Ирактың адам құқықтары жөніндегі министрлігіне сілтеме жасаған Lenta.ru ақпарат құралы «Иракта «Ислам мемлекеті» жасақшылары секс-жихадтан бас тартқан 150 әйелді өлтірді» деп хабарлайды.
Басылым таратқан мәліметке қарағанда, өлтірілген нәзік жандылар арасында жүкті әйелдер де болған. Өлтірілген әйелдердің мәйіттері «Ислам мемлекеті» жасақшыларының бақылауындағы Әль-Анбар провинциясында табылған. Ел билігі олардың денесін бауырлдастар қабіріне жерлепті.
Секс-жихад – бұл «Ислам мемлекеті» жасақшыларына жыныстық қызмет көрсету болып табылады. «Ислам мемлекеті» жасақшылары Сирия мен Иракқа әлемнің түрлі елдерінен, оның ішінде Еуропа мемлекеттерінен де жас мұсылман қыздарды секс-жихадқа шықыруда.