Инженер болуға неге икеміміз жоқ?

Абай ОМАРОВ (коллаж)

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауындағы жаңа индустрияландыру стратегиясын жүзеге асыру ісінің қолға алынуына байланысты, елімізде заман ағымына сай білікті кадрлар, техникалық интеллигенцияның жаңа буынын дайындау мәселесі барынша өткір сипатқа ие болып отыр. Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму бағдарламасының алғашқы онжылдық үшін белгіленген талабы орындалды. Енді Елбасымыз еліміздің 2020 жылға дейінгі индустриялық-инновациялық даму стратегиясын ұсынды. Мұндағы басты міндет шикізат сату ғана емес, оны өңдеу ісіне келіп тіреледі. Демек, экономикалық дамудың ендігі қозғаушы күші дамыған адам ресурсы болып табылады. Бұл ретте заманауи инженер мамандардың алар орны ерекше болмақ.
Қазір Білім және ғылым министрлігі тех­ни­калық мамандықтарға көптеп көңіл бөліп, осы салаға мем­лекеттік тапсырысты көбейтіп отыр. Өйткені Үдемелі ин­дустриялық-ин­но­ва­циялық даму бағдарламасын жүзеге асыру үшін бізге 108 мыңға жуық маман қажет екен. Оның ішін­де инженер мамандарына де­ген сұраныс 12 мыңнан асады. Мұнымен қоса еліміздегі ше­телдік компаниялар мен ұлт­тық холдингтер өздеріне ке­ректі ма­ман­дар­дың көбін шетелден шақыртып отыр­ғанын ескерсек, отандық ин­женерлерге деген сұ­ра­ныс­тың қаншалықты ар­тып тұрғанын аң­ға­ру­ға болады. Бірақ өкі­ніш­тісі сол, біздің ЖОО-лардың көбі са­палы инженер ма­мандарды дайындай ал­май отыр.
Жұмажан ЖАҢБЫРОВ, техника ғылымының докторы, профессор:
– Өкінішке қарай, еліміздегі техникалық университеттердің болашақ инженер ма­ман­­дарды даярлау деңгейі өте төмен қар­қын­да келе жатыр. ЖОО-лардың мате­риал­дық-техникалық базасы, дәріс беру ісі көп артта қалып қойды. Ол – ол ма, Кеңес үкіметі кезінде бүкіл әлемге танылған  Қ.Сәтбаев атын­дағы Қазақ ұлттық тех­ни­ка­лық уни­вер­си­теті мен Әл-Фараби атын­дағы ҚазҰУ-дың материалдық-техникалық базасы ескі. Бүгінгі заман талабына сай емес. Енді мемлекеттік ЖОО-лардың өзі осын­дай дәрежеде тұр­ған­да, жекеменшік жоғары оқу орындары ту­ра­лы не айтуға болады? Бір сөзбен айтқанда, қа­зіргі уни­вер­ситеттердің жағдайымен Ел­ба­сының қойып отырған талабына сәйкес ғы­лыми жұ­мыс жүргізу мүмкін емес.

Онымен қоса ҰБТ жолға қойыл­ға­лы бері, мысалы, журналистика, өнер саласын таңдаған талап­кер­лер­дің шығармашылық қабілетін сынап емтихан аламыз да, ал ин­же­нерлік мамандықтарға тап­сыр­ған үміт­кер­лер­дің сол салаға бейімі, қы­зы­ғушылығы бар-жоғын анық­тап жат­паймыз.
ҰБТ-дан кездейсоқ жоғары балл алып, грантқа түскен, бірақ техникалық ма­мандыққа ебі де, құлқы да жоқ үміт­керлер топ-тобымен ЖОО-ға түсіп, еш құл­шыныссыз, ұмтылусыз-ақ қолына диплом алып шығады. Мүмкін, техникалық, әсіресе инженерлік мамандықтарға тапсырған та­лап­керлердің сол салаға қызығушылығын, шығармашылық қабілетін анықтау үшін қо­сымша емтихан алған дұрыс шығар. Сон­дай-ақ көптеген ЖОО-да, тіпті ұлттық университеттердің өзінде техникалық ма­ман­дықтарды оқытатын оқу құралы, толық­қанды жазылған оқулықтар жоқ. Көбі – ескі, 70-80-жылдары шыққан оқу­лық­тар. Енді техникалық университеттердің материалдық базасын, оқу құралдарын толықтамай жатып, қалай білікті маман даярламақпыз? Әрине, оқулықтарда фи­зи­ка, математика, химияның заң­ды­лық­тары әрқашан сақталады. Бірақ оны іске асыру технологиясы үнемі өзгеріп тұ­рады емес пе? Қазір техника, технология де­ген­деріңіз күн сайын өзгеріп отыр. Мәселен, таяуда техникалық университетті бітіруші бір топ жас маман өндірістік тәжірибеден өтуі үшін зауытқа барғанда, ондағы тех­ни­каны көріп таңғалған. «Біздің кітаптан оқыған бірде-бір техника мұнда жоқ», – дейді олар. Сондықтан ЖОО-лар көп­те­ген өндіріс орнымен, зауыттармен, ғы­лы­ми-зерттеу институттарымен келісімшартқа оты­рып, студенттердің тек теориялық жа­ғынан емес, тәжірибе жағынан да шыңдалуына көмектескені қажет-ақ болып тұр. Оның үстіне, білікті кадр дайындау үшін білімді ұстаз қажет. Алайда біздегі ЖОО-ларда жаңа техникалық маман­дық­тарға бейімделген білікті ұстаздар өте аз. Қазақ­стан ғылымында кадрлардың қар­тайып бара жатқандығын халықаралық сарап­­шы­лар да айтып жүр. Енді 60-70-80 жасқа келген ғалымдардың бірен-сараны бол­ма­са, басым көбінің күнбе-күн өзгеріп жатқан жаңа технологиялардың барлығын сарап­та­мадан өткізіп, елеп жатпайтыны белгілі. Ал ескі техникамен дәріс алған жас маман түрлі зауыттардағы жаңа станоктарға жақындай ала ма? Егер оны қалай қол­да­нуды білмесе, зауыт басшысының да ондай маманды жұмысқа алмайтыны айдан анық.
Міне, осындай себептерге байланысты еліміздің экономикасының дамуы үшін ауадай қажет болып отырған техникалық саланың сапалы мамандарына зәру болып отырмыз. Сондықтан тиісті орындар жо­ға­рыдағы көтерілген мәселелерді ескеріп, мұны шешудің кешенді шараларын қолға алса, дұрыс-ақ болар еді.
Орталық Азия университетінің Машина жасау және көлік институты директоры, техника ғылымының докторы, профессор Жұмажан Жаңбыровтың айтуынша, бұл саланы дамыту үшін БАҚ өкілдері әншілерді қалай жұлдыз қылып көтерсе, инже­нер­лерді де солай ардақтауы қажет. Онсыз болмайды. Қазір екі өлең айтса, кез келген әнші жұлдыз болып шығады, ал бәлен жыл уақытын сарп етіп, жаңалық ашып, ғы­лым­ға үлес қосып, жаңа технология ойлап тапқан өнертапқышты ешкім танымайды. Табысы да аз. Сондықтан бұл жерде қо­ғам­дық көзқарас өзгеруі керек. Өнер­тап­қыш­тардың әрбір ашқан жаңалығын көрсетіп, жарнамалап, ал өндіріске енбей отырған ғылыми жұмыстардың өмірге енуі үшін БАҚ өкілдері, жалпы қоғам барынша атсалысуы қажет. Сонда ғана ғылым да­миды, өндіріс алға басады.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста