Даму жолындағы алғышарттар мен қайшылықтар Үй шаруашылықтары үшін интернет желісіне кеңжолақты қатынау қазіргі уақытта интернетке қатынау нарығы өсуінің негізгі драйвері болып табылады. Корпоративтік сегментте «күштердің орналасуындағы» салыстырмалы тұрақтылық пен айқындылық интернет-провайдерлерді «үйдегі» тұтынушылар нарығын белсенді игеруге итермелейді. iKS-Consulting бағалауы бойынша 2010 жылдың бірінші жартыжылдығының соңында Қазақстанда интернет желісіне кеңжолақты қосылысы бар үй шаруашылықтарының саны1 685 мың шамасында болды, бұл ену көрсеткішіне іс жүзінде 14% сәйкес келеді.
Үй шаруашылығы сегментіндегі КЖҚ абоненттерінің саны, 2007-1Н2010
Ақпарат көзі: iKS-Consulting
Источник: iKS-Consulting
Осылайша 2010 жылдың бірінші жартысында үй шаруашылығы сегментіндегі КЖҚ абоненттері санының өсімі 2009 жылғы жылдық өсімнен асты, тиісінше 205 және 165 мың абонент.
Біздің пікірімізше, нарықтың мұндай шапшаң дамуына провайдерлермен қатар тұтынушылар белсенділігі ықпал етеді. Провайдерлер бір оператордың қызметтерін кешенді тұтынуға ынталандыратын түрлі акциялар мен арнайы пакеттік ұсыныстарды іске қосуда. Өз кезегінде бірқатар себептерге орай, клиенттердің үйден қосылу жылдамдығы мен сенімділігіне қатысты талаптары да анағұрлым күшейіп келеді. Тұтынылатын контенттің «ұлғаюынан» (нақты уақытта видео қарау, музыка, фильмдерді, БЖ көшіріп алу) «үйдегі офис» жағдайында жұмыс істейтіндер саны да артты. Мұны ішінара экономикалық дағдарыстың оң әсеріне жатқызуға болады; қоғамда қашықтан ыңғайлы жұмыс істеу мүмкіндіктері жиі талқылануда: өз уақытын пайдалануды оңтайландыру мен тиімділігін арттыру, қосымша кіріс алу, жүктілік демалысы кезінде жұмысты жалғастыру мүмкіндігі және т.б.
Республика көлемінде нарықтағы бәсекелестік туралы айту әлі ерте – «Қазақтелеком» АҚ қызмет көрсететін үй шаруашылықтарының саны айтарлықтай жоғары. Қазақстанның әрбір ірі қаласында «үй желісін» ұйымдастырушы үш-төрт жергілікті интернет-провайдер бар, алайда олар арагідік сипатқа ие. Ал солтүстік астана мен оңтүстік астана нарығындағы бәсекелестік қазірдің өзінде айқын көрініс табуда. Өңірлік нарықтарды кезең-кезеңмен игеру қазақстандық ерекшелік болып табылмайды. Бұл – түрлі елдердің нарығында орын алып отырған салалық логика. Орталық қалаларда енгізілген шешімдер кейіннен өңірлерге таралып, өңірлік даму шешімінің жан-жақты пысықталуы арқасында ол анағұрлым жоғары қарқынмен жүзеге асуы мүмкін. Осылайша Алматыдағы нарықты белгілі бір ықтималдықпен басқа өңірлерде жүзеге асырылатын модель ретінде қарастыруға болады, себебі Алматыда Қазақтелекомға бәсекелес бола алатын операторлар республикалық ауқымға ие және олардың Қазақстанның түрлі өңірлерінде біршама үлестері бар.
Алматыда үй шаруашылығы сегментінде кеңжолақты интернет-қатынаудың негізгі жеткізушілері мыналар: «Қазақтелеком» АҚ (Megaline және ID Net ), Beeline, Алма ТВ, ICON, Digital TV. Бұл операторлар қалалық «көппәтерліктердегі» өз қатысу үлестерін белсенді түрде күшейтуде, сондықтан көптеген алматылық отбасылардың кемінде екі провайдер арасында таңдау жасауына мүмкіндігі бар.
iKS-Consulting бағалаулары бойынша 2010 жылдың орта шенінде үй шаруашылығы сегментінде КЖҚ нарығының көлемі нақты алғанда 170 мың абонентке жуықтады. Нарықтың ойыншылары бойынша құрылымы мынадай түрге ие:
Алматы қ. операторлар бойынша үй шаруашылығы сегментінде КЖҚ нарығының құрылымы, 1П2010-07-19
Источник: iKS-Consulting
«Қазақтелеком» нарығының үлесі басым, алайда балама провайдерлер үлесіне іс жүзінде нарықтың бестен бір бөлігі кіреді, ал бұл – айтарлықтай үлкен үлес.
Бәсекелестік – нарық пен тұтынушылар үшін жайлы деген пікірмен ешкім дауласа қоймас. Алайда қандай да бір ұсынысқа байланысты шешім қабылдау оңай мәселе болмайтыны рас.
Біз тұтынушыға осы орайда оңтайлы шешім қабылдауға көмек көрсету үшін Алматыдағы негізгі КЖҚ провайдерлерінің ағымдағы ұсыныстарына талдау жүргіздік. Талдау барысында қазіргі уақытта қызметті жеткізуші мен тұтынушы арасындағы негізгі коммуникация құралы болып табылатын ресми сайттарда орналасқан жоғарыда берілген операторлардың бөлектелген интернет-қатынауын қосу шарттары туралы жалпыға қолжетімді ақпаратты пайдаландық.
Ең жақсы бағаны іздеу жолында
Шешім қабылдауда баға түйінді факторлардың бірі болып табылады. Әсіресе бөлектелген интернет-қатынауға абонент алғаш рет қосыларда бағаның алар орны зор. Бүгінгі күні операторлар кең спектрлі тарифтік жоспарларды ұсынады. Қызметті тұтынудың нақты көлемін бағалайтынымен қатар, бекітілген ай сайынғы төлемақыны көздеп, қызметті қарқынды пайдалануын ескермейтін лимитсіз тарифтік жоспарлар бар. Пайдаланушылар көбінесе үнемдеу үшін абоненттік төлемі төмен және тегін қосатын тарифтік жоспарды таңдайды. Мәселен, ІСОN-ның Trinity 256 тарифтік жоспары бір көргенде анағұрлым тартымды болып көрінеді – ай сайынғы абоненттік төлемақысы бар-жоғы 900 теңге. Алайда оператор абоненттік төлем шотына трафиктің 200 Мбайтын ғана ұсынады. Ал бұл электронды поштамен жұмыс істегеннің өзінде де жетер-жетпес. Қосымша трафик құнын ескере келгенде, айына 500 Мбайт тұтынатын абонент осы тарифтік жоспар бойынша 3600 теңге төлейді (төменде берілген тарифтер кестесі ең төменгі абоненттік төлемі бар тарифтік жоспардың «үнемділігіне» қатысты тұжырым жасауға мүмкіндік береді).
Бұл ретте үй пайдаланушысы айына 2000 теңгеге 20 Мбит/с дейінгі жылдамдықта интернет желісіне қосыла алады. Мұндай мүмкіндікті Вееlinе өз абоненттеріне «Скоростной 2» тарифтік жоспарымен ұсынады. Бүгінгі таңда 20 Мбит/с – бұл үйден интернет желісіне қатынаудағы ең үлкен жылдамдық. Мұндай жылдамдық нақты уақытта жұмыс істейтін қосымшаларды пайдалану үшін өте қолайлы. Мұндай жылдамдықта трафикті оңай өндіруге болады. Билайнның «жылдам» тарифтік жоспарларының абоненттері абоненттік төлемге қосылып, жұмсалмаған трафик көлемін келесі айда пайдалана алады (қызметтерге ақы төлеу бойынша оператордың талаптарын орындаған жағдайда), бірақ мұндай жылдамдықта «шектеліп қалу» мүмкін емес. «Скоростной 2» абоненттік төлем шотында бар болғаны 2 Гб қарастыратындықтан, бір айдағы қорытынды шотқа болжам жасау мүмкін емес, яғни қалған трафикке қосымша ақы төлеу керек.
Еш қиындықсыз 10 Гб игеретін абоненттер үшін «Megaline Turbo» тарифтік жоспары анағұрлым тиімді ұсыныс болып табылады. Turbo абоненттері 8 Мбит/с дейін интернет желісіне қатынау жылдамдығына ие болатындығына қарамастан (сөзсіз 20-дан төмен, бірақ айтарлықтай аз емес), 5845 теңгеге тең абоненттік төлем есебінен сыртқы трафиктің 20 Гб (!) көшіріп ала алады. Бұл – Қазақтелеком желісінің ішкі ресурстарының трафигін есепке алмағандағы жағдай.
Тұтынатын трафик көлемінің бағасы көрсетілген негізгі интернет-провайдерлердің тарифтік жоспарлары:
Трафикті белсенді тұтынуға ынталандыратын ғаламдық желіге қатынаудың мегабитті жылдамдықтарын операторлардың қамтамасыз етуі жағдайында интернетті пайдалану шығындарын бақылап, жорамалдау өзектілікке айналуда. «Үй интернеті» бір уақытта бірнеше адам пайдаланатын отбасы қызметі болғандықтан, жоғарыдағы «қызықты математика» жаттығулары отбасы бюджетін бей-берекет етіп, діңкелететіні анық. Лимитсіз тарифтік жоспарларды пайдалану осы проблеманы шешуге мүмкіндік береді. «Лимитсізге» деген нарық мүддесін асыра бағалау қиын. Трафик есептелінбейтін, өз атын толық ақтаған «Megaline Hit» тарифтік жоспарын енгізу бірнеше жыл бұрын нарықтың күрт өсуіне және үйден қосылуға деген жаппай сұраныстың артуына алып келді.
Кабельдік ТВ операторлары – Алма-ТВ және Digital TV жоғарғы жылдамдық шегін тұрақты сақтай отырып, өз абоненттерін интернет желісіне шектеусіз қатынаумен қамтамасыз етеді. Бірақ олар ұсынатын тарифтік жоспарлар шеңберінде интернет желісінің сыртқы ресурстарына қатынау жылдамдығы 1 Мбит/с-тан аспайды. Ал қазір 1 Мбит/с-тан аз жылдамдықты қанағат тұтпай, одан да жоғары жылдамдықты қажет ететін пайдаланушылар саны өсуде. Осылайша бүгінгі күні Megaline-ның негізгі бәсекелесі «Интернет дома» қызметімен Вееlinе болып табылады. Орташа алғанда, екі оператордың тарифтері мен шарттары шамалас. 2 Мбит/с дейінгі жылдамдықта Лимитсіз 3900 тарифтік жоспарымен Вееlinе-дікі тиімдірек. Бұл ретте екі оператор айына 4600 теңгеге жоғары жылдамдықта қосылуды ұсынады (салыстырмалы кестені қара.).
Соңғы жылы белгілі мақсатты тұтынушылар топтарына арналған арнайы лимитсіз тарифтік жоспарлары енгізілген. Операторлардың саралап жіктелген тарифтік саясаты нарықтың белсенді өсуін көрсетеді. Операторлар адрестік қосымшалар есебінен оны кеңейтуге талпынуда. Арнайы тарифтік жоспарлардың арасында Megaline Start пен Megaline Turbo Plus-тың алар орны зор. Start-ты «әлеуметтік жоба» деп атауға болады. Осы тарифтік жоспарды енгізгеннен кейін интернет желісіне лимитсіз қосылу айына кем дегенде 2000 теңгеге мүмкін болды. Өмір салты «онлайнға» айналған жанның көңілінен Turbo Plus әбден шығады. Оның 8 Мбит/с дейінгі ең жоғарғы жылдамдығын ADSL арқылы қамтамасыз етуге болады және бұл жылдамдық сыртқы ресурстармен қатар, оператор желісінің ішкі ресурстарына да сақталынады. Қазақтелекомның желіішілік ресурстарына қатынаудың барынша ықтимал жылдамдығы пайдаланушының қандай трафик көлемін өндіретініне қарамастан, өзгеріссіз қалатынын атап өткен жөн (кейін бұл ненің арқасында мүмкін екенін қарастыратын боламыз). Осылайша «турбо» арналарының пайдаланушылары «ауыр» контентпен жеңіл алмасып, онлайнда бейнені көріп қана қоймай, өздерінің геймингтік немесе хостингтік серверлерін де ұйымдастыра алады. Мұндай мүмкіндіктерге бекітілген ай сайынғы төлем арқылы қол жеткізуге болады.
Алайда тәжірибелі интернет пайдаланушылар арасында «жылдамдық ешқашан артық болмайды» деген пікір кең таралған. Пайдаланушы неғұрлым талғампаз болса, желінің өткізу мүмкіндігіне қоятын талаптары да соғұрлым жоғары болады. Бүгінде операторлардың талшықты-оптикалық желілерді белсенді салуы және оған тұтынушылардың жаппай көшуі телекоммуникация саласын дамытудың әлемдік тенденцияларының бірі болып табылады. Интернетте видео көру, радио тыңдау немесе «компьютерден» телефон шалу пайдаланушылар арасында барынша кең таралып, барынша дамыған (xDSL) қатынау технологиялары өткізу мүмкіндігіне қойылатын талаптардың күшею қарқынына ілесе алмай келеді. Олардың орнына FTTx технологиялары, атап айтқанда, FTTH (Fiber-To-The-Home, Оптика үйге дейін) келуде. Талшықты-оптикалық байланыс желіжолдарын пайдалану желідегі деректер беру жылдамдығы шегін арттырады. Қазақстанда мұндай желілерді ұлттық ауқымда салуды Қазақтелеком мен Beelinе бастады. Осындай желілердің салынуы арқасында түбегейлі жаңа жылдамдық деңгейіне шығу мүмкін болды. Бұл орайда Қазақтелекомның ID-Net қызметін атап өтуге болады. Сыртқы ресурстарға қатынау жылдамдығы 2 Мбит/сек дейін болған кезде оператор желісі ішінде деректермен алмасу 100 Мб/с жылдамдықта қамтамасыз етіледі. Бұл Қазақстанның әртүрлі қалаларындағы пайдаланушылардың компьютерлері арасындағы деректермен алмасу жылдамдығы жергілікті офистік немесе үй желісіндегі екі компьютердің әрекеттесетін жылдамдығына ұмтылады дегенді білдіреді.
Негізгі интернет – провайдерлердің лимитсіз тарифтік жоспарлары
Тарифті саралау
Көріп отырғанымыздай, негізгі бәсекелестердің «жоғары жылдамдықты» тарифтік жоспарлар бойынша бағалары айтарлықтай шамалас. Осы жерде қызметті ұсынудағы ерекшеліктер зор маңызға ие болады. Бұл ретте барлық Mеgaline тарифтік жоспарлары тегін болып табылатын оператордың ішкі ресурстарына қатынауды көздейді (бұл Казнеттің басым бөлігі) және белгілі деңгейге жеткеннен кейін сыртқы ресурстарға қатынау жылдамдығы төмендейтін трафик көлемі есепке алынбайды.
Мұнымен қоса, желіішілік ресурстарға қатынау жылдамдығының тұрақтылығы да маңызды және ол абоненттің бір ай ішінде өндірген трафигіне байланысты емес. Қалай дегенмен Қазақтелеком желісінің ішкі ресурстарына қатынау жылдамдығы өзгеріссіз қалады – 1 Мбит/с дейін және көшіріп алынатын трафик көлемін ескермейді. Бұл пайдаланушыға трафиктің шекті көлеміне жеткенімен де, қазақстандық серверлерден фильмдерді көшіруіне, ал желідегі ойындарды қалайтындарға – виртуалды ойын алаңдарында басқа қазақстандықтармен бірге жоғары жылдамдықта ойынды жалғастыруына мүмкіндік береді. Осының арқасында Қазақтелекомның ID Net Motor жаңа тарифтік жоспарының абоненттері үшін сыртқы ресурстарға қатынау жылдамдығының төмендеуі тек шартты жағдай болып қала береді, яғни сыртқы трафиктен 40 Гб және одан да көп көшіргенде ғана төмендейді! Бұл шарт аталған оператордың желісінің пайдаланушылары арасында трафиктің тегін және есепке алынбауы жағынан өте қолайлы. Желі өскен сайын пайдаланушы контенті де ұлғайып, түрленетіні айқын. Beeline әзірге желінің ішкі және сыртқы ресурстарына қатынауды бөлек есепке алмайды, тек абоненттің жалпы өндірген трафик көлемін есептейді. Тиісінше желінің барлық ресурстарына бағытталған трафиктің шекті көлеміне жеткенде қатынау жылдамдығын төмендетеді. Beeline және Megaline желісінің абоненттерінің әзірге трафик есебінсіз өзара трафикпен алмасуға мүмкіндігі жоқ. Бұл мәселе бойынша операторлардың келісімге келуі жақын болашақ ісі болатынына сенім артамыз.
Пакеттік ұсыныстар
Жаңа жылдамдық деңгейінен басқа, FTTx базасында ұйымдастырылатын жаңа буын желілері пайдаланушыларды көптеген зияткерлік сипаттамалары бар заманауи қызметтер кешенімен қамтамасыз етеді. Бұл қызметтер пайдаланушының ағымдағы қажеттілігіне қарай, өз бетінше пакетке қызметтерді қосуына немесе одан алып тастауына, қызметтің параметрлерін өзгертуіне мүмкіндік береді.
Кеңжолақты қосылу интернетке қатынаумен қатар, IP-телефония және IP-TV қызметтерін кешенді пайдалануға жол ашады. Қазақтелекомның кең өріс алып жатқан жаңа талшықты-оптикалық желісі ID Net, ID-TV, ID Phone, ID-Host қолданыстағы қызметтерін ID брендіне біріктіру үшін жасалуда.
Бұл ретте пайдаланушылар қосымша мүмкіндіктер мен онлайн-сервистерден басқа, аталған қызметтерді кешенді пайдаланудан экономикалық тиімділік көруі қажет. Бұған операторлардың пакеттік ұсынысы дәлел бола алады. Ол бүгінгі күні клиент үшін күрестегі басты факторлардың бірі екені анық.
Осылайша Қазақтелеком қызметтерін қосу кезінде (телефон желісі+бөлектелген Megaline арнасы+ ID-TV цифрлық телевидениесі) бөлектелген желі және ТВ қосу үшін төлем алынбайды, ал телефон желісі 50% жеңілдікпен қосылады. Мұнымен қоса, интернет пен телевидениеге қосылған Қазақтелеком абоненттері абоненттік төлемнен 10%-дан аса үнемдейді.
Сондай-ақ ICON абоненттерді компания қызметтерін кешенді пайдалануға ынталандырады. Интернет-қатынау және ТВ қызметтерін кешенді пайдалану кезінде ТВ қызметін пайдаланғаны үшін абоненттік төлемге 50% дейін жеңілдік беріледі.
Барлық қызметтер үшін оператордың клиентке бірыңғай шот беруі кешенді ұсыныстардың қолайлылығы болып табылады. Бұл орайда барлық дерлік операторлар өз қызметтерін алдын ала төлем шарттары бойынша жүргізсе, ал Megaline және ID Net абоненттеріне кредиттік сұлба бойынша қызмет көрсетіледі, яғни олар тұтынған қызметтері үшін есепті айдан кейінгі айда төлейді.
Қорытынды
Әлемдік интернет-қатынау нарықтарын салыстыру қазақстандық нарықтың технологиялық жағынан ғаламдық трендтерге сәйкес дамып келе жатқанын көрсетеді. Операторлар ең жоғары қатынау жылдамдықтарымен қамтамасыз етуге талпынуда, тарифтерді жоспарлы түрде төмендетуде.
Сенімді желі салудан басқа, клиенттердің деректер алмасудағы қажеттіліктерін белгілі бір орында ғана емес, олардың талабы бойынша қанағаттандыра отырып, серіктестік қарым-қатынас құру ұзақ мерзімді табыс кепілі екенін әлемдік тәжірибе көрсетіп отыр. Олай болса, қазақстандық операторлардың өсу және жетілу жолындағы мүмкіндіктері зор.