Ішіне қан кеткен, бас сүйегі сынған. Алматыда сырғанақ тепкен 4 бала ауыр жарақат алды

Ішіне қан кеткен, бас сүйегі сынған. Алматыда сырғанақ тепкен 4 бала ауыр жарақат алды

Алматыда сырғанақ тепкен 4 бала ауыр жарақат алды. Олардың бас сүйегі сынған, іш қуысы зақымдалған. Қан кету жағдайы болған, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Аstanatv.kz-ке сілтеме жасап.

Дәрігергер ата-аналарға ескерту жасауда. Қысқы демалыс кезінде балаларға өте абай болған жөн дейді. Қыс қызығының соңы қайғылы жағдаймен аяқталуы әбден мүмкін екенін айтады.

 

Шұғыл медициналық көмек көрсету орталығына ауыр жарақатпен 4 бала түсті. Олар сырғанақ пен мұз айдындарында көңіл көтеру барысында зардап шеккен. Төбешіктен жоғары жылдамдықпен сырғанап келе жатқан алты жасар бала басқа баламен соғысып қалған.

 

Мейіржан ҚҰРМАНАЛИЕВ, АЛМАТЫ БАЛАЛАР ШҰҒЫЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК ОРТАЛЫҒЫ ҚАБЫЛДАУ БӨЛІМШЕСІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ:

 

- Үш балада бас миының жабық жарақаты, бас миының соғылуымен, бас сүйектерінің сынығымен жатқызылды. Бір жағдайда баланың іш қуысының жарақаты, көк бауырдың жыртылуы, құрсақ ішілік қан кету диагнозымен келіп, бірден шұғыл түрде ота жасалды.

 

Шаңғы теуіп, сырғанаққа барудың қаупін елеусіз қалдыратын бала да, ата-ана да көп. Ойнап жүріп, абайсызда құлап, зардап шеккендер ауруханаға толасыз келіп жатыр.

 

Антонина ШЕФФЕР, АТА-АНА:

 

- Осы жерде, нейрохирургия бөлімінде балам жатыр. 2 күн бұрын түсті, басын соғып, талып қалған еді. Балалар сырғанау, шаңғы тебу кезінде бір-бірімен соғысып, құлап жатады. Бұл -өте қауіпті жағдай. Балаларға абай болу керек. Өз көзіммен көріп шошыдым. Кішкентай баланы сырғанайтын баллон ұшырып алып кеткенін көргенде қатты қорықтым.

 

Дәрігерлердің айтуынша, қыс мезгілінде балалардың құлап жарақаттанып қалуы көбіне керекті жабдықтың толық жиынтығы мен қорғаныс дулығасының болмауынан.

 

Бахыт ҚОЖАХАНОВ, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ БАС ШТАТТАН ТЫС БАЛАЛАР ТРАВМАТОЛОГЫ:

 

- Өздігінен жасалған горкалар ғой, не обарудованный. Сол себептен ата-аналар қараусыз болған жағдайда балалар көп жарақат алып қалады. Кейбір жағдайларда ол өте қауіпті, өте қатты асқынулар, қатты жарақаттарға алып келуі мүмкін. Кейбір жағдайда өлімге де алып келуі мүмкін. Өйткені балалардың бастарында шлем болмайды, денелерінде защитный құрал жабдық болмайды.

 

Мұз айдынында жарақат алған тағы бір науқас 16 жасар қыз қазір ауруханада жатыр. Оның бассүйек-миы жарақаттанған, миы шайқалған, төбе аймағы жұмсақ тіндері соғылған. Сондай- ақ Шымбұлақ тау шаңғысы курортында жасөспірім зардап шеккен. Оның да жарақаты ауыр дейді дәрігерлер.

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста