішкені үшін жауап­кер­шілікті күшейту, сон­дай-ақ кә­ме­лет­ке тол­ма­ғандардың ойын-сауық ме­ке­ме­леріне ба­руына шектеу қою және түнгі уа­қытта тұр­ғын үй-жайдан тыс жер­лер­де жүр­гені үшін әкім­ші­лік жауапкершілік бел­гі­лейтін үш бірдей заң әзірленіп, қол­да­ныс­­қа енді.
Cол заңдардың негізінде биыл түнгі уа­қытта ойын-сауық орын­да­рына кәме­лет­ке тол­ма­ған­дар­ды кіргізгені үшін сондай 500-ге тарта ме­ке­менің ие­лері және 10 мыңнан астам ата-ана әкімшілік жауап­­кер­шілікке тартылды. Нә­ти­же­сінде, қабыл­дан­ған заңдар жалпы ахуалға оң әсерін тигізе бастады. Мы­салы, ағым­дағы жылы жас­өс­пі­рім­дер тарапынан түнгі уа­қыт­та істелген қылмыстар 30 пайыз­ға төмендесе, соның ішінде қоғамдық орындарда, кө­ше­де жасалған қылмыстар саны 33 пайызға азайды.
Бұл ретте, біз жас­өс­пі­рім­дерге қатысты ізгілендіру жа­ғын да ескеруіміз керек. 2010 жылдың 23 қарашасында Мем­лекет басшысы «Қазақ­стан Республикасының бір­қа­тар заңнамалық актілеріне ба­лалар құқығын қамтамасыз ету мәселелері бойын­ша өз­ге­рістер мен толықтырулар ен­гізу туралы» заңға қол қойды. Мұндағы өзгерістер кә­ме­летке толмағандарға қатыс­ты қыл­мыс­тық жаза саясатын ізгілендіруді, яғни ұр­лық, тонау және бопсалауға бай­ла­нысты жа­за қолданылатын жасты 14-тен 16-ға дейін көтеруді көздейді. Біздіңше, осы өз­герістің өзі де жасөспірімдердің құқықтық са­на-сезіміне дұрыс ықпал етеді. Өйткені кәмелетке толмағандар қылмыс жасаған кезде, оларды бас бостандығынан айыру ар­қылы жазалау мақсат етілмеуі тиіс. Мұның себебі – жастайынан ұзақ мерзімге оқшауланған балалар қалыпты қоғамның өмірінен тыс қалып, өздері үшін игі әсерлі болуы мүмкін ортамен бай­ла­ны­сын үзеді, екінші жағынан, бас бос­тан­дығынан айыру мекемелеріндегі жағдайға еті үйреніп, мінез-құлқы бұзылуы, қыл­мыс­тық әлемнің келеңсіз әдет-ғұрыптарына беріліп кетуі мүмкін.
– Қазір мектептердің жанында кә­ме­летке толмағандардың істері бойын­­ша полиция инспекторлары жұ­мыс істейтінін білеміз. Мектеп инс­пек­торлары қызметін енгізу қаншалық тиімді болды деп ойлайсыз?
– Дәл осы мектеп инспекторларын ен­гізу кәмелетке толмағандардың ара­сын­дағы қылмыстың алдын алуда, құқықтық тәрбие жүргізіп, жасөспірімдердің мінез-құлқындағы үрдістерді бақылап, байқап отыру тұрғысынан тиімділігін көрсетіп ке­ле­ді. Ал мектеп инспекторлары ең алғаш 2000 жылы пайда болды. Алдымен, тәжірибе ретінде Қызылорда облысының 10 мектебінде енгізілген осы «мектеп инс­пек­торы» бірден оң нәтиже көрсетті. Содан кейін осындай қызметті еліміздің барлық өңір­леріндегі мектептерде енгізу жұмыс­та­ры басталды. Қазір олардың саны 1596-ға жетті.
Мектеп инспекторларының қызметі бү­гін­де оқушылар арасындағы қылмыстың алдын алуға бағытталумен қатар, оларға дер кезінде құқықтық көмек көрсету жағын да қамтиды. Олар сондай-ақ оқу ор­нын­дағы моральдық-психологиялық ахуалдың беталысын анықтау үшін сауалнамалар жүргізіп, әлімжеттік жасау, ақша талап ету секілді келеңсіздіктерді анықтаумен де ай­на­лысады. Мысалы, осындай сауал­на­ма­лар­дың нәтижесінде былтыр әлімжеттікпен ақша талап етудің сегіз фактісі анықталды. Осының бәрі жалпы ахуалға оң әсерін ти­гізіп жатқанын 2010 жылы жасөспірімдер арасындағы әлгіндей қылмыс түрі 7,6 пайызға төмендегенінен-ақ байқауға бо­ла­ды.
Мектептерде полицияға көмек топ­та­ры­ның да құрылуы жалпы ахуалға жақсы септігін тигізіп жатқанын айту керек. Бүгінгі таңда бүкіл республика бойынша мұндай топтардың саны үш мыңнан, ал олардың құрамындағы оқушылардың саны 40 мыңнан асып кетті.
– Жөн екен. Ал енді осы мектеп инс­пек­то­ры болу екінің бірінің қолынан келе бер­месі анық. Оның жұмысы жас­өспірімдердің қа­лың ортасында жү­ре­тінін ескерсек, бұл қызметке келетін адам ар-ұждан тұрғысынан таза, мінез-құлқы дұрыс болуымен қатар, ба­лалармен тіл табыса алатын жұ­ғым­ды қасиетке де ие болуы керек сияқты. Осы жағы қалай? Мамандарды арнайы дайындықтан өткізесіздер ме?
– Иә, оныңыз рас. Біз мектеп инс­пек­тор­ларының осы уақытқа дейінгі қыз­мет­те­рінің тұтастай алғанда оң сипатта екен­ді­гін қуаттай отырып, бірінші кезекте олар­дың бойында оқушылармен тіл табыса алатындай қасиеттер болуы керектігіне баса мән беріп отырмыз. Сол себепті де біз еліміздің Білім және ғылым министрлігімен және АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігімен бірлесіп, «DARE – балалар есірткі мен қыл­мысқа қарсы» бағдарламасының аясында Астанада қанатқақты жоба ретінде мектеп инспекторларын оқыту шарасын өткіздік. Бо­лашақта мұндай шаралар жалғасын та­ба­ды деген ойдамыз.
– Әңгімеңізге рақмет!

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста